Трамп Нобель сыйлығын ала ма?

Бұл апталық Швеция астанасында физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреатын жариялаумен ашылады, деп хабарлайды Belta.by.
Басқа номинациялар бойынша жеңімпаздар да алдағы күндері белгілі болады.
Нобель комитетінің физика бойынша шешімі 7 қазанда жарияланады. Сондай-ақ 8 қазан күні химия, 9-ы күні әдебиет, Бейбітшілік сыйлығының лауреаты 10 қазанда Ослода белгілі болады.
1968 жылы Швеция Ұлттық банкі құрған Экономика ғылымдары бойынша Альфред Нобель сыйлығының лауреаты 13 қазан күні жарияланады.
Еске салсақ, бұған дейін 7 ел АҚШ президенті Дональд Трампты Нобель сыйлығына ұсынуды қолдады.
Ал қыркүйекте Шнобель сыйлығының қызық зерттеулері жарияланған еді.
Abai.kz