Сейсенбі, 7 Қазан 2025
Жаңалықтар 122 0 пікір 7 Қазан, 2025 сағат 13:55

Иранда хиджаб киюді міндеттейтін заң күшін жойды

Сурет: forbes.ru сайтынан алынды.

Енді хиджаб кимеген әйелдерге айыппұл, жаза немесе заң жүзінде ешқандай шектеу қолданылмайды.

Ел билігі осындай тоқтамға келді. 2022 жылы Иранда 22 жастағы Махса Аминидің қазасынан кейін ел бойынша жаппай толқулар басталған еді. Оны хиджабты дұрыс тақпады деген сылтаумен әдеп полициясы ұстап әкеткен болатын. Сол кезде көптеген әйел хиджабтарын шешіп, оларды өртеп, наразылық білдірген.

1930 жылдардың ортасынан 1979 жылға дейін Иран әйелдерінің құқықтары сақталды. Олардың білім алуға, күйеуінің рұқсатынсыз жұмысқа орналасуға, үкіметтегі түрлі лауазымдарға сайлануға және сайлауға қатысуға құқығы болды. Әйелдің киіміне қатысты ешқандай талап қойылмады.

Алайда Ислам революциясынан кейін әйелдердің құқықтары шектелді. Міндетті түрде орамал тағу, жабық киім кию талабы пайда болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 703
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9504