Өңірлерде жылу беру маусымы уақтылы басталды

Өңірлердің басым бөлігінде жылу беру маусымы уақтылы басталды: Олжас Бектенов халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесін қадағалауды тапсырды7
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елімізде жылыту маусымының басталуына қатысты мәселелер талқыланды. Ағымдағы жағдай туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндады.
Бүгінде өңірлердің басым бөлігінде жылу беру маусымы уақтылы басталды. Республиканың оңтүстігінде жылу бекітілген кестеге сәйкес және ауа райына байланысты беріледі. Өткен Үкімет отырысынан бері 1 энергоблок, 10 қазандық, 12 турбина, 29 шақырым жылу желілері, 828 электр желісі және 16 қосалқы станса жөнделді. Премьер-министр өңір әкімдеріне жылу беру маусымын тікелей бақылауға алуды тапсырды.
«Жылу көздеріндегі барлық жоспарлы параметрдің сақталуын, отынның нормативтік қорын қадағалап отыру қажет. Резервтік жабдықтардың әзірлігін қамтамасыз етіңіздер. Коммуналдық қызметтердің жөндеу бригадалары кез келген жағдайға шұғыл әрекет етуге тиіс. Сондай-ақ халыққа арналған көмір бағасының тұрақты болуын да бақылауда ұстау қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бақылау мен үйлестіру – Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярда.
Abai.kz