Сәрсенбі, 8 Қазан 2025
Жаңалықтар 141 0 пікір 8 Қазан, 2025 сағат 15:00

Әуе кемелері қауіпсіздік стандарттарына сай келмейді!

Сурет: parlam.kz сайтынан алынды.

Бүгін Мәжіліс отырысында депутаты «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Темір Қырықбаев Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевқа әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы жолдаған депутаттық сауал жолдап: «Науқастарды тасымалдайтын әуе кемелері қауіпсіздік стандарттарына сай келмейді», - деді.

Біз аталған депутаттық сауалды оқырман талқысына ұсынамыз...

Темір Қырықбаев:

– Қазақстан Республикасының аумағында бүгінгі күнге дейін 1981 жылы сериялық өндірісі тоқтатылған кеңестік Як-40 жолаушылар ұшағы әлі де пайдаланылып келеді.

Қазіргі уақытта бұл әуе кемелерінің жасы 44-тен 55 жасқа дейін жетіп отыр, яғни аймақтық авиацияның әлемдік паркінің орташа шекті жасынан екі есе ескі (15–20 жылдан аспау керек).

Як-40 ұшақтарының ресурсы таусылған, олар өткен ғасырдың 60-шы жылдары жасалған АИ-25 қозғалтқыштарымен жабдықталған, ал 1980 жылдардың соңында бұл қозғалтқыштардың өндірісі тоқтатылған. 2022 жылдан бастап «Мотор Сич» кәсіпорны қирауға ұшырады, жабдықтардың бір бөлігі демонтаждалды. Осылайша, қазіргі уақытта АИ-25 қозғалтқыштары мен оларға арналған сертификатталған қосалқы бөлшектердің өндірісі тоқтатылған, ал халықаралық жеткізілімдер мүлде жоқ.

Як-40 ұшақтары Халықаралық азаматтық авиация ұйымының «ICAO» қазіргі заманғы шу мен шығарындыларға қойылатын талаптарына сәйкес келмейді. Мұндай ұшақтарды пайдалану Еуропалық Одақ аумағында 2002 жылдың 1 сәуірінен бастап тыйым салынған.

Алайда, елімізде қауіпсіздік стандарттарына сай келмейтін Як-40 әуе кемелері санитарлық авиацияда, яғни пациенттерді тасымалдап жүр, бұл адам өміріне қауіп төндіреді емес пе?!

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңының 4-бабына сәйкес негізгі мақсаттар – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекеттің мүдделерін қорғау және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

«ICAO» халықаралық стандарттарына сәйкес келмейтін ұшақтардың пайдаланылуын жалғастыру мемлекетіміздің халықаралық беделін, яғни әуе қауіпсіздігі қағидаттарына адалдықты жариялаған ел ретіндегі имиджін төмендетеді.

Жоғарыда айтылғандарды және мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, мынадай шараларды қарастыруды сұраймын:

Бірінші. Як-40 әуе кемелері адам өміріне қауіп төндіруіне байланысты Қазақстан Республикасында бұл ұшақтарды одан әрі пайдалануды тоқтату.

Екінші. Осы жылдың соңына дейін Як-40 әуе кемелерін кезең-кезеңімен пайдаланудан шығару кестесін ұсыну.

Үшінші. Ескірген әуе кемелерін «ICAO» халықаралық стандарттарына сәйкес келетін заманауи әуе кемелерімен ауыстыру бағдарламасын әзірлеп, оны бекіту.

Төртінші. Қоршаған ортаға және мемлекеттің мүдделеріне қатер төндірмейтін ұшақтармен қамтамасыз ету.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 738
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9671