Бейсенбі, 9 Қазан 2025
Жаңалықтар 144 0 пікір 9 Қазан, 2025 сағат 15:09

Жаңа құбыр: Ресей Қазақстанға газ тасымалдайды

Сурет: rbc.ru сайтынан алынды.

"Ресей Қазақстанға газ тасымалдайды: жаңа құбыр салу жөнінде меморандумға қол қойды", - деп жазады Азаттық раидосы.

8 қазанда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр және ресейлік "Газпромның" жетекшісі Алексей Миллер жаңа газ құбыры жобасын жүзеге асыру жөнінде меморандумға қол қойды.

"Ресейден Қазақстанға қарай жаңа магистралды газ құбыры жобасын жүзеге асыру жөнінде келісімге қол қойылды. Құжатта Орынбор газ өңдеу зауытының жаңартылатын нысандарында Қарашығанақ газын өңдеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер белгіленген" деп жазылған "Газпромның" сайтында.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Еуропаға газ тасымалдау мүмкіндігінен айырылған Ресей жаңа нарықты іздей бастаған. Былтыр Ресей президенті Владимир Путин Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияевпен Ресей газын Өзбекстанға тасымалдау бойынша келісімге қол қойған. 2024 жылы Ресейден Өзбекстанға 5,6 млрд текше метр газ тасымалданған, алдағы уақытта бұл көрсеткіш 11 млрд текше метрге жетеді деп айтылады. Бұған дейін халықаралық басылымдар газ экcпортының дағдарысы Кремль үшін әлі де маңызды болып отырғандықтан Мәскеудің Ресей газын Солтүстік Қазақстанға да тасымалдауға күш салып отырғанын жазған. Батысында мұнай-газ қорына бай Қазақстанның солтүстік өңірі әлі күнге дейін газбен қамтамасыз етілмеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 767
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9763