Сейсенбі, 14 Қазан 2025
Аласапыран 227 0 пікір 13 Қазан, 2025 сағат 16:03

Мысыр саммиті: Таяу Шығыста бейбітшілік орнай ма?

Сурет: news.ru сайтынан алынды.

Бүгін Мысырдың Шарм ел-Шейх қаласында Таяу Шығыс елдері бойынша орасан зор саммит өтеді. Мысыр президенті Абдул Фаттах ас-Сиси мен АҚШ президенті Доналд Трамп саммитке тең төрағалық ететін болады.

Саммитке Тұран әлемінен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен бірге 20 елдің көшбасшысы немесе жоғары лауазымды өкілдері қатысады. Бұл тарихта алғаш рет өткізіліп отырған саммит десек ақиқаттаың аулынан алшақ кетпейміз. Себебі бұған дейін Таяу Шығыста мұндай ауқымдағы бейбітшілік саммиті өткізілген жоқ.

Бұл саммит өтуі Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыстың ақыр соңында аяқталып, бітімге қол жеткізілуінің арқасында мүмкін болды. Бұл саммитке Израиль мен ХАМАС қатыспайды. Бірақ оған Ислам елдерінен өзге Батыс Еуропа елдерінен де көптеген мемлекеттер қатысады.

Кездесуге мүмкіндік берген бітімгерлікті АҚШ президенті Доналд Трамп әзірлеп ұсынды, бірақ оған Ислам ынтымақтастығы ұйымы мен Араб мемлекеттері лигасына мүше 8 елден тұратын топ зор ынтамен қатысып, оған түркі елдері ішінде Түркия мезгіл-мезгіл төрағалық етеді.

АҚШ президенті Доналд Трамп Израиль премьер-министрі Бинямин Нетаняхуды атысты тоқтатып, бейбітшілікке келудің ырқына көндіруге тырысып жатқан шақта, Ислам әлемі атынан өкіл болып табылатын осы 8 ел  ХАМАС-ты атыс тоқтатуға келісуге сендірде білді.

Бір жағынан – Израиль өзінің жалғыздығын сезінді, екінші жағынан – ХАМАС жеке сопайып қалатынын ұғынды.

Саммитке кімдер қатысады?

Мысыр Президентінің мәлімдемесіне сәйкес, саммит түстен кейін Шарм ел-Шейхте «бейбітшілік саммиті» атты конференц-орталығында өтеді.

Саммит «Газа секторындағы соғысты тоқтатуға, Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерді күшейтуге және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықтың жаңа парағын ашуға» бағытталып отыр.

Қатысушылар:

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған,

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев,

Иордания патшасы Абдалла II,

Бахрейн патшасы Хамад бин Иса,

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф,

Үндістанның сыртқы істер вице-министрі Вардан Сингх,

Иран президенті Месут Пезешкиян,

Палестина автономиясы төрағасы Абу-Мазен (Аббастың өзі),

Германия канцлері Фридрих Мерц,

Франция президенті Эммануэль Макрон,

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер,

Испания премьер-министрі Педро Санчес,

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони,

Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис,

Кипр президенті Никос Христодулидис,

Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта,

Катар, Сауд Арабиясы, БАӘ және Индонезия саммитке қатысады.

Иранның жартылай мемлекеттік Тесним ақпарат агенттігінде жарияланған хабарламада Иранның бірде-бір шенеунігі саммитке қатыспайтыны айтылған.

Израиль премьер-министрінің кеңсесі Израильдің саммитке қатыспайтынын жариялаған кезде Палестина әкімшілігі де саммитке қатысу туралы мәлімдеме жасаған жоқ.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антонио Гутерриште осы саммитке қатысады.

Саммитте Газадағы соғысты тоқтату туралы құжатқа қол қойылады. Сонымен бірге Газаның гуманитарлық мәселесі де сөз болып, қираған Газаны кім қалпына келтіреді деген сұрақ басты сауалдың бірі ретінде алға тартылады. Оған қатысты кеше АҚШ-тың вице-президенті Джей Ди Вэнс: «Газаны Таяу Шығыстағы араб елдері қалпына келтіруі тиіс», - деп мәлімдеген еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 856
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10005