Дүйсенбі, 20 Қазан 2025
Жаңалықтар 128 0 пікір 20 Қазан, 2025 сағат 14:33

Ауыз судың тарифі арзандай ма?

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда халықты 100 пайыз таза ауызсумен қамту мақсатында елді мекендерде су құбыры жүйелерін салу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, мемлекет тек ауызсу мен кәріз жүйелерінің сапасын жақсартып қана қоймай, су тарифін төмендету бағытында да нақты шаралар қабылдап отыр.

Су кодексі талаптарына сай, ауызсуды жеткізу қызметінің құнын субсидиялау – мемлекеттік қолдаудың негізгі тетіктерінің бірі. Бұл халықтың ауызсуға қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді, — деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Жүнісбековтің айтуынша, осы бағыттағы қолдауды қамтамасыз ету үшін министрлік үш маңызды нормативтік-құқықтық актіні бекіткен:

  • Ауызсуды жеткізу қызметінің құнын субсидиялау қағидалары;
  • Ауызсудың бір текше метрінің өзіндік құнын есептеу әдістемесі;
  • Елді мекендердің су жүйелерін субсидиялау тізіміне енгізу критерийлері.

Бұл шаралар елдің барлық өңірінде тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді ауызсу жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1000
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10306