Дүйсенбі, 20 Қазан 2025
Жаңалықтар 169 0 пікір 20 Қазан, 2025 сағат 20:24

«Капитан Байтасов» көркем фильмі үлкен экранға жол тартады

Сурет: vechastana.kz сайтынан алынды.

Мәдениет және Ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» бірлесе отырып түсірген әрі шынайы оқиғаға негізделген «Капитан Байтасов» көркем фильмі 23 қазаннан бастап үлкен экранға жол тартады.

Фильмнің желісі сонау 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында елді дүр сілкіндірген ауыр оқиғаны баяндайды. Қару-жарақ дүкеніне жасалған қарулы шабуыл соңы қайғылы жағдайға ұласып, бейбіт тұрғындар арасында үлкен үрей туғызды. Жихадизм идеясын ұстанған қылмыскер бірнеше қарулы шабуыл жасап, соның салдарынан қауіпсіздік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаза тапты. Оқиға соңында ол өзін-өзі жарып жіберіп, қайғылы жағдаймен аяқталды.

Сол күн халық жадында полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың есімімен мәңгі сақталды. Ол өз өмірін құрбан етіп, ондаған адамның өмірін сақтап қалды. «Капитан Байтасов» - дәл сол ерліктің естелігі. Фильмде батырдың рухы, отан алдындағы адалдығы мен қызметтік борышына деген берік сенімі шынайы бейнеленген.

Драма мен экшн жанрындағы көрерменді терең ойға жетелейтін көркем туындының режиссері әрі сценарий авторы — Даурен Қамшыбаев.

Басты рөлдерді қазақстандық танымал актерлер Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Асан Мажит, Дархан Сүлейменов, Қобыланды Болат және Самал Еслямова сомдайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1010
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10313