Сенбі, 25 Қазан 2025
Көкмұнар 280 0 пікір 24 Қазан, 2025 сағат 12:24

Қазақстанның жаны – оның рәміздерінде!

Сурет: assembly.kz сайтынан алынды.

Қазақстан көпғасырлық тарихы бейбітшілік пен соғыс, қайғы мен қуаныштан тұратын - әлемдегі ең ірі ел. Біздің ата-бабаларымыз біздің аспанымыз ашық болуы үшін қаншама рет рет жан беріп, жан алысты және отаршылардың басқыншылығына болашақ ұрпағының азаттығы үшін төзулерне де тура келді!

Елімізде көптеген маңызды мерекелер бар, олардың бірі - жыл сайын 4 маусымда атап өтілетін Рәміздер күні. Мерекенің басты мақсаты - азаматтарға Қазақтың мемлекеттік рәміздерінің маңыздылығы мен мән-мәнісін, олардың тарихын үнемі құрмет тұтуға баулу. Бүгінде Қазақстанның рәмізі бүкіл әлемге танымал, оны еліміздің әр саналы азаматы көкке көтере құрмет қылып, кеудесін кере мақтаныш етеді. Бұл мереке сонымен қатар балаң жүректерге патриоттық сезім оятып, ел-жұртын бәрінен жоғары қоюға тәрбиелейді. Мемлекеттік рәміздердің қалай пайда болғанын, олардың мағынасы қандай екенін мектептегі сабақтардан молынан білуге болады.

Қазір, мысалы, Қазақстанның мемлекеттік туын пайдалану тақырыбы өте өзекті.  Тіпті жалауды қалай және қайда ілуге болатынын, оны жария іс-шаралар, митингілер, жиналыстар, басқа да акциялар кезінде қалай пайдалануға болатыны да билік тарапынан халыққа жете насихатталып жүр.

Осы орайда Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 4 маусымында Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу кезінде айтқан мына сөздерін келтіре кеткеніміз орынды: «Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі жөніндегі заңнаманы күшейту маңызды. Сонымен бірге, жастармен жан-жақты түсіндіру жұмысын жүргізген жөн. Бұл – бүкіл қоғамның міндеті. Осы орайда, бүгінгі салтанатты іс-шараның тәрбиелік мәні өте зор. Ту көтеру – аса маңызды оқиғаларға орай жасалатын ерекше рәсім. Халқымыз тарихи таңдауын жасайтын сәтте алып байрағымыздың көкте желбіреуін жақсы ырымға балаймыз».

Еліміздегі қоғам белсенділері басқа да жастар бірлестіктеріндегілер үнемі өзге отандастарымызбен бірге әлеуметтік желілерде патриоттық челлендждер өткізіп, олардың барысында қазақстандық ту, елтаңба және әнұранның пайда болу тарихы туралы әңгімелеп, осы тақырыпқа қатысты сұрақтар мен викториналар өткізіп, оған қатысқан жеңімпаздарға сыйлықтар мен марапаттар табыс етеді. Осының бәрі, біздіңше, Мәдениет және спорт министрлігі осының бәрінің басы-қасында болып, жастарымыздың бойында патриотизмді тәрбиелеуге септігін тигізіп келеді. Осы орайда айтпағымыз, бізді өрімдей жас жігіттер мен қыздарымыздың бұл тақырыпқа барған сайын қызығушылық танытып отырғаны қуантады. Әрі түрлі деңгейдегі Рәмізге қатысты іс-шараларға белсенді қатысушылар санының артуын да дәлел қыла кетпекпіз.

Сонымен қатар, еліміздегі түрлі клубтар да билік ұйымдастырған шаралардан бөлек өз алдарына «Тәуелсіздік туын көтеріп» ұранымен веложарыстарды жиі өткізіп тұрады. Жас қоғам белсенділері өз құрдастарына республиканың мемлекеттік рәміздерінің мағынасы мен маңызын, олардың баршамыз үшін маңызын түсіндіру арқылы патриоттық тәрбие беру жұмыстарын одан әрі жалғастыруға ниетті екенін күнделікті өмірден көріп жүрміз.

Қазақстанда адамдар нәсіліне, ұлтына және дініне қарай бөлінбейді, барлығы достық пен бейбітшілікте өмір сүреді. Қазақстанда тұратын этностардың мәдени және ұлттық салт-дәстүрлерді іске асыру үшін тең мүмкіндіктері бар. Барлық халықтардың тарихи мұрасына құрмет көрсетіледі. Осының ішінде барылығ үшін басты орнада - Рәміздеріміз тұрады.

Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерден тұратндықтан ұстаздар қауымы өз басшылығына алған сыныптарындағы оқушылардың мемлекетік рәміздеріміз туралы білімдерін толықтырып, құрметтеуге үйретуден еш жалықпай келеді. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі сондықтан Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше екенін ешкім жоққа шығармйады.

Аталғана мақаламызды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Қасиетті нышандарымызда қазақтың мың жылдық арман-тілегі, мақсат-мұраты түгел тоғысқан. Ту халқымыз үшін қашанда ерлік пен елдіктің символы саналған. Көк түріктер заманында бабаларымыз бөрілі байрақтың төңірегіне топтасты. Қазақ хандығының туы бүкіл ұлтты ұйыстырды, ел бірлігін бекемдеді. Ал, өткен ғасырда арыстарымыз «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» деп халыққа жігер берді.   Көне дәуірден мирас болған осы дәстүр ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнге жетті.   Қазақ елінің көгінде Ұлы даланың айбынын асырған Тәуелсіздік туы желбіреді. Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді. Әрқайсымыздың кеудемізге мақтаныш ұялатады. Өйткені, бұл – бабаларымыздың орындалған арманы», деген тәлімді сөзімен аяқтағымыз келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1092
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10510