Пікір: Республика күні – ең басты ұлттық мереке!
Республика күні бәріміз үшін ұлы мереке. Өйткені әлем елдерінде Республика күні ең басты ұлттық мереке болып тойланады.
Еліміздің жаңа саяси басшылығы құқықтық жүйені қалыптастыру арқылы, әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесін ескере отырып, демократиялық институттар құру жөнінде табанды жұмыстар жүргізіп келеді. Тарихи даму көкжиегіміз көрсетіп отырғанындай, мемлекет құрудың шешуші кезеңдерінде жүргізілген реформалардың сәттілігі халқымыздың жүрегінде осы тарихи күнді ұялатып берді. Әрине, мұның бәрі ұлтқа жетекшілік етуші тұлғаға байланысты екені анық. Бүгінгі таңда біз Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың орасаң зор рөлін атап айтқанымыз абзал.
Қазақстан – Еуразиялық құрлығының орталығында, ұлы Сарыарқаның ортасында өзінің қайталанбас өрнегімен, құрылыс қарқынымен сенімді қадамы арқылы тұрақтылық пен прогрессті орнықтырды. Осы арқылы ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде инновациялық-индустриалық даму стратегиясын жүзеге асырып келеді.
Биыл Қазақстан Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын атап өтуде. Бүгінде Қазақстан өз дамуының жаңа сапалы кезеңінде тұр. Біз әлемдегі бәсекеге анағұрлым қабілетті елдердің қатарынан орын алдық. Бұл күн бәріміз үшін ұлы мереке болуы тиіс.
Тәуелсіздіктің құны да, сапасы да ешқандай бағамен өлшенбейді. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин: «...Қазақ халқы азбаған, табиғаты таза халық. Оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды», - деп айтқан болатын. Біз, Қазақстанда тұратын этнос өкілдері өзімізді осы топырақта тұрып жатқанымызды мақтан етеміз. Республика туын көтере отырып, біз, Қазақ мемлекетінің Тәуелсіздігіне жол ашылғанына қуана білдік. Сол күннен бастап, туған жерге құт келді. Ғасырға бергісіз жүріп өткен жолымыз қаншалық ауыр болғанымен, сол тәуелсіздікті баянды ету елге де, ел тағдырын ойлаған ерге де соншалық сын болды.
Қазіргі таңда біздер, ұлы жетістіктерге қол жеткіздік. Тәуелсіздік алуымызбен бірге бүгінде жаңарған Қазақстанның жаңа өмір кезеңдері, тіпті керек десеңіз, оның жаңа тарихын жасауға атсалысуға тиіспіз. Біз оны ешуақытта ұмытпауға, естен шығармауға тиіспіз. Бұл – ұлттық мақтанышымызға лайықты ұлағатты үлкен іс.
Елімізде Тәуелсіздіктің құны да, сапасы да ешқандай бағамен өлшенбейді. Біз әлемдік қауымдастықта терезесі тең толыққанды тұтас мемлекетпіз. Дүниежүзілік кауымдастықтың белсенді мүшесіміз. Қол жеткізген жетістігіміз –тәуелсіздігіміздің нығаюы.
Тәуелсіздік бүкіл ата-бабаларымыздың асқақтаған арманы еді, сол үшін қазақ даласында өмір сүріп жатқан халықтардың Республика туының астында бір сапта тұруы тиіс. Тәуелсіздіктің арқасында ынтымағымыз бен бірлігіміз жарасып, керегесі кең елге айналдық. Елімнің қай қиырында еңбек етсем де менің негізгі мақсатым – ұрпағымның осы елге, осы топыраққа тағзым етуін көруімнен тұрады. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің биік шыңы.
Біздің алдағы кезеңдегі мақсат-мұратымыз – Тәуелсіздігімізді бұдан да тұғырлы етуге барынша үлес қосу. Бәрінен бұрын егемен ел мүддесін жоғары ұстап, ақыл-парасатымыз бен қажыр-қайратымызды жаңару мен кемелдену жолына жұмылдыру.
Рафик Мирзоев,
Қазақстан халқы ассамблеясы қорының төрағасы
Abai.kz