Жұма, 7 Қараша 2025
Жаңалықтар 150 0 пікір 7 Қараша, 2025 сағат 14:49

Ғарыштағы қытайлықтар жерге қашан қайтады?

Сурет: Толқын сайтынан алынды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ғарыш кемесінің капсуласы ғарыштағы қоқыспен соқтығысып, зақымданған.  

Қытайдың "Шэньчжоу-20" миссиясына қатысып жатқан үш ғарышкер орбитадағы апат салдарынан Жерге қайта алмай қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта ғарышкерлер – Чэнь Дун, Чэнь Чжунжуй және Ван Цзе  Қытайдың орбиталық "Тяньгун" станциясында қалып отыр. Олардың кемесіне қатысты зақымның деңгейін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Экипаж бұған дейін ғарышта 6 ай уақыт өткізіп, ғылыми тәжірибелер мен ашық ғарышқа шығу жұмыстарын жүргізген. Енді олар көлік жүйесіндегі ақау жойылғанға дейін станцияда қалуға мәжбүр.

Abai.kz

0 пікір