Дүйсенбі, 17 Қараша 2025
Жаңалықтар 169 0 пікір 17 Қараша, 2025 сағат 13:08

Израиль: Палестина мемлекеті құрылмайды!

Сурет: aa.com.tr сайтынан алынды.

Израиль тәуелсіз Палестина мемлекетін құру мүмкіндігін жоққа шығарды.

Израиль министрлері қазір БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде талқыланып жатқан Газа секторы бойынша палестиналықтардың өз тағдырын өзі шешу және өз мемлекетін құру құқығын көздейтін қарар жобасын үзілді-кесілді қабылдамады.

Израиль сыртқы істер министрі Гидеон Саар: «ХАМАС, Хезболла және Йемендік хуситтер Израильді жою ниеті туралы ашық айтып жатқан «ерекше жағдайда» өмір сүрудеміз», - деді.

Қорғаныс министрі Израиль Кац үкіметтің бұлжымас ұстанымын атап өтті: «Палестина мемлекеті құрылмайды», - деді.

Abai.kz

0 пікір