Бангладеш экс-премьерді өлім жазасына кесті
Дүйсенбі күні Бангладеш соты бұрынғы премьер-министр Шейх Хасинаны сырттай өлім жазасына кесті.
Оған 2024 жылдың жазында өткен наразылықтарды басу үшін адамзатқа қарсы қылмыстар жасады деген айып тағылды. Экс-премьермен бірге бұл қылмыстық іс бойынша бұрынғы ішкі істер министрі Асадузаман Хан Камал да өлім жазасына кесілді.
Енді Бангладештің уақытша үкіметі Үндістаннан бұрынғы премьер-министр Шейх Хасинаны елге беруді сұрап отыр. Екі мемлекет арасында экстрадиция бойынша келісім бар. Былтыр Үндістанға қашып кеткен 78 жастағы Хасина үкімді саяси қудалау әрі әділетсіз екенін айтты. Ол Бангладеш үкіметін 1996-2001, кейін 2009-2024 жылдары басқарды.
Abai.kz