Қырғызстан «орыс әлемінің» бір бөлшегі екен!
Қырғыз вице-премьері Еділ Байсалов бүйдейді:
– Біреулерге бұл сөзім ұнай қоймас, бірақ, бүгінгі Қырғызстан – орыс әлемінің бір бөлшегі. Біз, бәріміз ақпаратты әуелі орыс тілінде аламыз, орыс тілінде ойланамыз, орыс әдебиетімен тәрбиелендік. Кейбіреулер біздің бұдан арылғанымызды қалайды. Ал мен болсам, орыс әлемінің бір бөлшегі болғанымды мақтан тұтам, - депті.
– Олар біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді толық құрметтейді. Мен бірнеше мәрте өзім куә болғанмын, олар біз десе шын жанашыр, біз үшін шынымен күйетін адамдар, - депті.
– Жоғарғы Кеңесте қайсыбір депутат орысша сөйлеген шендінің сөзін бөліп, тоқтатуы дұрыс емес. Ол қытайша сөйлеп тұрған жоқ, Қырғызстанның ресми тілінде сөйлеп тұр. Кез келген мемлекеттік тұлға кез келген орында орыс тілінде сөйлеуге құқылы, - депті.
– Орыс тілі – тек Ресейге тиесілі тіл емес. Ол қырғыз халқына да тиесілі тіл. Біз сол тілде ойланып, сол тілде кітап жазамыз. Ақпараттың 75 пайызын орыс тілінде аламыз. Бізге орыс тілін мәжбүрлеп үйретудің қажеті жоқ. Өйткені, біз орыс тілін Мәскеуге жағыну үшін емес, жүрегіміздің төрінде болғаны үшін сүйеміз, - депті.
Осыларды естіген Ресей БАҚ-тары жерден жеті қоян тапқандай мәз болып жатыр екен...
Abai.kz