Жұма, 5 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 118 0 пікір 5 Желтоқсан, 2025 сағат 14:03

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар арнайы шот ашуы тиіс!

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды.

Реттеуші ұсынған құжат 22 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.    

Ұлттық банк банк шоттарымен және қолма-қол ақшасыз төлемдермен жұмыс істеу ережелерін жаңартады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлттық банк орталық банк шоттарды ашу және жүргізу, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлемдер ережелерін өзгертетін қаулы жобасын әзірлеп, көпшілік талқысына шығарды.

Өзгерістер ғылыми және технологиялық жобаларды гранттық қаржыландыру кезінде қаражатты пайдалануды бақылауды күшейтуге бағытталған.

Атап айтқанда, эскроу-шоттар гранттық жобалар бойынша контрагенттермен тікелей есеп айырысу үшін пайдаланыла алады – бұл қаражаттың мақсатты жұмсалуының ашықтығын және бақылауын арттырады.

Сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жаңа салық кодексіне сәйкес арнайы банк шоттарын ашып, жаңа салық режимі шеңберінде операциялар жүргізе алады.

Abai.kz

0 пікір