Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2606 0 пікір 14 Қазан, 2009 сағат 09:55

Журналистердің назарына!

16 қазан 2009 жылы сағат 11.00 Мәдени саясат және өнертану Институты «ӘДЕМІ-АЙ plus» компаниясымен бірлесе отырып, «Ұлттық кәдесыйдың  мәдениеттегі алар орны» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Ұлттық өнеріміздің алтын, күміс, және асыл тастардан зергерлік бұйымдар жасау өнері, қола мен мыстан, тері мен ағаштан жасалған бірегей туындылары болашаққа аманат етіп апарылатын баға жетпес асыл құндылықтардың бірі. Мұндай киелі өнер ешқашан өлмек емес. Қазақ халқы - өзінің ұлан байтақ жеріндегі ежелден қалыптасқан көне мәдениеттің мұрагері  және сол дәстүрді жалғастырып дамытушы ел. Ол өзінің рухани және материалдық мәдениеті болып табылатын өміршең асыл мұраларын дүниеге келтіріп, жоғалтпай жаңғыртып ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отырған.  Қазіргі кезеңде елімізің ертеден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық мәдениет пен өнеріміздің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш - керуеніне ілестіріп отыру өскелең өмір талабы болып отыр.

Қолөнер - барлық ұлттарда ескіден келе жатқан өнер. Дегенмен, қазақ қолөнерінің ерекшелігі оның өзіндік өрнегінде. Адамзат тарихының күре та­мыры мәдениет болса, мәдениеттің күре тамыры - адам баласының ақыл-ойы мен қимыл-қаракеті дү­ниеге әкелген ғажайып рухани және материалдық құндылықтар. Кез келген  халықтың  өзге ешбір жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзгеше тағдыр-талайын айқындайтын, салт дәстүрі  мен әдет ғұрпын бейнелейтін,  түптің түбінде, сол жауһар жәдігерлер.

Мәдени Институт болғандықтан негізгі міндетіміз - сан жылдар бойы тарих қойнауында жасырынып жатқан төл тарихымызбен мәдениетіміздің жәдігерлерін халыққа таныстыру - парызымыз. Тәуелсіздікке қол жеткізген 18 жылдың Қазақ елі  еңсесін тіктеп, керегесін бекітіп, болашағын баянды етуде көптеген жұмыстар атқарып келеді. Халқымыз қолөнерді ертеден қастерлеп бағалай білген. Бүгінде технология жетістіктеріне көз ілеспейтін жаһандану дәуірінде шеберлер көз майын тауысып жасаған қолөнердің алатын орны ерекше. Алтын-күміс, қола мен мыстан, тері мен ағаштан жасалған осындай бірегей дүниелер жоғары сұранысқа ие. Атадан балаға ұласып келе жатқан осы дәстүрді жалғастырып, зергерлік өнердің жалпы қол өнер бұйымдарының мәні мен маңызын халқына таныстырып, кеңінен насихаттап жүрген елімізде белгілі тұлғалар аз ғана.

Солардың бірі - ««ӘДЕМІ-АЙ plus»» компаниясының президенті Бахаргүл Төлеген. «Әдемі-ай» компаниясынан шыққан бұйымдар белгілі бір тақырыптарға арналған.  Мысалы:  «Қазақ елі» монументі, «Тәуелсіздік» монументі, «Қазақ батырлары», халқымыздың аяулы перзенттеріне арналған «Н.Назарбаев», «Д.Қонаев», «А.Құнанбаев» т.б., «Асығың алшасынан түссін»  кәдесыйлар топтамасы, «Алтын адам», «Домбыра», «Тайқазан, «Шаңырақ», «Фемида», «Барыс», «Сүйінші», одан басқа әр түрлі тақырыптағы картиналар мен тәрелкелер топтамасы, бүгінгі заманымызға қолайлы фреш-брелоктарда да ұлттық нақыштағы дүниелер бар.

Өтетін орны:

Алматы қаласы, Достық даңғылы, 15

Мәдени саясат және өнертану Институы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5388