Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 981 0 пікір 9 Желтоқсан, 2025 сағат 16:16

Автожолдарды цифрландыру қалай жүріп жатыр?

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында жүк тасымалдау саласын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Smart Cargo платформасы осы жылдың қазан айында іске қосылғанын атап өтті. Платформа мемлекеттік органдардың сервистерін біріктіреді. Бүгінде мемлекеттік органдардың 30 сервисімен интеграция аяқталды. Платформаны дамыту шеңберінде мемлекеттік және жеке секторлардың тағы да 47 қосымша сервисін интеграциялау жоспарлануда.

«Бүгінде жүктердің орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік бар. ЖИ-көмекшілер пайда болды. Сондай-ақ қосымша мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі қарастырылған. Шекарадан өту үшін транзиттік декларацияны автоматты түрде шығару қолжетімді болатын "жасыл дәлізді" енгізу бойынша жұмыс жалғасуда», — деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.

Министр салаларды цифрлық трансформациялау нәтижесі автожолдардың өткізу қабілетін 20%-ға арттыратынын айтты. Автокөлікпен өткізу пункттерінің өткізу мерзімі шамамен 10 минутты құрайды. Жасанды интеллект технологиясын енгізу пойыздарды құру және жоспарлау уақытын 6 есе азайтып, әуежайларда жүктерді өңдеуді 1 сағатқа дейін қысқартады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2520
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 688
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 660