Сейсенбі, 23 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 122 0 пікір 23 Желтоқсан, 2025 сағат 15:44

Песков: Келіссөзде ешқандай ілгерілеу жоқ!

Сурет: tass.ru сайтынан алынды.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзінен ресейлік «Известия» басылымы үзінді келтіреді.

Ол Майамиде Ресей мен АҚШ өкілдері арасында өткен келіссөзде «ілгерілеушілік болды» деп айта алмайтынын жеткізді.

«Бұл әлі де аяқталмаған жұмыс Біз алдымен өте мұқият, сарапшылар деңгейіндегі жұмыс процесі болады деп айттық қой», - деді баспасөз хатшысы.

Бұған дейін АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф Ресей өкілдерімен келіссөздің «конструктивті»өткенін айтқан еді.

Abai.kz

0 пікір