Сейсенбі, 23 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 106 0 пікір 23 Желтоқсан, 2025 сағат 16:00

2026 жылы кімдер декларация тапсырады?

Сурет: ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда бірнеше жұмысы бар және табысы жоғары азаматтар келесі жылдан бастап салық декларациясын тапсыруға міндеттеледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жаныбек Нұржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, егер азаматтың бір жылдағы жиынтық табысы 36 млн теңгеден (айына шамамен 3 млн теңге) асса, ол жеке табыс салығын прогрессивті шкала бойынша төлейді және декларация тапсыруы керек.

Қазір жеке табыс салығының мөлшерлемесі барлығы үшін бірдей – 10%. Алайда 2026 жылдан бастап жаңа Налог кодексіне сәйкес екі деңгейлі жүйе енгізіледі:

  • жылдық табысы 36,7 млн теңгеге дейін (8 500 АЕК) – 10%;
  • осы сомадан асқан табысқа – 15%.

Егер адам бірнеше жерде жұмыс істеп, жылдық табысы белгіленген шектен асып кетсе, жұмыс берушілер 36 млн теңгеге дейінгі табыстан 10% ұстайды. Ал артық түскен сомаға қосымша 5% салықты азаматтың өзі декларация арқылы төлейді.

Жаныбек Нұржановтың айтуынша, бұл талап ең алдымен жоғары жалақы алатын және бірнеше табыс көзі бар азаматтарға қатысты. Декларация тапсыру – олардың жеке жауапкершілігі болады.

Abai.kz

0 пікір