Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа тұжырымдамасы
Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді
Тұжырымдама Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі дамытуды көздейді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз — әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді. Құжатта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында елді ұйыстыруға бағытталған жаңа қағидаттар мен тәсілдер қарастырылған, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы — егемендік тарихындағы айтулы оқиға екенін айтты.
Abai.kz