Дүйсенбі, 12 Қаңтар 2026
Қазақтың тілі 162 0 пікір 12 Қаңтар, 2026 сағат 13:49

Қамыптық сауаттылыққа қол жеткізейік, Қазақтар!

Сурет: ЖИ арқылы жасалды.

Қазір тіліміздің жазу бойынша сөйлейтін, кейде бірінші буынға акцент түсіретін «Сарыарқалық» – Солтүстік қазақтары, біршама сөйлеу тілі бойынша жуан сөйлейтін – «Оңтүстік-Батыстық» және – жіңішке сөйлейтін «Оңтүстік-Шығыс» қазақтарының тілдік ерекшелігі байқала бастады. Сондай-ақ, кейінгі айтылған екі топтың ішінде жазу тілімен сөйлеу бел ала бастады.

Қазір қай тілшіден сұрсаң да: «қазақта диалекті болмаған» деп шыға келеді. Тек жуан-жіңішке әуезенің бар екенін олар: Сәлеметсіз бе, Саламатсыз ба-дан көрінетінін ескермейді. Жергілікті ерекшелік деп түк болмағандай кері ысыра салатыны жасырын емес. Мәселен, қарлұқ тілді өзбектер, өздерінің оғыз және қыпшақ диалектілерін ұлттық байлығымыз деп атай бастады. Біз тек бір-бірімізді сенің сөйлеуің дұрыс емес деп, әлі күнге өңеш жырта бір-бірімізді жұлып жеумен келеміз.

Мен әдеби тілдегі нашарды – нәшәр, ырахметті – ірәхмәт деп сөйлейтін жіңішке сөйлейтін қазақпын. Онымды әбестік көрмеймін.

Қазір кәсіби термін қабылдауда АІ мен ІТ терміндері орысша қалай айтылса, солай жазылып тіл бұзып келеді. Біз кәсіби аудармашылардан құрылған ынталы топ тіліміз кірме сөзді БҰҰ ресми тілідерінен және бауырлас ғылыми-техникалық тілі әбден қалыптасқан түрік тілінен сөз қабылдау үшін өзімізше мәдени төңкерісші болып жүрміз. Шынын айту керек жазу тілін құп көретіндерге бұл тірлігіміз ұнамай жүрген-тұрған жерлерінде бізді іліп-қағып жүреді. Және Шығыс Түркістандық, Байөлкелік және Өзбекстандық  ағайындардың ханзу, өзбек және маңғұл тілдерінен енгізген кірме сөздері назардан тыс қалуда. Өзіміз соңғы 40 жылға таяу уақытта түрік тілінен – ұшақ, тік ұшақ, орыс тілінен – зауыт пен тауар деген сөздерді ғана тілімізге енгізіп, соған кеудемізге нан пісіп, болып-толып жүрміз.

Осы жазбаның тақырыбында «Кәміптік//Қамыптық» деген кейбіреулерге түсініксіз сөздер тұр. Бұл ағылшындық CAMP (компьютер) сөзінің оңтүстік батыс пен оңтүстік шығыстық айтылымы. Және орыс кәсіби жаргоны – «железа» - «темірде» тілге енуге сұранып тұр. Қазіргі ауызекі сөйлеу тілімізге орыс тілінен – сәтжке (стяжка), үкүлөн (уклон) сөздері енді. Оны біреулер тап орысшасындай, қалғандары – қазақы мәнермен айта бастады.

Қазақта кірме сөз енгізуге кәсіби аудармашылар мен қарпайым халық арасында ынта бар. Тек тілшілер қауымы осы бір ұлттық кірме сөз қабылдау үрдісін әзірше назардан шығарып алып отыр. Тек «Д»-дан басталатын шет елдік сөздер арасында «Держава» сөзі тіл бұзарлық жасауда, аудармашылар – бірде «қағанат», бірде – «держәбә» деп, «Директорды» – «Мүдір» деп қолданса, оған өре түрегелушілер жетіп артылуда. Соңғы сөз 1990 жылдардың ортасында енгенімен, терминком «директорға» жабысып тістей қатты. Орыс сөздерін сол қалпы тоты құсша қайталмай, қазақы мәнерге көшіру күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналды. Балама табу бағытында да іркіліестер жетіп артылады. Мысалы: «Отставка сөзі – «Доғарыс» деп сәтті баламаланса да, орыс сөзі тілімізден қарасын өшірер емес. Одан соң тілді әр мекемедегі «тілмәштар» да бүлдіріп бітті. Оның жарқын мысалы: "Биылғы жыл" дегенді назардан тыс қалдырып, орысшасындағы "Текущий" дегенді тікелей аудару арқылы енген «Ағымдағы» сөзі. Калькалаушылық қазақ бастан өткеріп кеткен дәуір. Оған қайтып оралмаймыз. Не балмалаймыз. Не шет тілін қазақидандарып сөйлеу тілімізге бейімдеп аламыз. Баламалау 99 пайыз жағдайда опа бермейтін шаруа. Себебі, қазақ тілдік бөлінушілікке ұшырап отырған жағдайда, жаһандағы өзге ұлттар тілімізді «Димаш феномені» арқылы үйренуге құлық танытып отырған жағдайда көбінесе, бұл тірлік опа бермей өз жазу-сызу бар «гүржі мен әрмен тілдері» сияқты ешкімге керексіз, топан судай аққын терміндік тасқыннан тыс томаға тұйыққа ұщыратады. Өмірдің өзі тудырып отырған бұл проблеманы шешпей, біз қазақтың ғылыми-техникалық тілін қалыптастыра алмаймыз.

«Туған ба?», «Туылған ба?» деп шыр-пыр болып, өңеш жырта дауласқанша кірме сөзді жіңішкелеп (кәміп, әтім//атом) аламыз ба, жуандап (қамып, атым//атом) аламыз ба, әлде қай жақтың кәсіби аудармашылары бірінші болып тілімізге енгізгені бойынша аламыз ба деген мәселені қалай бір жайлы қыламыз, ағайын!

Ана тіліміз – ол сөйлеу тілінің табиғатын ашпайтын жазу тіліне айналып, айналасын ала тайдай бүлдіріп бітті. Бабалар тілі қазіргі орысшыл термінқұлдықтан құтқаратын сөйлеу тіліне бейімделуге тиіс. Тілді әр қазақтың білуі – оның лексикасы мен фонетикасын мектеп қабырғасынан үйренуіне негізделеді. Бірақ мектептегі «қазақ тілі» дәл қазір тек сауатты жазуды ғана күйіттеп, сөйлеу тілін мен сөздің лексикалық мағанасын тасада қалдырып, морфологиялық ережелерді жаттатып шәкірттердің миын ашытуда.

Сол себепті, қазақ тілінің төл сөздерінің мағанасын ұқпайтын шәкірттер өзге ұлт өкілі емге жоқ таза қазақи ортада жетіп артылып келеді. Бұдан бізді кірме сөз қабылдау ғана құтқарады.

Қазіргі шығып жатқан сөздіктерді ашып қарасаң 90 пайыз орыс тілі арқылы енген кірме сөздерден аяқ алып жүре алмайсың, кейбір қазақ сөздері болмаса, орысша шығарылған сөздік пе деп қалатының жасырын емес. Орыс жұртында жақсы дәстүр бар: олар жыл сайын «Термин иностраных терминов» деген сөздікті тұрақты шығарып тұрады. Бізге неге солай етпеске. Бірақ біздің қазіргі қалыптасқан тілдік жағдаймызда ғылыми-техникалық және кәсіби сөздіктер бір тілді емес, көп тілді болуы керек. Бұл бір жағы өз қазақ тілді ортамызда неге олай емес, неге бұлай деген орынсыз да, бір-сайттан, БАҚ-нан екіншісіне көшетін орынсыз дау-дамайлық менікі дұрыс деген өнбес әңгімені туығзбайды. Мәселен, тарихи сөздік құрастырғанда, атап айтсақ, «Желкенді кеменің», «түрлі дәуірдегі қару-жарақ» атаулары  сияқты кәсіби-техникалық терміндер: қытай, араб-парсы, түрік, ағылшын-орыс тілдеріндегі айтылым-жазылымы көрсетіліп, одан кейін қазақ тіліндегі қолданысы берілсе, еліміздегі орыс және өзге тілді отандастарымыз қазақ тіліне бейіл қояды. Ал, 90 пайыз орыс тілінен тұратын терміні бар тілді кім менсінеді. Бұл біздің ғана емес, Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттердің ғылыми-техникалық терміндер бойынша проблемасы. Соңғы қырық жылда Орталық Азияның ғылым-білім тілі – тек орысша ғана. Одан құтылу жолы – тілімізге бейімдеп ағылшын мен орыстан тікелей сөз қабылдап, Орталық Азия елдеріне үлгі болу. Біз осы арқылы енгізетін терміндерімізді – өзбек, қарақалпақ пен қырғызда өз тіліне қабылдап алатыны дау тудырмайды. Тек Алашыма, Терміндік Тәуелсіздікті нәсіп қылсын!

Әбіл-Серік Әліәкбар

Abai.kz

0 пікір