Тағы да қазақстандық жамағат дертінің өсуі туралы
Қазақстан Кеңес одағынан көп нәрсені мұра етіп алды. Сондай мұралардың бірі - Мұсылмандардың діни басқармасы. Сонау 1943 жылы зайырлы қоғам жағдайында мұсылман қауымын қадағалайтын формалардың бірі ретінде Ташкентте Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (САДУМ) құрылған болатын. Бірақ Кеңес одағы ыдыраған соң Қазақстанда жеке мұсылмандар басқармасын құру қажет болды. Осылайша тәуелсіздік кезеңінің басында Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы пайда болды. ҚМДБ имамдары өздерін мемлекеттік аппараттың бір бөлігі - «ресми дінбасыларының» өкілі, ал аталған ұйымның төрағасы «Бас муфти» деп аталса да, бұл мәртебесі заңдық жағынан зайырлы қоғамға қайшы келеді. ҚР Конституциясында мемлекет діннен бөлек деп жазылған. ҚМДБ - заңды атауы «Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы» республикалық діни бірлестігі. Негізінен заңдық тұрғыда ол өзі сияқты басқа да мемлекеттік емес ұйымдармен бір деңгейде.
Қазақстан Кеңес одағынан көп нәрсені мұра етіп алды. Сондай мұралардың бірі - Мұсылмандардың діни басқармасы. Сонау 1943 жылы зайырлы қоғам жағдайында мұсылман қауымын қадағалайтын формалардың бірі ретінде Ташкентте Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (САДУМ) құрылған болатын. Бірақ Кеңес одағы ыдыраған соң Қазақстанда жеке мұсылмандар басқармасын құру қажет болды. Осылайша тәуелсіздік кезеңінің басында Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы пайда болды. ҚМДБ имамдары өздерін мемлекеттік аппараттың бір бөлігі - «ресми дінбасыларының» өкілі, ал аталған ұйымның төрағасы «Бас муфти» деп аталса да, бұл мәртебесі заңдық жағынан зайырлы қоғамға қайшы келеді. ҚР Конституциясында мемлекет діннен бөлек деп жазылған. ҚМДБ - заңды атауы «Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы» республикалық діни бірлестігі. Негізінен заңдық тұрғыда ол өзі сияқты басқа да мемлекеттік емес ұйымдармен бір деңгейде.
Бірақ «темір құрсау» құлаған соң біздің елге әртүрлі ағымдарды, соның ішінде Сауд Арабиясы, Пәкістан мен Египет сияқты араб елдерінен келген «таза исламды» насихаттайтын миссионерлердің үлкен легі келді. Ислам діні халық арасында тез тарап жатқан кезде ҚМДБ имамдары заманның қатеріне, яғни, шетелдік үгіт насихатшыларға идеологиялық жағынан төтеп бере алмады және елдегі мұсылмандардың рухани сұранысын қанағаттандыра алмады. ҚМДБ көп жағдайда ас өткізу, дүниеден өткендерге Құран оқу, садақа жинау, шариғат бойынша неке қию сияқты салттық мәселелерді реттейтін бюроға айналды. Уақыт өте келе ҚМДБ имамдарының біліктілігі аздығынан «ресми дінбасылар» қатарына әртүрлі радикалды бағыт өкілдері, әсіресе, «салафиттер» өтіп кетті. Уақыт өте келе ҚМДБ мемлекеттің емес, жоғарыда аталған жекелеген діни топтардың мүддесін өткізе бастады.
2008 жылдан бастап Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы жанындағы Республикалық имамдардың біліктілігін көтеретін институт «Ақида», яғни сенім деп аталатын оқулықты қолдана бастады. Дін қызметкерлерін дайындағандағы оқу бағдарламасының негізі саналатын кітаптың 3-ші бетінде былай деп жазылған:
«...сенім мазхабтары (исламдағы діни-құқықтық мектептер - Е.Х. ескертпесі)» құтқарылғандар және тозақтықтар деп екі түрге бөлінеді. Құтқарылғандар - Ахли Сунна уаль-Джамаа (Сунна мен келісімнің бағытын ұстанушылар - Е.Х. ескертпесі); тозақтықтар - Ахли Бидаа (дінге жаңалық енгізбек болғандар - Е.Х. ескертпесі)... Сондықтан Ахли Сунна Салафия, Матуридия и Ашхария дейтін тағы үш тармаққа бөлінеді. Бұл үш тармақ бір-бірін мұсылман-бауырларлар ретінде көреді. Бүгінгі күні әлемнің 90% мұсылмандары өздерін Ахли Сунна қатарында деп санайды.»
Бірақ, ҚМДБ мамандарының салафизмді исламның классикалық исламдық ілім қатарына қосуға тырысып жүрген әрекетіне таң қалуға болмайды. Сондай мамандардың бірі ҚМДБ жанындағы аталған Институтта қызмет атқаратын Ахметжан Исламов. Оның аты Алматы қаласының діндарлары арасында өте танымал.
Шейх Ахметжан - Алматы қаласындағы танымал салафиттік насихатшы, ол осы ілім Қазақстанда алғашқы пайда болғанда ең басында тұрды. 2000 жылдардың басында-ақ «Руханиат» халықаралық ислам университетінің ректоры Мұрат Мыңбаев болып тұрған кезде Исламов осы ЖОО-да үгіт және насихат бөлімін меңгерді. Құрметті шейхтың 2003 жылғы 9 қыркүйегінде оқыған лекциясынан үзінді келтірсек, онда ол өзінің діни бағыты туралы былай дейді:
«Жамағат, біз бүгін ваххабит деген атқа ие болдық, әлхамдулилля, мені ваххабит деп санасаңдар, онда, әлхамдулилля, сендер қателеспедіңдер. ... Аллахтың қалауымен біз сіздермен бір кішкентай бөлік болып қалдық, сондықтан ваххабист болыңдар, адаспаңдар»
Ахметжан Исламов 2003 жылы Алматы қаласында ислам бойынша курсты қалай жүргізсе, қазір де солай жалғастырып келеді, бірақ оның қазіргі қызметі ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың біліктілігін көтеру институтында. Міне, қызық! Радикал оқытушы имамдарды жоғарыда аталған оқулықпен ваххабизм прин-циптері бойынша оқытады, ал олар өз кезегінде алған білімін халыққа таратады. Бұның бәрі ҚМДБ-ның үнсіз келісімімен жасалады.
А.Исламов муфтият жүйесінде жұмыс істейтін жалғыз салафит емес. Тағы бір мысал ретінде Астана қаласындағы «Шұбар» мешітінің имамы Тоирджон Ибригимовты атауға болады. Оның өмірі мен қызметі туралы интернет-сайт беттерінде талай айтылған болатын. Қолда бар фактілерге қарамастан, ҚМДБ басшылығы Қазақстанның танымал салафит шейхының іс-әрекетіне көз жұмуды әлі де жалғастырып келеді. Оны қойып, ресми дін өкілдері Ибрагимнің насихат жұмысына барлық жағынан қолдау жасайды. Осы қолдауға байланысты қазіргі кезде «Шұбар» мешіті Қазақстан Республикасында салафит идеологтарын дайындайтын ірі орталықтың біріне айналды. 2008 жылдан бастап онда еліміздің әр облысынан аталған ағымның ондаған ізбасарлары ілім алды. Тек Рамазан айында ғана «Шұбар» мешітінде Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және басқа облыстардан келген 30-дан аса адам дайындықтан өтіп, қазір де мешітте тұрып, оқуын жалғастырып жатыр.
Сонымен қатар, ҚМДБ басқа да салафит иделогтарымен, әсіресе Дарын Мубаровпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Сауд Арабиясында оқып келген бұл жас жігіт бүгінгі таңда салафизмнің алдыңғы қатарлы (және ең сөзуар) қазақтілді насихаттаушысы.
19-қыркүйекте Қазақ ұлттық техникалық университетінде Д.Мубаровтың осы ЖОО студенттерімен кездесуі өтті. Осы кездесуді ұйымдастырған ҚМДБ атынан Алматы қаласының Медеу ауданы бас имамының орынбасары Бірлік Есмахан қатысты.
Дарын Мубаровпен кездесуге 150-ге жуық адам жиналып, оның лекциясын 2 сағатқа жуық тыңдады. Кездесу тақырыбы «Отанды сүю - иманнан» деп аталды.
Бірақ салафизмді заңдастыру шараларының ішінде ҚМДБ-ның танымал салафит қайраткері, «Асыл арна» студиясын басқаратын Мұхамеджан Тазабековпен бірлесе атқарған жұмысы бәрін жолда қалдырады.
Осы әріптестік ҚМДБ төрағасы Ә.Дербісалиевтің Президент Әкімшілігі жетекші орынбасары М.Әшімбаевқа 22 қазан 2008 жылы жазған хатында айқын көрінген. Исламдық үгіт-насихат шаралары туралы айта келе, Ә. Дербісалиев Рамазан айы бойы ұлттық телеарнаның эфирінде ҚМДБ-ның «Асыл арна» студиясымен бірігіп дайындаған «Ораза қабыл болсын» бағдарламасын ашқаны туралы айтады. Ары қарай Ә. Дербісалиев былай деп жазады: «Асыл арна» студиясының жұмысы ҚМДБ саясатына сәйкес келеді. Студияның Қамқоршылар кеңесін ҚМДБ басқарады (Қамқоршылар кеңесінің төрағасы - ҚМДБ төрағасы, бас муфти). Студияның творчествовалық және идеологиялық бағыты, тақырыптық концепциясы да ҚМДБ басшылығымен қадағаланады.
Хаттан анық көретініміз - ҚМДБ салафиттерге ұлттық телеарна эфирінде еркіндік беріп, қоғамда олардың жақсы имиджін жасауға көмегін тигізеді. Мысалға, ҚМДБ танымал имамдары мен қызметкерлері, Жамбыл облысының имамы Е.Қосбағар, ҚМДБ діни және ғылыми талдау бөлімінің жетекшісі Е.Оңғаров, Алматы қаласының бас имамы М.Құлмұхаммед, оқу-ағарту бөлімінің жетекшісі Ә.Дәуренбеков және басқаларының М.Тазабековтың теле және радио бағдарламаларына («Ораза қабыл болсын», «Иман нұры», «Құбыла») қатысуы Діни басқарманың М.Тазабековтың әрекетіне оң көзімен қарайтынына дәлел болады.
ҚМДБ-ның М.Тазабековты осылайша қолдауының арқасында ол құрған студия «Асыл арна» телеарнасына айналды. Осы жылдың 20 тамызында Алматы қаласында оның ашылу салтанаты өтіп, оған Жоғарғы муфти Ә.Дербісалиев, ҚР Парламентінің депутаты Б.Тілеуханов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Сейдуманов, бокстан 2000 жылғы Олимпиада чемпионы Е.Ибраимов және де Ә.Дербісалиев өзінің жақын адамы деп таныстырған телеарна директоры М.Тазабеков қатысты.
Бір кездері М.Тазабеков талантты айтыскер және көпшілік алдында танымал болған. Бірақ, ол кейін айтысты тастап кетті. Оның бұлай етуіне көп жағдайда қайынағасы Бекболат Тілеуханов пен Х.Алтай атындағы халықаралық қайырымдылық қорының төрағасы Әбдрахман Ескендір ықпал еткен. Сондықтан М.Тазабеков Х.Алтай атындағы халықаралық қайырымдылық қорының төраға орынбасары қызметіне тағайындалды, ал кейінірек «Әл Баракат» жеке қайырымдылық қорының Жамбыл облыстық филиалында директор болды. Аталған қорлар өздерінің баспа өнімдерімен, атап айтқанда, бір уақыттарда Интернет басылымдары жазған экстремистік идеяларға толы діни кітаптарымен танымал. Сонан соң М.Тазабеков «Асыл арна» студиясын құрды. Енді бір телеарнаны басқарып ол салафиттік қайраткер ретінде карьерасының жаңа деңгейіне өтті.
«Асыл арна» телеарнасының ашылу салтанатына жиналған көпшілік М.Тазабековтың діни қөзқарастарымен таныс болғанымен, муфти қоғамды керісінше сендіруге тырысты. Ә.Дербісәлиев жиналған қауымның алдында сөйлеген сөзінде: "Арна салафизмді емес, тек ханафит мазхабының негіздерін, яғни Орталық Азия халықтарының дәстүрлі діни-құқықтық мектебін насихаттайтын болады", - деді. Сонан соң, Ә.Дербісалиев айтылған сөзді құптау үшін М.Тазабековты микрофон алдына шығуға мәжбүр қылды.
Бүгінгі күні «Асыл арна» - ҚМДБ қолдауына ие болған абсолютті заңды құрылым болғандықтан, ресми діндарлардың атын жамылып, салафизмді кедергісіз насихаттауға зор мүмкіншілік алды. Телеарнаның сайтында ҚМДБ олардың негізгі әріптесі және кураторы деп көрсетілген.
Екіншіден, енді салафиттерде өздерінің мүддесін қорғайтын ақпарат құралы бар. Өзінің теледидары болу кез-келген адам қолынан келмейтін қымбат шаруа.
Үшіншіден, салафизмді насихаттаудың ауқымы әжептәуір кеңейеді. Әзірше телеарнаның бағдарламалары Алматы қаласында тек кабельді телеарнадан трансляция жасайды. Болашақ жоспарда бүкіл Қазақстанға тарайтын болады.
Және төртіншіден, егер бұрын салафизм тек жеке идеологтар, кітаптар мен брошюралар арқылы жүргізілсе, қазір ол насихат жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жаңа деңгейге көтерілді. Осы аталған фактілер біздің «ресми дін басыларының» көп жағдайда еліміз үшін деструктивті ағымдардың мүддесін қорғайтынын дәлелдемей ме?!-
Ержан Құсайынов
(www.islam.ru сайтынан алынды)