Жұма, 16 Қаңтар 2026
«Соқыр» Фемида 151 0 пікір 16 Қаңтар, 2026 сағат 13:15

Трамп пен Мачадо: Нобель сыйлығын бөліске салу

Сурет: Настоящие Времия сайтынан алынды

FP фотографы Мачадоның жоспар бойынша Трамппен түскі ас ішу үшін Ақ үйге сағат 17:00-де, БАҚ-тың қатысуынсыз кіріп келе жатқанын байқаған. Мачадоның келуінен бір күн бұрын Трамп Венесуэланың уақытша президенті Родригеспен телефон арқылы ұзақ сөйлесіп, Мадуроның бұрынғы вице-президентін мақтады, ол бұл қоңырауды дипломатиялық тілде «өнімді әрі сыпайы» деп сипаттады.

Шамамен бір сағаттан кейін Мачадо Ақ үйден шығып, кездесуді «өте жақсы» өтті деді. Ол Трампқа Нобель бейбітшілік сыйлығының медалін тапсырғанын, бірақ АҚШ президентінің сыйлықты қабылдаған-қабылдамағаны белгісіз екенін айтты. Трамп Нобель сыйлығын көптен бері армандап келеді.

Венесуэла оппозициясының жетекшісі тілшілерге осы қимылы арқылы Трамптың Венесуэла халқының бостандығына деген уәдесіне құрмет көрсеткісі келетінін айтты. Бірақ екеуара әңгіменің жай-жапсарын ашпады.

Алайда, Мачадо мен Трамп кездесудің алдында, Ақ үйдің баспасөз хатшысы Левитт БАҚ-қа Трамптың Мачадомен кездесуді қатты қалайтынын, себебі ол батыл адам екенін, бірақ президент ойын өзгертпегенін және Мачадоның Венесуэланы басқаруға лайықты адам екеніне әлі де сенбейтінін айтты. Трамп әзірге Венесуэла оппозициясын қолдауға дайын емес екенін көрсетті және елде жаңа сайлау өткізуден бас тартты.

БАҚ өкілдері Мачадоның онымен Нобель бейбітшілік сыйлығын бөлісді қалайтыны туралы  сұрағанда, Трамп: «Мен оның солай жасмақ болғанын естідім естідім және бұл мен үшін үлкен құрмет болар еді», - деп жауап берген еді. Дегенмен, Нобель бейбітшілік сыйлығы комитеті Нобель бейбітшілік сыйлығын басқаға беруге, бөлісуге немесе қайтарып алуға болмайтыны туралы мәлімдеме жасады. Сәрсенбіде БАҚ қайтадан сұраған кезде, Трамп Мачадоның оған Нобель сыйлығын беруін қалайтынын жоққа шығарды.

Венесуэлада он жыл бойы режимнің қудалауынан бас сауғалап, жер астында өмір сүрген Мачадо желтоқсанда елден қашып шықты. Ол Трамптың қолдауына ие болуға және Венесуэланың болашақ дамуында маңызды рөл атқаруға үміттенді. Алайда, АҚШ әскери күштері Мадуроны тұтқындағаннан кейін, Трамп Мачадоны президенттікке кандидат ретінде қарастырмады. Оның себебін Мачадо өз елінде «жеткілікті құрметке ие емес» деп түсіндірді. Керсінше Мадуроның вице-президенті Родригесті қайта-қайта мақтап, онымен тіл табысудың «оңай» екенін алға тартты..

Венесуэла оппозициясы мейлі ел ішіндегі болсын, мейлі ел сыртындағы болсын, жағдайдан кейін Венесуэланың демократияға бет бұрады деп үміттенген еді. Дегенмен, олар Трамптың Мадуроны тұтқындағанан кейін өздері он жылдан астам уақыт бойы қарсылық көрсетіп келген Мадуро режимінің жақын серіктестеріне беретінін күтпеген еді.

Кем дегенде, әзірге Трамп жақын арада Венесуэлада сайлау өткізуге қарсы, АҚШ-ты жеткілікті мұнаймен қамтамасыз ету үшін сырттай бақылай бермек.

Abai.kz

0 пікір