Қазақстан соғыстың мәдени тылына айналғысы жоқ!
Мәскеудің одақтасы бола тұра, Астана ресейшіл Z-артистерді тиімді түрде ығыстырып шығарып Украинаға қарсы агрессияны қолдайтындарға алаңды бермей отыр. Француз Le Monde газеті Қазақстанның Ресейдің әскери күн тәртібін өзінің ішкі істерінен үнемі және қатаң түрде алып тастап отырғаны туралы егжей-тегжейлі мақала жариялады.
Ресми түрде Мәскеудің одақтасы болып қала бергенімен, іс жүзінде Астана Кремльден алшақтығын ресейлік әншілердің көпшілік алдында өнер көрсетуіне шектеу қою арқыды жеткізіп келеді. Қазақстан енді тіпті поп форматында да ресейдің үгіт-насихат алаңы болғысы келмейді.
Мұнда «Z-әртістерді» қош келдіңіздер деп қабылдамайды
2023 жылы тек Путин режимін жақтаушылар қатысқан «Жара» фестивалі тоқтатылды. 2025 жылы ресейлік әнші Акмальдың сахнада Украинаға қарсы мәлімдемелер жасағаннан кейін гастрольдік сапарына тыйым салынды.
Оның барлық концерттері тоқтатылды, ал ұйымдастырушы ондаған мың еуро көлемінде шығынға ұшырады. Тіпті Кремльге адал орындаушыларға да енді қош келдіңіздер деп айтылмайды. Қазақстан соғыстың мәдени тылына айналғысы келмейді.
Тыйымсыз цензура қалай жұмыс істейді?
Формальды түрде ешкім ештеңеге тыйым салмайды. Бірақ ұйымдастырушылардың жергілікті мәдениет департаменттерінен рұқсат алуы сиреп барады. Себептері бейтарап болып көрінеді: «техникалық қиындықтар», «залдарды жөндеу», «талаптарды сақтамау».
Іс жүзінде, ұйымдастырушылардың өздері мойындағандай, билік әртістерді, олардың мәлімдемелерін, әлеуметтік желілердегі жазбаларын және тіпті ән мәтіндерін тексеріп жатыр. Украинаны қолдау немесе соғысты сынау туралы кез келген белгі берілсе, концерт өтпейді.
Ашық түрде Кремльді жақтайтын әртістер де шектеулерге ұшырайды. Қазақстан саяси жанжал тудыруы мүмкін кез келген тараптың қатысуына жол бермеуге тырысуда. Нәтижесінде, сахна Ресейдің әскери күн тәртібінен толығымен тазартылды.
Қазақстан Кремльдің имперлық риторика мен соғысынан шаршағанын көрсетіп келеді. Сонғы Балидегі бір оқиға, бір қарағанда қарапайым болып көрінгенімен, қазіргі жағдайдың нақты айнасындай көрінді. Музыка, сөйлеу ұстанымы және тыйым салудың ескі әдеті – бәрі бір-бірімен үйлеседі.
Соғыстар мен имперлық комплекстерден алыс аралдағы мейрамханада ресейлік блогер Карина Фадеева мен қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекова қақтығысты. Алдымен дөрекі сөздер айтылды. Содан кейін зорлық-зомбылық басталып, полиция араласты. Бірақ бұл оқиғаны шынымен де резонанс тудырған нәрсе жарақаттар мен хаттамалар емес, оның болған жағдайы болды.
Әлеуметтік желілерде кең таралған нұсқаға сәйкес, қақтығыс украин музыкасынан туындаған. Бір топ қазақ украин әндерін тыңдап отырған – қазіргі кезде олар тек мәдени фон ғана емес, бостандықтың, қарсылықтың және өз таңдау құқығының символы. Куәгерлердің айтуынша, ресейлік блогер олардан тоқтатуды талап еткен.
Классикалық «Мен тыйым саламын» деген қимыл – имперлық посткеңестік кеңістікте тым таныс, мұнда басқаларға не істей алатынын және не істей алмайтынын айту әдеті кейбір ресейліктер үшін әлі де қалыпты жағдай ретінде қабылданады. Жауап «Слава Украине!» болды – бұл сөз тіркесі ұран шеңберінен шығып кеткен.
Кейбіреулер үшін бұл соғысты бастан кешіріп жатқан халықпен ынтымақтастықты білдіреді; басқалары үшін бұл әлемнің енді бағынуға дайын еместігінің тітіркендіргіш белгісі. Дәл осы сәтте қарапайым көрініс қарапайым болудан қалды. Қақтығыстың саяси себебі әлі ресми түрде расталған жоқ: Индонезия билігі тергеуді жалғастыруда.
Бірақ заңды мәтін болмаса да, негізгі мәселе айқын: мұндай көріністер «мүмкін емес» деген ескі модель жаңа шындықпен соқтығысатын жерде мүмкін болады. Әлем өзгерді, ал Ресейден тыс жерлерде адамдар «тәртіп» деген жасырын тыйым салу реңкіне шыдауға дайын емес. Кейінгі эскалация кенеттен болды. Фадееваның айтуынша, оған ауыр зат лақтырылған, нәтижесінде басынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.
Осыдан кейін полицияға хаттама толтырылды, ал қазақстандық модель тергеу аясында ұсталды. Тергеушілер мен сот заңды бағаны анықтайды, бірақ символикалық тұрғыдан бұл оқиға Әділеттік кімнің жағында екенін көрсетті.
Қазіргі таңда Қазақстанда - Украинаны қолдау қылмыс емес және таңдау еркіндігі бар егеменді ел. Тіпті Бали курортында да мыналар анық болды: бостандық әнін өшіруге тырысуға болады, бірақ бостандықты өшіруге ешкімнің күші жоқ және жол жоқ!
Керімсал Жұбатқанов
Abai.kz