Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026
Жаңалықтар 119 0 пікір 4 Ақпан, 2026 сағат 16:17

Биыл Ұлттық қордан қанша қаржы жұмсалды?

Сурет: kerek-info.kz сайтынан алынды.

2025 жылдың қаңтарында Ұлттық қордан 550 млрд теңге алынған болса, биыл бұл сома екі есе азайып, 230 млрд теңге болды.

Биыл қаңтарда Ұлттық қорға 323,2 млрд теңге түсті. 1 ақпандағы жағдай бойынша қордағы жалпы қаражат 39,7 трлн теңгеден асты.

Негізгі кіріс – мұнай секторынан мұнай компанияларынан түскен салық – 323,0 млрд теңге. Соның ішінде:

  • 183,0 млрд теңге – корпоративтік табыс салығы;
  • 131,9 млрд теңге – пайдалы қазбаларды өндіру салығы.

Қордан қанша қаржы жұмсалды?

Есепті кезеңде Ұлттық қордан 230 млрд теңге алынды. Бұл қаражат республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт ретінде бағытталған. Биыл үкімет Ұлттық қордан жалпы 2,7 трлн теңге алуды жоспарлап отыр.

Abai.kz

0 пікір