Дүйсенбі, 23 Ақпан 2026
Жаңалықтар 170 0 пікір 23 Ақпан, 2026 сағат 15:42

-40°C аяз: Қазақстанға арктикалық суық келе жатыр

Сурет: qazaquni.kz сайтынан алынды.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, 24-26 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының күрт суытуы күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Арктикалық суық жақындап келеді

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс суық антициклоны әсер етеді. Суық арктикалық массалардың келуімен температуралық фонның төмендеуі күтіледі.

- Тек оңтүстік облыстарда жауын-шашын, кей уақыттарда негізінен жаңбыр түріндегі қатты жауын-шашын болжанады. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ пен тұман құбылыстары байқалады, - деп хабарлады синоптиктер.

Түнгі уақытта Қазақстанның батыс облыстарында ауа температурасы 15-25 аязды, елдің солтүстігінде, орталығында 28-37 аязға дейін, шығысында 32-40 аязға дейін, оңтүстік облыстарда 0-10 аяз болуы ықтимал.

Abai.kz

0 пікір