Сәрсенбі, 25 Ақпан 2026
Жаңалықтар 3878 0 пікір 25 Ақпан, 2026 сағат 15:45

Дауыс беруді әділ қадағалайтын бірден бір - Бақылаушылар!

Сурет: Спикердің жеке мұрағатынан алынды.

Алда өтетін референдум – еліміз үшін маңызды саяси шешімдерді халықтың тікелей дауыс беруі арқылы қабылдауға бағытталған жалпыхалықтық шара.

Ал бұл саяси процесстің қарсаңында еліміздің әр аймақтарында бақылаушылық жасауға ниетті топтар құрылуда. Солардың бірі саясаттанушы Нұрболат Нышанбай бастаған «Халық үні» бақылаушылар тобы. Осыған байланысты саясаттанушы Нұрболат Нышанбаевтан шағын сұхбат алдық.

– «Халық үні» бастамасын құруға не түрткі болды және оның негізгі мақсаты қандай?

Біздің негізгі мақсатымыз айқын. Мақсатымыз референдум барысын дауыс беру, сайлау учаскелерінде дауыс беру пункттерінде әрбір қадамның заңнама аясында өтуін құқықтық негізде қадағалау. Біз бұл істі өзіміздің өкілдеріміз арқылы жүзеге асырмақпыз. Ал «Халық үні» бастамасы туралы айтсақ, бұл ағашы жоба емес, кәсіби саясатпен жіті таныс болғандықтан тек азаматтық парызым ретінде емес, кәсіби маман ретінде тұлғалық міндеттемем деп түсінемін. Сондықтан біз осыған дейін АЭС бойынша референдумда «Бақылау қырандары» деген топ құрып, өте сәтті жұмыс жасап, 300-ге жуық дауыс беру учаскелерінде заң бұзушылықтарды анықтап, сәйкесінше анықтамалар толтырдық.

– Еуропадағы электоралды процестерден алған тәжірибеңіз Қазақстандағы бақылаушылар институтын дамытуға қалай әсер етпек?

Сізге айтайын, біз соңғы 15 жылда осы саясаттану саласында еңбек етіп келеміз. Байқағаным, Еуропа, Азия деп бөлінгенімізде, қазіргі жаһандану заманында ортақ сипаттар өте көп. Кейде ойлаймын, бізді бөліп тұрған тек география ғана. Себебі саяси процестер барысында жасанды интеллект, цифрлы құралдардың енуі бізге дауыс беру, азаматтардың ішкі ойлау жүйесін қалыптастыру бойынша нақты мәселелер қалыптастырып отыр. Ал Қазақстанда сайлау болсын, референдум жобаларын Еуропадан келген белгілі сарапшылар, мамандар өте жоғары бағалап отыр. Әрине, бұнымен тоқтап қалуға болмайды. Менің ойымша, біз осы бағытта жұмысты күшейтуіміз, бақылаушылардың санын арттыруымыз керек. Бақылаушылардың санын артқан кезде дауыс беру учаскелерінде артық бұрмалаушылықтар, бармақ бастылықтар болмайтын болады.

– Бақылаушыларды оқыту мен даярлау барысында қандай негізгі қағидалар мен стандарттарға сүйенесіздер?

Біз бірінші халықаралық стандыққа бағынамыз. Жалпы батыс болсын, шығыс болсын, бақылаушылар қалай жұмыс жасап жатыр, саяси ғылымда дауыс беру құқығын қаншалықты сақтап отыр?.. Азаматтар өзінің үні арқылы соңғы шешім қабылдауға ықпал ететініне сенемін. «Тәуелсіз бақылаушылар дегеніміз кім?», «Олардың азаматтық қоғамға ықпалы қандай?» деген сұрақтардың аясында негізгі құндылықтарға сенеміз. Бақылаушылар, әрине, ол «азаматтық парызым» деп келген жалынды жастар. Оларды біз мықты мамандар тартып, онлайн, офлайн, форматта оқытамыз. Мен сізге бір фактіні айтайын. 2024-2025 жылы соңғы АЭС бойынша референдумды үш мыңға жуық бақылаушыны оқыттық. Бұл жолы да үлкен-үлкен мақсат қойып отырмыз. Онлайн, офлайн форматта оқытамыз.

– Қазақстандағы саяси науқандардың ашықтығы мен әділдігін арттыру үшін азаматтық бастамалардың рөлі қандай деп ойлайсыз?

Рөлі қандай екенін өздеріңіз де біліп тұрсыздар. Ауадай қажет. Осы секілді азаматтық бастамаларды көбейтуіміз керек. Бір-бірімізді «анау жаман, анау басқа» деп, негативке салынып, қайғырап отырғанға қарағанда, белсенді азаматтар бас көтеріп, белсенділікті көрсетуі керек. Қолынан не келеді? Сайлау учаскісіне барып, біз секілді бақылаушылардың сапына қосылып, бақылау дегеніміз не екенін үйреніп, дауыс беру учаскесінде, референдум күні жалпы қалай болып жатыр, көзбен көріп, заңдық нормалардың сақталуына бір кісідей азаматтық таныту керек. Сол кезде, әрине, біріншіден таным түсінігіміз артады, екіншіден, азаматтардың осы референдум барысында дауыс беру дағдысы қалыптасады. Мысалы, бүгінгі кезде референдум 2019 жылдан кейін біздің елде бір маңызды мәселелерге халықтың шешімін қабылдауда бір үлкен инструментке айналды. Азаматтар да жақсы түсініп отыр. Сондықтан, Еуропа елдеріне қарасаңыз, олар қарапайым мәселелерге референдум өткізеді. Неге? Себебі, халық референдум не үшін маңызды екенін түсінеді. Дәл сондай жүйе біздің елімізге де орынғып жатыр. Қазір тек қана жеті жыл сайын Парламенттік немесе Президенттік сайлауда ғана емес, еліміз үшін маңызды мәселелерді референдумда азаматтар дауыс береді. Оны жүйелеу үшін тәуелсіз бақылаушылардың қызметі аудай қажет.

– Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!

Abai.kz

0 пікір