Дүйсенбі, 2 Наурыз 2026
Жаңалықтар 130 0 пікір 2 Наурыз, 2026 сағат 14:47

Ауыл шаруашылы: 32 млрд теңге тиімсіз жұмсалған

Сурет: «24KZ» арнасынан алынды.

Аудит қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылығы саласында 32 млрд теңге тиімсіз жұмсалғаны анықталды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаментінің директоры Бағлан Аймырзаев «24KZ» арнасындағы «ТҮЙІН» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

«Кейінгі 5 жылда ауыл шаруашылығына 2 трлн тг қаражат бөлінді. Жақында аудит жүргізіліп, соның 32 млрд тг тиімсіз жұмсалғаны анықталды. Бұл 1%-ы ғана. Жыл соңына дейін барлық ақпараттық жүйелерді біріктіруді жоспарлап отырмыз», - деді спикер.

Сондай-ақ, бүгінде Қазақстан етті сыртқа шығаруға шектеу қойып отыр. Тек ішкі нарықтан артылғанын ғана экспорттауға болады. Үкімет ішкі нарықтағы ет бағасын тұрақтандыру үшін осындай шара қабылдады. 2025 жылдың 31 желтоқсанында енгізілген квота 2026 жылдың 30 маусымына дейін өз күшінде болады.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ:

Abai.kz

0 пікір