Ауғанстан мен Пәкістан неге қайта соғысты?!
2025 жылғы қазанда Сауд Арабиясы, Катар және ТүркияныңАуғанстан делдалдығымен жасалған бітімгершілік ұзақ жалғаспай, Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстың кезекті кезеңі басталды. Әлемнің түпкір-түкірінен келіп түсіп жатқан соңғы жаңалықтарға қарағанда, бұл жолы өткен жылдың күзімен салыстырғанда қаза тапқандар көп. Пәкістан мен Ауғанстанда не болып жатыр, неліктен тараптар соғысты бастады және кім күшті? деген сауалдар талықалануда,
Пәкістан мен Ауғанстанның шекаралық қақтығысы кезінде әперімдеп қол жеткізілген бітімгерліктен төрт ай өткеннен кейін жаңа күшпен, жаңа дүмпулі екпінмен қайта басталды. Ауғанстанның Пәкістанмен шекарасындағы ұрыс қимылдарының қарқындылығы, сондай-ақ Иран төңірегіндегі дағдарыспен байланысты шиеленіс Ауғанстандағы гуманитарлық ахуалдың нашарлауына әкелді, деп хабарлайды БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (ҰҚЖ).
«Ұзындығы шамамен 2400 шақырымды құрайтын Пәкістанмен шекарадағы қақтығыстар Ауғанстанның шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік өңірлерінде шамамен 20 мың отбасының орын ауыстыруына әкелді», - делінген БҰҰ сайтында.
Жердегі және ауадағы соққылар Ауғанстанның Нангархар, Нұристан, Құнар, Лагман, Пактика, Пактия, Хост, Қандагар және Гильменд провинцияларындағы 30-дан астам ауданды қамтыды. Барлық осы провинцияларда ҰҚЖ әлеуметтік қолдау шараларын, мектептегі тамақтану бағдарламаларын және халық үшін күнкөріс қаражатын қамтамасыз ету жөніндегі жобаларды уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.
Мұсылманның екі қошқарының басы бір қазанға сыймайтындай қасиеті Рамазан айында не болды?
Пәкістан «Талибанның» жалпы шекара бойындағы пәкістандық әскери позицияларға шабуылынан кейін ғана барып, Ауғанстанға шабуыл жасады. Өз кезегінде Пәкістан демалыс күндері Ауғанстанның Нангархар және Пактика провинцияларына әуе шабуылын жасағаннан кейін Талибан батыл әскери қимылдарға бел шеше кірісті.
Дәл қазір не белгілі?
Дюранд сызығы бойында Ауғанстан мен Пәкістан арасында қақтығыс болды. Бұл туралы «Седа-е Афган» әскери Telegram-арнасы хабарлады, деп хабарлады.
"Хост провинциясының Алишир уезінде майданның барлық желісі бойынша қатал ұрыстар жалғасуда. Хост провинциясы губернаторының баспасөз хатшысы Мұстағфар Гарбаз Әлішер уезі маңында пәкістандық малишалардың (шекара маңындағы әскерилердің қарулы құралымдары) жол тосқауылдарында қатты қақтығыс орын алғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.
Гарбаздың айтуынша, пәкістандық әскерилер ауған әскерлерінің қарсы шабуылдарын қайтара алмады, нәтижесінде олардың Дабағы ауданындағы Дюранд сызығына жақын маңдағы екі бекеті басып алынды.
Неге Ауғанстан мен Пәкістан ұрыс қимылдарын бастады?
Пәкістан мен Ауғанстанның соғысуының себебі - 2007 жылы Пәкістан-Ауғанстан шекарасында әрекет еткен лаңкестік топтардың қалдықтарынан құрылған «Техрик-е Талибан Пәкістан» немесе Пәкістанның «Талибан» әскерилендірілген тобына қатысты туындады. БҰҰ, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Пәкістан, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа да елдер террористік деп таныған радикалды жауынгерлік ұйым пуштун аумақтарын пәкістандық басқарудан босатуға ұмтылып, көп жылдар бойы Пәкістанның қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасап келеді. 2025 жылы ТТП бүкіл Пәкістан бойынша 700-ге жуық шабуыл жасады. Соның ішінде, елді дүрліктіргені 2025 жылдың қарашасында Исламабадта жанкешті жарған бомбадан 12 адам қаза тапты. Өткен жылы содырлардың әрекеттерінен мыңнан астам пәкістандық қаза тапты. Пәкістан Ауғанстанды ТТП террористерін өз елінде қорғаштай жасырып, оларды қолтығынан демеп, шабынан түртіп, Пәкістанға ауған аумағынан шабуыл жасауға мүмкіндік беріп отыр деп айыптайды. Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф еліміз ауған талиптері режимінің қасақана әрекеттеріне төзбеді һәм өзін кез келген агрессиядан қалай қорғауды біледі деп мәлімдеді.
Ауғанстан мен Пәкістанның қақтығысы қайда аумақтарда жүріп жатыр?
Пәкістанның қарсы жауабы қарсаңында Ауғанстан жалпы шекарадағы ұзындығы 2600 километрден асатын, іс жүзінде ара жігі айқындалмаған Дюранд желісіндегі пәкістанның әскери позицияларына шабуыл жасады. Ауғанстан тарапы 1894 жылы британдықтар айқындаған шекараны мойындамайды, ол нағыз шекара одан да ары - Инд өзені арқылы (шамамен Пәкістан аумағының ортасынан) өтеді деп мәлімдейді.
Оңтүстік Азиядағы көршілес екі мемлекеттің, яғни, Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынас шекара мен пуштун мәселесіне қатысты ашан да күрделі болып қалып келеді. Нақтылап атап айтқанда, Ауғанстан, пуштундардың жеке мемлекет құруын немесе пәкістан аумағындағы автономиясын талап етті.
1950-жылдардың басында ауған қарулы құралымдары Пәкістанға аумағының бір бөлігін басып алу үшін баса көктеп кірді, оған жауап ретінде Исламабад Кабулмен дипломатиялық қарым-қатынасын біржолата үзді.
1990-шы жылдардың басында Пәкістан ауғандық «Талбианды» құруға белсене көмектесті және қозғалыстың көптеген көшбасшылары Ауғанстанды америкалық басып алу кезінде Пәкістанда бой тасалап жасырынған еді.
2000 жылдардың басында ауған «Талибанының» Дюранд желісін танығысы келмеуінен елдер арасындағы қарым-қатынас тағы да күрт нашарлады.
2021 жылы Ауғанстандағы «Талибанның» билікке оралуымен мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас тағы да мүлдем шиеленесті.. Пәкістан Ауғанстанды өз аумағынан әрекет ететін пәкістандық «Талибанды» тоқтату үшін ештеңе істемейді деп айыптайды.
Кім күшті - Ауғанстан ба, Пәкістан ба?
Пәкістанның қарулы күштері ауған күштерінен әлдеқайда күштірек және ұйымдасқан қосын деп саналады. Пәкістан - кең ауқымды зымыран арсеналына, айтарлықтай мөлшерде әскери ұшақтар мен корабльдерге, сондай-ақ ядролық қаруға ие ел. Ауғанстан, өз кезегінде, делдалдар арқылы ұрыс қимылдарын жүргізу тактикасында, партизан соғысын жүргізуде, сондай-ақ сарқылуға арналған соғыста басымдыққа ие болды. Әзірге екі елдің әскери қызметшілері арасындағы қақтығыстар тек шекарада ғана жүріп жатыр, бірақ Пәкістан Ауғанстан аумағына кіруі мүмкін, ал Ауғанстан Пәкістан ішіндегі шабуылдарды өз ыңғайына орай үйлестіруі мүмкін.
Пәкістан Ауғанстаннан не қалайды?
Пәкістанның ақпарат министрі Атаулла Тарар баспасөз конференциясында ауған үкіметі заңсыз билік және ауғандықтардың, соның ішінде әйелдер мен балалардың негізгі құқықтарын бұзатынын мемлекет болп табылады деп мәлімдеді. Әрі ауған режимі лаңкестерді қолдайтынын атап өтті. Өз кезегінде Пәкістан Сенаты (парламенттің жоғарғы палатасы) ауған талибтерін «барлық дұшпандық әрекеттерді дереу тоқтатуға және бейбіт өмір сүру жөніндегі халықаралық міндеттемелерді сақтауға» шақыратын резолюция қабылдады. Басқаша айтқанда, Пәкістан Ауғанстанның ТТП-ны қолдауды тоқтатуын, сондай-ақ оны жою мәселесі бойынша ынтымақтасуын қалайды. Ауғанстан өз кезегінде Пәкістаннан өз аумағына шабуыл жасауды тоқтатуды талап етіп отыр.
Үндістанның бұған не қатысы бар ма?
Аймақтағы көптеген елдер, сондай-ақ БҰҰ Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы әскери іс-қимылдарды тараптардың ешқайсысын қақтығыс тудырды деп ашық айыптамай, тоқтатуға шақырады. Ал Пәкістанның өңірдегі бұрыннан келе жатқан қарсыласы Үндістан Исламабадты Ауғанстанға шабуыл жасады деп айыптаса, Пәкістанда қарап қалмай, өз кезегінде Ауғанстанды Үндістанның «делдалы» деп атайды. Нью-Делиді Кабул арқылы Исламабадпен қақтығысты қолдауға ниетті деп айыптайды. Үндістан мен Ауғанстан Талибанның билікке келуінен бір жыл өткен соң жақындаса бастады, бүгінде елдер бір-бірін серіктес деп есептейді.
Ауғанстан мен Пәкістан келісімге келе ала ма?
Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы 270-тен астам ауған азаматы мен 40 пәкістандық қаза тапқан қазіргі қақтығыс дипломатияның көмегімен шешілетін шығар, себебі тараптар ұзақ әскери қарсыласуға дайын емес: Ауғанстанның қажетті әскери мүмкіндіктері жоқ, ал Пәкістан ауған қалаларына шабуыл жасау арқылы террористік ұяшықтарды жоюға қол жеткізе алмайды. Дегенмен, әзірге екі ел де бір-біріне қарсы әрекеттерге батылдықпен барып отыр. Әрі олардың қарулы күштері жоғары жауынгерлік әзірлікте сақадай сай тұр.
Әбіл-Серік Әліакбар
Abai.kz