Header Banner
Жұма, 6 Наурыз 2026
Жаңалықтар 178 0 пікір 6 Наурыз, 2026 сағат 15:10

Алматыда 8 наурызға байланысты гүл сату нүктелері белгіленді

Сурет: GOV.KZ сайтынан алынды

Мерекеге орай 6-8 наурыз аралығында Алматыда гүл сатуға арналған 1150 арнайы сауда орны жұмыс істейді, деп хабарлайды қалалық әкімдік баспасөзі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, кәсіпкерлер сауда орнын алу үшін жоспарланған орын орналасқан аудан әкімдігіне өтініш беру қажет. Бос орын болған жағдайда кәсіпкерге гүл саудасын ресми түрде жүргізуге рұқсат беріледі.Ескеретін жайт  гүлдерді арнайы белгіленген орындардан тыс жерде сатуға тыйым салынады.Мереке – тек көңіл күй емес, қаладағы тәртіп пен ұйымдасқан сауданың да көрсеткіші.

Кәсіпкерлер аудан әкімдіктеріне осы мекенжай бойынша хабарласады: 

  • Алатау ауданы – Жанқожа батыр көшесі, 26
  • Алмалы ауданы – Төле би көшесі, 67
  • Әуезов ауданы – 8-шағынаудан, 4Б (Абай БО)
  • Бостандық ауданы – Айманов көшесі, 191
  • Жетісу ауданы – Құлагер шағынауданы, Серіков көшесі, 2А
  • Медеу ауданы – Пушкин көшесі, 72
  • Наурызбай ауданы – Шұғыла шағынауданы, 347
  • Түрксіб ауданы – Шолохов көшесі, 9

Мұндай шаралар мерекелік сауданы жүйелі ұйымдастыруға, кәсіпкерлерді қолдауға және қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Abai.kz

0 пікір