Header Banner
Жексенбі, 15 Наурыз 2026
203 0 пікір 15 Наурыз, 2026 сағат 12:52

«Кездейсоқ комплимент» акциясы мен роботпен кездесу

Сурет: Жергілікті сайлау учаскесінен алынды.

Референдум күні сайлау учаскелерінде ерекше көңіл күй сыйлаған «Кездейсоқ комплимент» акциясы өтті. Дауыс беріп шыққан әрбір қатысушы арнайы қораптан шағын қағаз суырып, жүрекке жылы тиетін тілектер мен комплименттерге ие болды.

Қатысушыларға арналған жазбалардың ішінде:

«Күніңіз дауыс беруге келген шешіміңіздей жақсы өтсін!»,

«Күлімсірегеніңіз бен белсенділігіңіз үшін рахмет!»,

«Сіз бұл күнді одан да жарқын еттіңіз!» сияқты жылы сөздер болды.

Бұл шағын ғана бастама сайлаушыларға жақсы көңіл күй сыйлап, азаматтық белсенділіктің әрбір көрінісі маңызды екенін еске салды. Көптеген тұрғындар мұндай жағымды тосынсыйлар күннің мерекелік атмосферасын арттыра түскенін атап өтті.

Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Бүгін елорда тұрғындары ерекше перформанстың куәсі болды: республикалық референдум күні қала көшелері бойымен ең технологиялық әрі сүйкімді қонақтар — робот пен барс Адлет жүріп өтті!

Бұл жарқын кейіпкерлер тек жүргіншілерді қызық қылмай, барлық астаналықтарға керемет көңіл-күй сыйлады.

Abai.kz

0 пікір