«Көк кептердің көргені» кітабының тұсаукесері өтті
Алматы қаласындағы «Атамұра» кітап үйінде белгілі жазушы Қуандық Түменбайдың «Көк кептердің көргені» атты кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шара «Атамұра» кітап үйінің жаңартылып, қайта ашылуымен қатар ұйымдастырылды.

Сурет: Шара ұйымдастырушыларынан алынды.
Аталған кітапқа автордың хикаяттары мен әңгімелері топтастырылған. Жинақтағы «Көк кептердің көргені» хикаятында адам жанын емдеуші дәрігер мен құстар әлемі өзара астасып, ізгілік пен мейірім тақырыбы шынайы көрініс табады.

Сурет: Шара ұйымдастырушыларынан алынды.
Сонымен қатар «Мешіттің маңы», «Талтүсте өткен той», «Қой баққан балерон» және өзге де әңгімелерінде жазушы замандастар бейнесін, олардың мінез-құлқы мен бүгінгі қоғамдағы өзгерістерді көркем тілмен өрнектейді. Жинақтағы шығармаларда қазіргі қазақ прозасындағы адамгершілік тақырыбы мен қоғам көрінісі жаңа қырынан суреттелген.

Сурет: Шара ұйымдастырушыларынан алынды.
Іс-шараға автор Қуандық Түменбай, әдебиет сүйер қауым, оқырмандар және БАҚ өкілдері шақырылды.

Сурет: Шара ұйымдастырушыларынан алынды.
«Атамұра» кітап үйі туралы:
«Атамұра» кітап үйі — ұлттық әдебиетті насихаттауға бағытталған маңызды мәдени орындардың бірі. Жаңартылған форматта ашылуы оқырмандар үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

Abai.kz