Пойыздарда тегін интернет жолға қойыла бастады
Наурыз мерекесі күндері аталған бағыттағы пойызда «Цифрлық вагон» пилоттық жобасы іске қосылды.
Қазақстанда пойыздарда спутниктік интернетті тестілеу басталды. Пилоттық жоба Астана – Семей бағыты бойынша іске қосылды.
Наурыз мерекесі күндері аталған бағыттағы пойызда «Цифрлық вагон» пилоттық жобасы іске қосылды.
Жобаның алғашқы кезеңінде қызмет екі вагонға енгізілді. Енді жолаушылар сапар барысында интернетке қосылып, фильмдер мен сериалдар көре алады, кітап оқып, ойын ойнап, түрлі ақпаратқа қол жеткізе алады.
Айта кетейік, барлық цифрлық сервистер қосымша ақысыз ұсынылады.
Бұл жоба жолаушылардың жайлылығын арттыруға және теміржол тасымалындағы цифрлық қызметтерді дамытуға бағытталған.
Пилоттық кезеңнің қорытындысы бойынша сервисті кеңейтіп, ауқымды түрде енгізу жоспарланып отыр.
Abai.kz