Бейсенбі, 2 Сәуір 2026
Аласапыран 151 0 пікір 2 Сәуір, 2026 сағат 11:55

Трамптың АҚШ халқына телесөзі...

Сурет: BBC сайтынан алынды

АҚШ президент Дональд Трамп сәрсенбіде (1 сәуір) «Иранның Америка Құрама Штаттары мен әлемге төндірген қаупі сейілу алдында тұр» деді. Сондай-ақ өзі жарилаған «Эпикалық қаһар операциясының» әскери мақсаттары «аяқталуға жақын» екенін мәлімдеді.

Сәрсенбі күні кешке теледидардан сөйлеген сөзінде Трамп АҚШ әскери күштері Иранның әскери-теңіз күштері мен әуе күштерін жоюды, қорғаныс өнеркәсібі базасын және Иран террористік режимінің басқару және бақылау орталықтарын жоюды қоса алғанда, өз мақсаттарына «кезегімен» қол жеткізіп жатқанын айтты.

Ол былай деді: «Біз қол жеткізген нәтиже негізінде осы кеште Америка Құрама Штаттарының барлық әскери мақсаттарына өте жақын арада, тезірек қол жеткіземіз деп айта аламын. Алдағы екі-үш аптада біз оларға қарсы өте қуатты соққы жасаймыз».

Ол операция кезінде қаза тапқан 13 американдық әскери қызметші үшін «жұмысты аяқтауға» ант етті.

«Сонымен қатар, біз оларды тас ғасырына қайтарамыз», - деді Трамп. Ол 2015 жылғы саяси науқанның алғашқы күнінен бастап Иранның ядролық қаруға ие болуына «ешқашан» жол бермеуге ант бергенін қосты.

Ол Иранның ядролық қаруға ие болудың «табалдырығында» тұрғанын тілге тиек етіп,  «Ядролық қару ешқашан Иран режиміне сеніп тапсырылмайды», - деп қосты.

«Есірген бұл режим 47 жыл бойы «Америкаға өлім» деп ұрандап келеді - бұл мен қызметке кірісуден көп уақыт бұрын-ақ шешілуі керек еді. Бүгін кештен бастап әрбір американдық Иран агрессиясы мен ядролық бопсалаудың зұлымдығынан ақыры арылатын күнді асыға күтеді. Біз қабылдаған әрекеттердің арқасында Иранның Америка Құрама Штаттары мен әлемге төндіретін зұлым қатерін тоқтатудың шешуші кезеңінде тұрмыз», -  деді.

Ол Америка Құрама Штаттары аймақтағы елдерді, соның ішінде Израильді, Сауд Арабиясын, Катарды, Кувейтті, Біріккен Араб Әмірліктерін және Бахрейнді қолдайтынын айтты.«Олардың әрқандай формадағы қатер мен құқайға ұшырамауына» уәде берді.

Стратегиялық тұрғыдан маңызды Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдаудың тосылуына қатысты Трамп тағы да бұғазды ашуға көмектеспеген елдерге наразылығын білдірді. Әлемдік мұнайдың жиырма пайызы осы маңызды су жолынан өтуі керек. Ол Ормуз бұғазына тәуелді елдерге «өткелді басқаруды» тапсырды.

"Отынға қол жеткізе алмайтын елдер үшін – олардың көпшілігі Иранға қарсы әскери әрекетке қатысудан бас тартқан – Менің  бір ұсынысым бар: Біріншіден, Америка Құрама Штаттарынан мұнай сатып алыңыз; бізде жеткілікті қор бар... Екіншіден: кеш болсада батыл.қадам жасап... бұғазға барыңыз, оны тікелей бақылауға алыңыз, қорғаңыз және өзіңіз үшін пайдаланыңыз. Қиын бөлігі аяқталды, сондықтан бұл оңай болуы керек", - деп сөзін түйіндеді Ақ үй басшысы.

Abai.kz

0 пікір