Бейсенбі, 2 Сәуір 2026
Жаңалықтар 142 0 пікір 2 Сәуір, 2026 сағат 12:22

Қазақстан мен Ресейдің көлік саласындағы жаңа меморандумы 

Сурет GOV.KZ :сайтынан алынды

Құжат көлік саласын цифрландыру, ұшқышсыз технологияларды енгізу, сондай-ақ рұқсат беру рәсімдері мен тауарға қатысты құжаттарды электрондық форматқа көшіру бағытындағы бірлескен жұмысты қамтиды.

Санкт-Петербург қаласында өткен халықаралық көлік-логистика форумы аясында Қазақстан мен Ресей көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтатын маңызды құжатқа қол қойды.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі ұшқышсыз көлік және цифрлық технологияларды дамыту жөніндегі меморандумды бекітті.

Құжат көлік саласын цифрландыру, ұшқышсыз технологияларды енгізу, сондай-ақ рұқсат беру рәсімдері мен тауарға қатысты құжаттарды электрондық форматқа көшіру бағытындағы бірлескен жұмысты қамтиды, - деп хабарлады Көлік министрлігі.

Тараптар алдағы уақытта тәжірибе және ақпарат алмасуды күшейтіп, бірлескен іс-шаралар өткізуді, сондай-ақ заманауи цифрлық технологиялармен жұмыс істейтін мамандарды даярлауды жоспарлап отыр.

Abai.kz

0 пікір