Дүйсенбі, 26 Қазан 2026
1895 0 пікір 11 Сәуір, 2026 сағат 16:22

Адамдарды сиырмен салыстырған – «ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды.

Сурет: stan.kz сайтынан алынды.

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы (келесі – ДІЖБ) азаматтарды қорлайтын материалдарды таратқаны үшін өзін «ұстаз» деп атайтын Нұржан Смағұловты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Өзін діни «ұстаз» ретінде таныстыратын Н.Смағұлов Instagram әлеуметтік желісінде азаматтарды қорлау белгілері бар пікірлер айтылған видеоматериалдарды жариялаған, атап айтқанда оларды «сиырлармен» салыстырған.

Аталған факті бойынша ДІЖБ қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әкімшілік хаттама жасады.
Сот шешімімен Н.Смағұлов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, яғни 108 125 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ басқа азаматтардың сенімдері мен дүниетанымына құрметпен қарау қажеттігін еске саламыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1208
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1685