Сейсенбі, 14 Сәуір 2026
Жаңалықтар 178 0 пікір 14 Сәуір, 2026 сағат 15:31

Ресей заңсыз криптовалюта айналымына жазаны қатайтты

Сурет: inform.kz сайтынан алынды.

Заң шығару қызметі жөніндегі үкіметтік комиссия Орталық банктің рұқсатынсыз ірі көлемде криптовалюта айналымы үшін бас бостандығынан айыру жазасын енгізуді мақұлдады, деп хабарлайды ТАСС. 

Түзетілім 2027 жылдың 1 шілдесінде күшіне енеді.

Тыйым Ресей заңнамасын бұзған цифрлық валюта айналымын ұйымдастырушыларға қолданылады.

Заң жобасында тіркеусіз немесе Ресей банкінің тиісті рұқсатынсыз жүргізілген заңсыз цифрлық валюта айналымы үшін жаза қарастырылған. Қылмыстың міндетті элементі — ірі көлемде материалдық залал келтіру немесе ірі көлемде табыс табу. Ірі көлемде залал келтірудің шегі 3,5 миллион рубль, ал ірі көлемде залал үшін 13 миллион рубль болып белгіленген.

Мұндай қылмыс жасағаны үшін 300 000 рубльге дейін айыппұл салу, мәжбүрлі жұмысқа тарту немесе төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Егер әрекет ұйымдасқан топтың құрамында жасалса немесе аса ірі көлемде залал келтірсе немесе пайда тапса, ең жоғары жаза жеті жылға бас бостандығынан айыруға дейін артады.

Қылмыстық істерді алдын ала тергеу Ресей Тергеу комитеті мен Федералды қауіпсіздік қызметінің тергеушілеріне тапсырылады.

Бұған дейін АҚШ-тың криптовалютамен байланысты алаяқтықтан 11 млрд доллар жоғалтқаны хабарланған болатын.

Abai.kz

0 пікір