Бейсенбі, 16 Сәуір 2026
Әне, көрдің бе? 180 0 пікір 16 Сәуір, 2026 сағат 13:52

«Ит мәселесі» елдегі елеулі тақырыпқа неге айналды?

Сурет: qazaqpress.kz сайтынан алынды.

Парламент Мәжілісінің өткен аптадағы пленарлық отырысында Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданған еді. Осы орайда қоғамда, әсіресе әлеуметтік желілерде тақырыпты мың құбылтқан дабыра пайда болды. Біз төменде «ит тақырыбының» қоғамда, әсіресе қаңғыбас иттердің адамдар өміріне залалды әсерлерінің алдын алу жөніндегі заң жобасын қорғаған Мәжілістегі Экологиялық даму комитетінің төрағасы, депутат Еділ Жаңбыршиннің баяндамасын қаз-қалпында жариялап отырмыз.

Шамамен үш сағаттың ішінде елімізде кемінде 15 адамды ит қабады екен. Орташа есеппен елімізде бір сағатта бес адам иттердің шабуылына ұшырап, таланады.

Яғни, біз осы залда заң талқылап отырған сәтте елдің бір жерінде – аулада, көшеде, мектептің маңында, балалар алаңында немесе аялдама жанында – бір бала, әйел немесе қарт адам ит шабуылының құрбанына айналуы мүмкін. Бұл эмоция емес. Бұл – құрғақ статистика.

Сондықтан біз бүгін жай ғана жануарлар туралы заң қарап отырған жоқпыз. Біз бүгін:

* адам қауіпсіздігі туралы,

* қоғамдық тәртіп туралы,

* мемлекеттің жауапкершілігі туралы,

* ең бастысы – адам өмірі мен денсаулығын қорғау туралы мәселені қарап отырмыз.

Өңірлерде тұрғындармен кездескенде бұралқы иттердің мәселесін шешуді ел бізге аманаттады, «Аманат» партиясы депутаттары заң жобасын әзірлеуге бастама жасады, ал басқа фракциялардағы әріптестеріміз бізді қолдады.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, соңғы бір жылдың ішінде 41 366 адамды ит қапқан. Соның ішінде 23 134 адам бұралқы иттердің шабуылынан зардап шеккен. Салыстыру үшін айтсақ: 2024 жылы ит шабуылының 38 848 жағдайы тіркелсе, оның 24 410-ы бұралқы иттердің шабуылы болған.

Яғни, мәселе азайып жатқан жоқ. Бұл әлі де жүйелі, өткір, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті мәселе болып отыр.

Бұл сандардың артында жай ғана есеп емес, нақты адамдардың тағдыры тұр. Оның артында:

* балалардың жарақаты,

* азаматтардың қорқынышы,

* психологиялық күйзеліс,

* мүгедектікке алып келген жағдайлар,

* ал кейде – адам өлімі тұр.

Бірнеше мысалды еске салайын. Өскеменде қаңғыбас иттер 11 жастағы балаға шабуыл жасады.

Осындай жағдайлар Оралда, Көкшетауда, Жалпақсай ауылында, Қосшыда болды. Ал 2022 жылы Ақтөбе облысында бұралқы иттердің шабуылынан бір бала қаза тапты. Мұның бәрі – жануарларларға жауапкершілікпен қарау заңын қабылданғаннан кейін болған оқиғалар.

Осындай әрбір қайғылы оқиғадан кейін қоғам мемлекетке өте орынды сұрақ қояды: адамдардың қауіпсіздігіне, бұралқы иттер үшін, жүйенің әрекетсіздігіне кім жауап береді?

Егер мемлекет осы сұраққа нақты жауап бере алмаса, онда мәселе тек иттерде емес. Мәселе – құқықтық және басқарушылық вакуумда.

2023 жылғы 19 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өте нақты ұстаным білдірді: «Біз жануарларға жанашырлықпен қарауға міндеттіміз, алайда азаматтардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігі мемлекеттің сөзсіз басымдығы болуы тиіс».

Міне, дәл осы ұстаным осы заң жобасын қараудағы негізгі саяси әрі конституциялық өлшем болуы тиіс. Өйткені қоғамда кейде «адам ба, жануар ма?» деген жасанды қарсы қою пайда болады.

Бірақ біз заң шығарушы ретінде бір нәрсені анық айтуымыз керек:

Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Бұл эмоция емес. Бұл – Конституциямыздың тікелей логикасы.

Что показала практика действующего закона? В 2021 году был принят Закон «Об ответственном обращении с животными». Одним из его базовых инструментов в части регулирования численности бродячих животных стал метод возвратного отлова, то есть «отлов, стерилизация, вакцинация и возврат в прежнюю среду обитания». На этапе принятия он позиционировался как современный и гуманный подход. Но сегодня мы обязаны оценивать его не по декларациям, а по фактическому результату.

А результат, к сожалению, очевиден: численность бродячих собак не сократилась, а выросла. Если в 2022 году было отловлено 243 574 бродячих животных, то по состоянию на 1 января 2026 года — уже 276 282. То есть мы видим не снижение, а рост. Следовательно, действующая модель не решила ключевую задачу, ради которой она и была внедрена.

И здесь нужно говорить честно:

  • если механизм не снижает численность безнадзорных животных;
  • не уменьшает число нападений;
  • не снижает риски для граждан,

значит, этот механизм не работает в необходимой степени.

Мы изучили международную практику. Анализ законодательства и правоприменения показывает, что в мире в основном применяются две модели регулирования численности бродячих животных:

Первая — возвратный отлов.

Вторая — безвозвратный отлов.

При этом необходимо отметить: в мировой практике универсального и абсолютно успешного решения не существует. Но есть очевидный вывод: там, где государство ставит во главу угла именно безопасность граждан, механизм возврата бродячих собак обратно в городскую среду либо не применяется, либо применяется крайне ограниченно.

Показателен пример Турции. На протяжении почти 20 лет там применялась возвратная модель в среду обитания. Но вместо ожидаемого сокращения численности страна столкнулась с её масштабным ростом. По различным оценкам, сегодня в Турции насчитывается около 4 миллионов бродячих собак. Именно поэтому в 2024 году Турция была вынуждена отказаться от прежней модели и перейти к безвозвратному отлову.

Кроме того, мы изучили влияние модели возвратного отлова на санитарно-эпидемиологическую ситуацию. И здесь показателен пример Индии, которая часто приводится как страна с моделью возвратного отлова.

Однако, по данным Всемирной организации здравоохранения:

  • около 36 % всех смертей от бешенства в мире приходится на Индию;
  • до 99 % случаев передачи бешенства человеку происходят от собак.

Это принципиальный сигнал для законодателя!

Сам по себе возврат собак в городскую среду не гарантирует:

— ни снижения численности;

— ни санитарной безопасности;

— ни защиты человека.

Если государство не обеспечивает:

  • полный контроль популяции;
  • сплошную вакцинацию;
  • идентификацию;
  • и жёсткое администрирование,

то такая модель начинает работать против безопасности общества.

Это очень важный вывод. Потому что даже там, где долгое время делалась ставка исключительно на гуманистическую модель, в конечном счёте государство пришло к пониманию: если возникает системная угроза человеку, государство обязано принимать решения в пользу общественной безопасности.

Данный законопроект предлагает не эмоциональный, а системный пересмотр подхода. Он направлен не против животных. Он направлен против правового хаоса, безответственности и управленческой беспомощности, которые сегодня и породили эту проблему.

Первое. Предлагается изменить подход к регулированию численности бродячих собак. Ключевая поправка законопроекта заключается в том, что в отношении бродячих собак предлагается перейти от модели возврата в среду обитания к модели безвозвратного отлова.

Это принципиальный момент. Потому что сегодня государство фактически действует по абсурдной схеме:

  • собаку отлавливают;
  • стерилизуют;
  • вакцинируют;
  • и затем снова возвращают в ту же самую среду, откуда ранее поступали жалобы и угрозы для граждан.

То есть государство само, своими руками, возвращает источник потенциальной опасности обратно в общественное пространство. С точки зрения общественной безопасности эта модель не выдерживает критики. Поэтому предлагается перейти к более реалистичному и ответственному механизму.

Второе. Вводятся сроки обязательного содержания отловленных животных. Первоначально по бродячим животным предлагался срок 15 дней. Однако в ходе работы над законопроектом, с учётом обсуждений, замечаний и необходимости более гибкого регулирования, было принято решение установить: минимальный срок временного содержания — не менее 5 дней, при этом предоставить маслихатам право устанавливать иные, в том числе более длительные сроки содержания.

Для безнадзорных животных, то есть животных, у которых потенциально может быть владелец, предусматривается срок содержания 60 дней.

И здесь я хочу отдельно подчеркнуть очень важную вещь. Вокруг законопроекта уже пытаются формировать эмоциональную манипуляцию, будто бы предлагаемые поправки якобы означают «автоматическую и обязательную эвтаназию всех отловленных животных».

Это не соответствует действительности. Мы не предлагаем жестокость как принцип. Мы предлагаем:

  • порядок;
  • контроль;
  • ответственность;
  • и реалистичный механизм защиты граждан.

Если местные представительные органы — маслихаты — установят более длительные сроки содержания, животные могут содержаться:

  • длительное время;
  • передаваться новым владельцам;
  • содержаться в приютах;
  • а при наличии возможностей — даже до естественной смерти.

Кроме того, такие животные могут быть переданы новым владельцам при соблюдении обязательных процедур:

  • идентификация;
  • учёт;
  • вакцинация;
  • надлежащее содержание.

То есть законопроект предлагает не «карательную», а взвешенную и ответственную модель.

Үшіншіден. Иесіз мысықтарға да қатысты гуманистік тәсіл сақталады. Халықаралық тәжірибе мен тәуекел сипатын талдау нәтижесінде иесіз мысықтарға қатысты қайтадан ортаға қайтару тәсілін сақтау ұсынылады. Бұл – заң жобасының жаппай қатаңдату қағидатына негізделмегенін, керісінше:

* мінез-құлық тәуекелдерінің айырмашылығына,

* санитариялық қауіп деңгейіне,

* және адамға төнетін нақты қатер деңгейіне негізделетінін көрсетеді.

Яғни, заң жобасындағы тәсіл – жазалаушы емес, барынша сараланған.

Төртіншіден. Жергілікті атқарушы органдардың рөлі күшейтіледі.

Заң жобасымен республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына: жануарлардың агрессиясын дереу тоқтатуға бағытталған шұғыл әрекет ету шараларын ұйымдастыру құзыреті беріледі.

Бұл – өте маңызды норма. Өйткені бүгінгі өмірде жиі болатын жағдай мынау: агрессивті иттер тобы адамдардың маңында жүр, ал жүйе сол сәтте:

* кім шығуы керек,

* кім аулауы керек,

* кім әрекет етуі керек,

* кім шешім қабылдауы керек,

* жалпы бұған кім жауапты екенін анықтап жатады.

Яғни, қауіп қазірдің өзінде бар, ал мемлекет механизмі сол сәтте әлі де өз өкілеттігін іздеп жүреді. Бұл – жол беруге болмайтын нәрсе. Егер адамға қауіп бар болса, мемлекеттің реакциясы дереу, нақты және өкілеттікпен қамтамасыз етілген болуы тиіс.

Пятое. Вводится только обязательное чипирование собак и кошек. И это – одна из самых важных системных поправок. Потому что сегодня значительная часть проблемы бродячих собак на самом деле начинается не на улице, а в чьём-то дворе, доме или хозяйстве.

Собаку заводят:

* «для ребёнка»,

* «для охраны»,

* «на дачу»,

* «во двор»,

а потом:

* выбрасывают,

* отпускают без контроля,

* не ставят на учёт,

* не идентифицируют,

* и в случае трагедии заявляют: «Это не моя собака».

Именно поэтому обязательное «чипирование» – это не техническая формальность. Это – правовой инструмент установления владельца и привязки ответственности. Эта норма позволит:

* устанавливать владельца животного;

* исключить безнаказанный выброс животных на улицу;

* обеспечить прозрачный учёт;

* создать реальный механизм контроля и ответственности.

Иными словами, речь идёт о том, чтобы перевести сферу обращения с животными из серой зоны в систему публичной ответственности.

Осыған байланысты депутаттар маңызды нормалар енгізді.

Үй жануарларын серуендету талаптарын бұзуға жол берген иесі немесе жауапты тұлға, соның салдарынан: адамның өмірі мен денсаулығына, басқа жануарларға, не өзге тұлғалардың мүлкіне зиян келсе, келтірілген залалды өтеуге міндетті болады.

Ал егер мұндай әрекет салдарынан адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келсе, онда мұндай жануардың иесі белгіленген тәртіппен эвтаназия жүргізуге міндетті болады.

Алтыншыдан. Ұстауға тыйым салынған және шектеу қойылған жануарларға қатысты қосымша реттеу енгізіледі. Заң жобасымен уәкілетті органға: ұстауға, өсіруге және айналымына тыйым салынған немесе шектеу қойылған жануарлардың тізбесін бекіту құзыреті беріледі.

Бұл да маңызды норма. Өйткені мемлекет қайғылы жағдай болғаннан кейін ғана әрекет етпеуі тиіс. Мемлекет алдын ала:

* қандай жануар түрлері жоғары қауіп төндіретінін;

* қайсысы ерекше құқықтық режимді қажет ететінін анықтауы тиіс.

Тағы бір өте маңызды, принципті мәселеге арнайы тоқталғым келеді.

Қоғамда да, сарапшылар ортасында да жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту мәселесі жиі көтеріліп жүр. Ашық айтайын, біз осыған қатысты тиісті нормаларды дайындадық. Атап айтқанда, мына бағыттар бойынша түзетулер әзірленді:

* жануарларды ұстау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікті күшейту;

* үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру;

* жануарларды өлтіру және кәдеге жарату қағидаларын бұзу;

* сондай-ақ жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту.

Алайда бұл нормалар бүгін қаралып отырған заң жобасына бір қарапайым объективті себеппен енгізілген жоқ. Өйткені осы заң жобасының ілеспе пакетінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс пен Қылмыстық кодекс жоқ. Сондықтан бұл бағыттағы түзетулер әзірленді, тиісті қорытынды алуға жолданды және басқа жеке заң жобасы шеңберінде қаралатын болады. Мұны арнайы айтып отырған себебім – мемлекет тек жануарларды аулау мен ұстауды ғана реттеп отыр деген түсінік болмауы керек.

Біз жануар иелерінің жауапкершілігін де, жануарларды қатыгездіктен қорғау блогын да жүйелі түрде күшейтіп келеміз. Яғни, бұл жерде сөз фрагменттік шешімдер туралы емес, жүйелі заң шығару жұмысы туралы болып отыр.

Мы должны очень чётко понимать: данный законопроект – это не закон «против животных». Это закон:

* за безопасность человека,

* за порядок,

* за ответственность владельца,

* за внятную роль государства,

* и за то, чтобы гуманизм не превращался в правовую беспомощность.

Потому что гуманное отношение к животным – это правильно! Но когда гуманизм подменяет собой здравый смысл, когда под видом «гуманности» государство фактически перестаёт защищать людей, тогда это уже не гуманизм. Это – безответственность.

Сондықтан біз бүгін өте нақты шекараны айқындауымыз керек. Жануарға жанашырлық таныту – адамға немқұрайлылық танытуды білдірмеуі тиіс. Әсіресе сөз: балалар, жүкті әйелдер, қарттар, аулалар, көшелер, мектептер, қоғамдық кеңістіктер туралы болғанда.

Осы заң жобасын қабылдау:

– бұралқы иттердің санын азайтуға;

– адамдар мен басқа жануарларға шабуыл санын қысқартуға;

– жануар иелерінің жауапкершілігін арттыруға;

– жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында жүйелі тәртіп орнатуға;

– мемлекетке нақты әрекет ету тетіктерін беруге;

– ең бастысы – азаматтарымыздың қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Заң презентацияда, ұранда, есепте емес, нақты өмірде – аулада, көшеде, мектептің жанында, адам өзін қауіпсіз сезінуі тиіс жерде жұмыс істеуі керек.

Егер біз бүгін елдегі иттің қабуы мен шабуылын, қайғылы жағдайларды, адам қасіретін азайтуға бір қадам жасай алсақ, онда біз сол қадамды жасауға міндеттіміз.

Еділ Жаңбыршин

Abai.kz

0 пікір