Цифрлық дәуір һәм балалар контенті
Қазіргі антропологиялық трансформация кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық дамуы жаңа мазмұнға ие болуда. Технологиялық прогресс тек ақпаратты тұтыну тәсілін емес, сонымен бірге тұлғаның когнитивті құрылымын да өзгертті. Бұл мақалада біз балаларға арналған медиа-контенттің сапалық сипаттамаларын және жас ұрпақтың креативті индустриядағы рөлін ғылыми тұрғыдан зерделейміз.
Когнитивті даму және медиа-ортаның детерминациясы
Балалардың шығармашылық ойлауы — бұл жай ғана сурет салу немесе ән айту емес, бұл әлемді модельдеудің күрделі психикалық процесі. Л.С. Выготскийдің іліміне сүйенсек, қиял мен шығармашылықтың негізі сыртқы ортадан алынған тәжірибеге тікелей байланысты. Бүгінгі таңда бұл «тәжірибе» негізінен цифрлық контент арқылы қалыптасуда.
Қазіргі балалар контенті (анимация, интерактивті ойындар, білім беру платформалары) жасөспірімнің «жақын даму аймағын» қалыптастырушы негізгі факторға айналды. Алайда, мұнда «клиптік ойлау» феноменінің туындау қаупі бар. Ақпараттың жылдам өзгеруі мен фрагменттілігі терең талдау қабілетін тежеуі мүмкін. Сондықтан, шығармашылық индустрияның басты міндеті — тек көңіл көтеруші емес, когнитивті стимуляция жасаушы мазмұн жасау.
Жасөспірімдердің креативті өзін-өзі жүзеге асыруы: Проsumer феномені
Қазіргі әлеуметтануда «Prosumer» (producer + consumer) термині жиі қолданылады. Жасөспірімдер енді тек контентті тұтынушы емес, оны жасаушы (creator) ретінде де көрініп жүр. Бұл үрдіс «шығармашылық демократиялануына» әкелді.
Сандық құралдардың қолжетімділігі: Мобильді қосымшалар арқылы монтаждау, анимация жасау және музыка жазу баланың техносфералық дағдыларын дамытады.
Әлеуметтік маңыздылық: YouTube, TikTok сияқты платформалар жасөспірімге өзіндік «интеллектуалды өнімін» ұсынуға мүмкіндік береді.
Бірлескен шығармашылық (Collaboration): Желілік қауымдастықтардағы ұжымдық жобалар жасөспірімнің коммуникативті құзыреттілігін арттырады.
Алайда, мұнда авторлық құқық пен медиасауаттылық мәселесі туындайды. Шығармашылық еркіндік этикалық шекаралармен және ақпараттық қауіпсіздікпен ұштасуы қажет.
Педагогикалық инновациялар мен креативті индустрия
Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық потенциалын ашу үшін «стерильді» емес, «ынталандырушы» орта қажет. Креативті хабтар, цифрлық зертханалар мен медиа-мектептер бұл процестің институционалды негізіне айналуда.
Қорытынды: Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығы — бұл мемлекеттің стратегиялық ресурсы. Сапалы балалар контенті тек интеллектуалды өнім емес, ол — ұлттың болашақ интеллектуалды капиталын қалыптастыратын құрал.
Бүгінгі күні біз балалардың шығармашылық еркіндігін шектемей, оған бағыт-бағдар беруіміз керек. Цифрлық әлемде адаспай, өзіндік «менін» таба білген жасөспірім ертеңгі күні бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасады. Контент жасаушылар, педагогтар мен ата-аналардың мақсаты бір — технологияның құлы емес, оның қожайыны бола алатын, қиялы ұшқыр, ойы терең ұрпақ тәрбиелеу.
Әбіл-Серік Әліакбар
Abai.kz