Бейсенбі, 30 Сәуір 2026
Білгенге маржан 183 0 пікір 30 Сәуір, 2026 сағат 13:19

Абақ керейдің Арқадан Алтайға көшу тарихы

Сурет: Автордың мұрағатынан алынды.

Керейлер (немесе керейт) қазақ жане өзге түркі- моңғол халықтары арасында жиі ұшырайтын тайпа. Т жұрнағы моңғол тілінде лар, лер яғни көптік жалғау саналады, керейт керейлер деген мағынаны білдіреді. Әсіресе қазақ сынды саны 20 миллиондық ірі халықтың құраған ең ірі тайпалардың қатарына жатады. 11-13 ғасырдағы керейт хандығының тарихы белгілі оны қайталамаймыз, үйткені керейт ханы Тұғырыл Шыңғыс қағанның өкіл әкесі болғандықтан сол дәуірдегі Шыңғыс қағанға байланысты мол тарихи деректерде керейттер туралы өте мол мағлұматтар бірге қамтылған. 1203 жылы Шыңғыс қаған керейт мемлекетін құлатып өз қарауына алған соң керейт елі жане наймандар Моңғол империясының бастапқы кездердегі жарымынан артық әскери күшін құрады.

Моңғол атанған жалайыр, қоңырат, үйсін, дулат, суан, шанішқылы тайпаларыда сол қатарда. Ендігі жерде осы түркі- моңғол тайпалары Шыңғыс қаған мен оның ұрпақтарының әлемнің ¼ бөлігін бағындыру жорығына қатысып әр жерге тарады. Кейін біртіндеп әр түрлі халықтың ішіне сіңіп кетседе қомақтылау бөліктері түркі-моңғол жұрттарының ішінде өз атауларымен қала берді. Ал қазақ ішіндегілері солардың бір бөлігі ғана. Кейінгі Моңғолдың төрт ұлысына тараған керейлер Юань империясында қалғандары бүгінгі моңғол халықтарының ішінде кетті.

Юань керейлері

1-дәрежелі халықтар - 72 рулы Моңғолдар

1.Арула(арулат) 2.Жалайыртай(жалайыр),3.қошын Маңғытай(қосын Маңғыт),4. Қоңыратай(қоңырат) 5.Қоңқотан 6.Үнжірес 7.ұрғұт 8.Қоралас 9.Бесутай(бесут )10.Керейтай( Керейт) 11.Төбетай 12.Барула(Барулас,барлас) 13.Күлгні 14.Елшыгын15.Жарыжыра(жажырат) 16.Дүрбетай(дұрбен,дұрмен) 17.Татар 18.Қатагын(Қатаған) 19.Сартай 20.Қиятай(Қият) 21.Ілесутай 22. Янбұқатай 23.Дайырлеңсей 24.Шашутай 25.Меркітай (меркіт) 26.Адаргытай(Адарғын) 27.Ұрутай(ұрут) 28. Бедерітай 29.Наитай 30.Екемоқала 31.Нояғытай 32.Адарғытай(адарғын) 33.Икіретай(Икірес ) 34.тайкетай 35.Молқы 36.Ұйғұтай 37.Оймауытай 38.Арлатай(арлат) 39. Баяуытаи(баяуты,Байұлы) 40.Негүдей 41.Ойратай(ойрат) 42.Молқытай(молқы) 43.Жыңыштай 44.Қоңқотан 45.Бесутай (Бесут) 46.Ямусаутаи 47.Мұгұнтатаи 48.Маңғытай(Маңғыт) 49.Татартай(татар) 50.Нояғытай 51.Адарғытай 52.Ғұйсын(Үйсін) 53.Тайыр 54.Ұрутай(ұрут) 55.Шашутай 56.Меркі(меркіт) 57.Ақұрылтай 58.Жамартай 59.Орортай(оронар?) 60.Татартай(Татар) 61.бетек наиматаи(бетек Найман) 62.Екелін қара 63.Қоңыратай 64.Жортай 65.Маңғытай(Маңғыт) 66.Оймауытай(Оймауыт) 67.Дүрбетай(Дүрбен) 68.Барын 69.Сарғытай 70.Барқытай(Барқы) 71.Қадатай 72.Ойра(Ойрат)····(1)

Тізімдегі рулардың ішінде 17 тайпа қазақ құрамындада бар, деседе бұл рулар кейін батысқа беттеп қазақ арасына сіңіскен деп айту қиын. Таңқаларлық жәйіт керей ішінде қатардағы ру молқы тізімде тұр. Бұлар кейін белгілі себептермен батысқа беттеп қазаққа қосылған болуы әбден мүмкін. Осы моңғол атанған тайпалармен сол кезде саны 700 мыңнан асқан қидандардың бір тобы, 400 мың түсті көзділердің бір тобы, таңғыттар, шүршіттер араласып бүгінгі моңғол халықтарын қалыптастырған.

Шағатай ұлысындағы керейттер

Төрт ұлыстың бірі шағатай ұлысында моңғол руларының саны көп болған, үйткені 1264-1301 жылға дейін Қайду-Құбылай ара соғыстар мен тартыстарда Қайду хан моңғолдың дәстүрін қорғауды ұран етіп көтергені үшін көптеген моңғол – түрік рулары Қайдуды жақтап Моңғол даласынан батысқа көшкен(2). Осы себепті кейін шағатай ұлысы моңғол жері немесе Моғолстан атанды. Керейттер осы ұлыстағы белді тайпалардың бірі ретінде тарихи деректерде аталады.

Тұғылық Темірдің жарлығы

Сурет: Автордың мұрағатынан алынды.

Мәтінінде:

«Тұғылық Темірдің жарлығы, Тұғылық Темір сөзім: Қочоның Чынтемір идіқұты, жоғары мәртебелі даруға Болат қия, Өтеміш Құтылық қия, керей аналы болатын Асен Қочоның суларын басқару...» деген сөздер бар. Тұғылық Темір 1347-1361 жылдары хан болған Шағатай ұрпағы. Керей аналы дегеніне қарағанда сондағы керейлермен құдандалы әулеттің Асен атты адамы болса керек.

Тұғылық Темір хан ислам өз билігін нығайтып ислам дінін қабылдайды, толық билікке жеткен соң шағатай ұлысына тәуелді Мәуераннахрды қайта қосып алу үшін жорыққа аттанады.

«Тұғылық  Темір хан 1361 жылы үлкен қолмен Мәуераннахрға бет қойды. Ташкент даласындағы  Ходжент өзені маңында «Чана бұлақ» деген жерде біраз аялдап, төрелері мен бектерін жиып кеңес ашады. Кеңесе келе әмірлер мынадай шешімге келеді: Керейт тайпасынан Ұлық Тоқтемірді, Арқанұт (Арғын?) тайпасынан Қажыбекті, қаңлы тайпасынан Қажыбекті алдыңғы сапқа жіберуді жөн деп тапты. Бұл үш әмір жарлықты екі етпей өз міндеттеріне кірісіп кетті»(3)

Мәуераннахрда алып оған өз ұлы Ілияс Қожаны  отырғызадыда өз ордасына қайытқан Тұғылық Темір 1363 жылы қайтыс болады. Орайдан пайдаланған Әмір Темір Мәуераннахрда моғолдармен кескілескен соғыстар жүргізеді. Деседе ислам дінін қабылдаудан бас тартып ойраттарға қосылып кеткен тайпаларда болған, соның қатарында Моғолстан керейттерінде кіргізуге болады.

1365-1366 жылдары Балшық соғысында моғол әскері уақытша болсада Әмір Темірді жеңеді. «Моғол әскерінен керейт Ұлық Тоқтемірдің ұлы Кепек Темір , Ширауыл, Қажыбек, Ангыршақ салт бойынша алдыңғы шепке келіп Темір әскерін талқандады»(4)

1365 жылы дулат әмірі Қамар Ад-Дин Ілияс Қожаны өлтіріп билікті тартып аладыда Әмір Темірмен соғысады. Оның тұсында Әмір Темір Моғолстанға бес рет басып кіріп Тарбағатай тауларына дейін жорық жасап ауыр қырғын мен тонаушылық жүргізеді. Қамар Ад-дин 1390 жылы Тоқтамыс ханмен одақтасып күресседе жеңіліске ұшырайды, осы соғыстарда Моғолстан керейттеріде ауыр ойраншылыққа тап болады. Әліде исламды толық қабылдамаған, не үстірт қана қабылдаған көшпенділерді Әмір Темір «дінсіздер» деп қатты тізе батырған, керейттердің Моғолстаннан дерлік кетіп қалуына себептің бірі осы болуыда мүмкін.

«Керейт тайпасының әмірі Куфыра жане Өзбек Темір бірде Әмір Темірді жақтап көмек сұраса, бірде қарсы шықты. Әмір Темір оларды басып -жәншу үшін аттанды. Олар Алмату маңында Айша қатұн өзені бойында керейт елімен соғысты, шәйқас бітіммен аяқталды.»(5) «Тарихи Рашиди» еңбегінде осыдан кейін Моғолстандағы болған оқиғаларда керейттер туралы айтылмайды, шамасы бір тобы Әмір Темірге кеткен, олардың ұрпақтары кейінгі Сыр бойын мекендеген керейттер яғни кіші жүз керейттері болса керек. Ал қалғаны ойраттарға жане Тоқтамысқа қараған Сібір даласына кеткен сияқты.

Жошы ұлысының жане сібір хандығының керейлері

Жошы ұлысындағы 92 баулы ру-тайпалардың ішінде керейт, керей деген екі тайпа қатар аталады.

Тоқсан екі рудың аттары мынандай: 1. Мың, 2. Жүз, 3. Қырық, 4. Үгажат, 5. Жалайыр, 6. Прай, 7. Қоңырат, 8. Алшын, 9. Найман, 10. Арғын, 11. Қыпшак, 12. Қалмақ, 13. Фрат. 14. Қырықтық, 15. Торғауыт, 16. Бурлан, 17. Шымыршық, 18. Қатаған, 19. Кәжі, 20. Кенекас, 21. Бүйрат, 22. Ойрат, 23. Қиат, 24. Бағлан, 25. Қытай, 26. Қаңлы, 27. Өзбек (өзінше білуші), 28. Қойшы, 29. Бұланшы, 30. Шабұт, 31. Жоют, 32. Шілшауыт, 33. Баяуыт, 34. Отаршы, 35. Арлат, 36. Қерейт,. 37. Ұнғұт, 38. Манғыт. 39. Танғұт, 40. Оймауыт, 41. Қашат, 42. Меркіт, 43. Бұркат, 44. Қият, 45. Қоралас, 46. Төралас, 47. Қырараб, 48. Илашы, 49. Шұбырған, 50. Қышлақ, 51. Оғлан, 52. Түркмен, 53. Дүрмен, 54. Табут, 55. Тама, 56. Мачад. 57. Кердері, 58. Рамдан, 59, Керей, 60. Надай, 61. Қафсана, 62. Қырғыз, 63. Ұяршы, 64. Жойрат, 65. Үйсін, 66. Жорға. 67. Баташ, 68. Қойсын, 69. Молдыз, 70. Тебел, 71. Татыр, 72. Тілеу, 73. Басхал, 74. Ниан, 75. Қазған, 76. Шірін, 77. Ұнтан, 78. Курлат, 79. Шілкас, 80. Үйкорған, 81. Тарғын,82. Жабу, 83. Суран, 84. Тұрғақ 85. Мутиян, 86. Қаска, 87. Мажар, 88. Тушлық, 89. Шоран, 90. Шүршіт. 91. Баһршы, 92. Ұйғұрат.(6)

Бұған қарағанда екі топ тайпа Жошы ұлысына ұқсамаған дәуірлерде барған сияқты, керейт аталғандар Жошы ұлысында моңғол тілі әлі сақталып тұрған кезде өмір сүргенде моңғолша т көптік жалғауы өз қалпында қалған. Ал керей онан көп кейін барған немесе түркі тілі үстемдік алған кезеңде барып т жалғауынсыз керей аталған болуы мүмкін. Деседе осы керейтте, керейде Сібір мен Дешті қыпшақтағы тайпалармен араласып құрамы, түр- тұлғасы өзгеріске ұшырағаны анық. Оларға қосылған жерлік қыпшақ не өзге Сібір тайпаларының болғанында дау жоқ, сондықтан екі тайпада кейін айырмашылықтар көбейген, деседе екеуіне ортақ ашамайлы, жастабан, жәдік аталарының болуы белгілі мөлшерде қандастықтыңда сақталғанын түсіндіреді.

Осы тізімде керей құрамында болған торғауыт(Тұрғұт) тайпасы туралыда сондай, тұрғақ пен тұрғұт бір атау, тұрғұт тұрғтар деген  моңғол сөзі. Тұрғақтардыңда бір бөлімі керейлер мен бірге орта жүзге қосылған. Керейлердің Алтын Орда тарихындағы тарихы Сібір хандығымен тіке байланысты екенінде гүмән жоқ.

Сібір хандығы мен Түмен қаласын XIII ғасырда Тайбуға құрған. Ол, бәлкім керейлерден болған .(7) 1428-жылы 16 жасар Әбілқайыр Шынги Тура қаласында хан болған шақта Сібірді билеген Тайбуға әулетінің билігіне таласқан. Қазақ хандығы құрылған 1465 жылдары Сібірді Шибандық Ибақ хан билеген. Алтын Орданың исламға кіру заманында Орталық Қазақстан мен Сібір, Шығыс Қазақстан өңірлеріне ислам тарамады да ондағы көшпенділерді өзгелер «қалмақ» деп атады.

Керейлердің қазақ ордасына қосылуы туралы пікірлер

Сурет: Автордың мұрағатынан алынды. Қазақ хандығы картасы. 1730ж. Сталленберг (8).

Қазақ хандығының тарихына қатысты деректерде көбінде қазақтар деп аталадыда оның ішіндегі рулары айтыла бермейтіндіктен қайсы тайпа қашан қазаққа қосылғанын айту қиын, сол қатарда керейлердіңде дәл қашан қазақ хандыығына кіргенін ешкімде дәп басып айта алмайды.

Егер Сібір хандығында керейлер саны көп жетекші тайпа екеніне күмән болмаса онда сібір хандығы құлаған соң керейлер қосылды деуге негіз бар, сонымен қатар 1580-1590 жылдары Тіуекел ханның Ұлытау қалмақтарын жеңгеннен кейінде сол қалмақ атанған тайпалар қатарында керейлерде қазаққа қосылған деуге болады.

1598 жылы сібір хандығы жойылды дегенмен Миллер бойынша 16-17 ғасырда Көшімнің ханзадалары қалмақтармен одақтасып бірге жүрген. Қалмақтар яғни ойраттар 1580 жылдары шығыстық моңғолдардан жеңілгеннен кейін Алтайдан батысқа қарай босты, сауда үшін Сібірдегі Ресейдың Омбы, Тюмен, Орынбор, Томск қалаларына келіп тұрды. Ойрат одағындада түркі рулары көп болған. Осы қалмақтардың екі тайшысы болды, бірінің аты -Абақ тайшы. Олар Маскеуге елші жіберіп қарым-қатынас орната бастаған. Қалмақтар Алтай тауындағы мекенінен моңғолдың Алтан ханы мен Қарақұлай хонтайшы арасындағы соғыстар себеп болған, олар ауа кешіп Об өзеніне дейін барған. (9) Бұл жағыдайды 1723-1727 жылдарда жоңғарлардың Ташкент, Түркістан бастаған бүкіл Сыр бойы қалаларын тартып алғаннан кейін қазақтардың Орск сияқты орыс қалаларының төңірегіне келе бастағанына ұқсатуға болар еді.  Бұндағы Абақ тайшы кім? Абақ керейлердің  бұрынғы тайпалық ұраны- Абақ. Оның қалмақ болуы ислам дініне кірмеуіне байланысты, ал Сібірге ислам дінін Көшім хан 1580 жылдары Бұхардан имамдар тарту арқылы таратқаны белгілі, тіпті 18 ғасырдың соңындағы керейлердеде ислами көзқарас өте төмен болғаны деректерде көрсетілген. Абақ керейлердің 18 ғасырдың екінші жартысында « Ата мекен Алтай» деген идеияларының болуы 1590 жылдары Алтайдан ауған түркі-қалмақтары болмауына кім кепіл?

Қазақ керейіт руы, Орта жүздің керей тайпасыда керейт тайпаларының ортағасырлық конфедерациясынан шыққан[10]. Ғалымдардың пікірінше, керейттердің ата-бабалары хере (қарға) құсына табынған, ал уақыт өте келе тотемнің атауы хереид (керейт) этникалық атауына айналған[11]. Ван ханның тұсында ортағасырлық керейттер несториан дінін ұстанған.

Кіші жүз керейттері

Ежелгі керей халықының қалдығы керейт руы, Кіші жүздің басқа рулары сияқты, Ноғай Ордасы ыдырағаннан кейін қазаққа қосылған болуы мүмкін. Ноғай Ордасында керейттер ең көп «элелердің» бірі болған. Шежіре бойынша, рудың негізін қалаушы Ақсақал болған. Рудың ұран (ұран) оның құрметіне таңдалған[12]. Керейттер тағы алты румен бірге Жетіру тайпасына Тәуке ханның тұсында біріктірілген. Бұл туралы орыс дипломаты А. И. Тевкелев 1748 жылы жазған [13].  Демек кіші жүз керейттері Алтын Орда керейттері ме әлде Моғолстан керейттері ме деген сауал туады. Орта жүз абақ керейдің ұлы жүзден бөлініп шыққанын шежірелер көрсетеді, ұлы жүз шежіресінде Абақ пен Ақсақал ағайынды, ал абақтан абақ керей тараса, ал Ақсақалдан керейт тарайды, бұған қарағанда керейттер Моғолстанда болып бір тобы Әмір Темірге кетіп онан Ноғай ордасында болғанын, онан кейін уақтармен бірге қазақ ордасына қосылғанын көруге болады, керейттеде, уақтада шәйкөз , сарман, обаған деген ортақ рулар бар. Уақ тайпасы 18- ғасырдың басына дейін уақ-керей атанып кейін уақ атанған.

Жоңғарлармен соғыс кезінде керейт қолбасшысы Тайлақ батыр [14] деген атаққа ие болды. Кіші жүз қазақтарының рухани көсемі Мүсірәлі Жәдікұлы туралы көптеген аңыздар сақталған. Оның ұлдарының бірі Шүкірәлі-қожа орыс құжаттарында Анна Иоанновнаға адалдыққа ант берген керейт көсемдерінің бірі ретінде аталады. Керейттер арасында Мүсірәлі Жәдікұлының тағы бір ұлы Қосымқожа танымал және ықпалды болды. Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін, ол құрылтайда ұлы Нұралыны жаңа билеуші ​​ретінде қолдады. Бірақ 1755 жылы Қосымқожа ханды Хиуа хандығымен соғысуға дайындалып жатқанда қолдаудан бас тартты. Нәтижесінде әскери жорық болмады. Сол жылы ол сәтсіз көтерілістен кейін қазақтарға қашып кеткен башқұрттарды қудалауды қолдамады. 19 ғасырдың басында ақсақалдар Манақ би мен Қосқұлақ би болды[15]. Керейлер Манақ би мен Нысанбай жырау [қазақ] Кенесары көтерілісіне қатысты. Кейінірек Нысанбай «Кенесары-Наурызбай» эпопеясын жазды[16]. 19 ғасырда керейттер Хиуа хандығына тәуелді болды; 1850 жылдары олардың жерлері Ресей империясына қосылды. 1864 жылы олар Ресей империясы әскерлерінің Түркістан жорықтарына қатысты[17]. 19 ғасырда керейт бес болыс болып екі болысы Қызлордада, үш болысы Өзбекстан жерінде болды.

Керейттер19 ғасырдың басында шамамен 4 мың отбасы болған. 20 ғасырдың басында халық саны кейбір деректер бойынша 15-20 мың адамға, ал басқалары бойынша шамамен 12 мыңға жеткен[18]. Басқа деректер бойынша, 19 ғасырдың аяғында ру саны 30-35 мың адамға дейін жеткен. Керейттер Қызылорда обылысы жане онымен іргелес Өзбестан мемлекетінде тұрады.

18-ғасырдағы орта жүз керейлерінің Сарыарқадағы тарихы

18- ғасырдың басынан бастап Ресеймен арадағы қатынастарға байланысты Ресей архивтерінде , 18- ғасырдың ортасынан бастап Цинь империясының архивтерінде қазақ хандығы туралы мәліметтер мол болды. 19- ғасырдың ортасынан бастап оқу-ағартудың дамуына ілесе өз елінің тарихы мен шежіресін жазатындар көбейді.

Қажынәби Досқайұлы өзінің «Абақ керей» атты көлемді мақаласында:

«Керей елі моңғолдардың үш реткі шабуылы мен талан-таражына ұшырап Алтайдан ауған».(19). Бұған қарағанда 16-ғасырдың соңында шығыстық моңғолдар мен ойраттардың кемі үш реткі шабуылы болғанын көреміз. Осы үш реткі жорыықта көшкен ол абақ керей, ашамайлы керей емес, шамасы абақ керей тегі Моғолстан керейттерінен шықса керек, Алтай тауыда әсілі Моғолстанның шығыс солтүстік шегарасы еді. Кейінгі Әмір Темірдің жорықтарынан соң ойраттарға барып 15-ғасырдың басынан 16- ғасырдың соңына дейін Алтайда мекендеп онан кейін Сарыарқаға келген сияқты.  1723-1780 жылдар арасында  керейлер Қазақстанның 11 облысын айнала көшкен, онан іргелес Ресей, Қытай, Моңғолия жерінеде табан тіреген. Ақыт Қажының «абақ керей шежіресі» атты дастанда былай айтылады:

«Қайтадан Абақ көшіп келген екен,

Маңайын Қызылжардың қылған мекен.»(20).

Шежіре бойынша Абақ ана , төркіні ұлы жүз, Моғолстан тайпалары дулат, қаңлы, жалайырлардың ұлы жүз болып ұйысқанын білеміз, абақ керейдің тегінің ұлы жүз болуыда осы ұлы жүз жері Моғолстаннан шыққанына сәйкеседі, Моғолстанның Алтай, Тарбағатайы 1417 жылы ойратқа қарағанда абақ керей сол Алтай-Тарбағатайда қалса керек, кейін Сарыарқаға, Қызылжарға дейін барған. Абақтың Қызылжарға келуі Алтайдан ауып Сібірге келуді түсіндіреді.

Ел ауызында қалған шежіре-аңыздар бойынша: «Едірей, Арқалық таулары бұрын керейдің қонысы болған екен...»(21) Ер Жәнібек батыр осы Сарыарқада туылған деседі. Үйіткені «Ақтабан-шұбырынды» дан кейін керейлер Сыр бойына барып , онан батысқа беттеп , онан барып Сарыарқаға қайырыладыда арғындармен Сарыарқада жақын қонып құдаласқан, , Жәнібектің нағашысыда арғын Қазыбек би болуыда осының дәлелі. Оның атын қойғанда Шақшақ Жәнібек батыр.

1736-жылы 23 желтоқсан, Иван Кириловтың патша кеңесіне жазған хатынан:

«Қазақтың орта жүзінің кіші керей руы, Әбілманбет хан, Абылай сұлтан Тобыл мен Есіл өзендерін жәйләйді, кейде Ертіске таяп барады.(22) Бұл дерек керейде , әсіресе абақ керей бұрын төреге қарамаған деген пікірді терістейді, арғын, найман тайпаларымен бірге Әбілманбет, Абылай хандарға қараған.

Қалдан Серен(1727-1745)билігі кезінің алғашқы жылдары 1731-1734 жылдары бірнеше  рет Цинь империясымен соғыста болдыда қазақ хандығына қарата соғысы бісеңдеді. Цинге қарсы соғыста Қангай тауына дейін соғысып ақыры Алтай тауын шегара етіп бітісті. Осы аралықта батыс шегарада қазақтар жоңғар қарауылдарымен ұдайы соғыста болды, қазақтарды жазалау мақсатында 1939 жылы қазақтарға қайта шабуыл жасады, ол кезде Сыр бойы Жоңғар қолында қалғандықтан Сарыарқаға басып кірді.

1737- жылы 11- қыркүйек Орта жүздің  Әбілманбет ханы мен Абылай сұлтанының Тевкелевке жазған хатынан:

Әбілманбет ханнан, Абылай сұлтаннан, абақ керейдің барлық ел ағалары мен билерінен Тевкелев мырзаға тағызым. «1739- жылы жоңғар әскері 24000 әскермен екі бағытқа бөліне шабуыл жасап қанжығалы, қарауыл, ашамайлы керей, уақ, абақ керей қатарлы бес рудың ауылдарын шапты…»(23)

1740 жылы 25 қаңтар. «Ертіс пен Есіл өзендері бойын мекендеген орта жүз қазақтарына, абақ керей ұлыстарына, Әбілманбет сұлтанның иеліктеріне 15 мың жоңғар әскері шабуыл жасап, ауылдарды талқандады, қыруар мал мен адамдарды алып кетті. Осының салдарынан қазақтар Жәйіқ бойына қарай көшті… 1740 жылы тамызда орта жүздің Әбілманбет ханы мен Абылай сұлтаны  ел ағаларымен көп халқын ертіп  Орынбордың іргесіне келді(24)

Бұл реткі жорықта 30 мың жоңғар әскерінің 15 мыңын Сарманжы бастап Сарарқаға басып кіріп керей қатарлы руларды шапса, 15 мыңы Сыр бойын бойлап Аралдың маңындағы кіші жүзге шабуыл жасады. Осы себепті орта жүздің көп рулары Орск бекінісі маңына ауып барады. Абақ керейде сол өзге рулар қатарында Орға барады. 20- ғасырдың басында өмір сүрген шежіреші Қылышбай Нұрдыбайұлы жазып қалдырған шежіреде абақ керейдің Ордың қара ағашын мекендегені, сол Ордың қара ағашынан жасалған маңдайшалар, таяныш, шідер тиегі әлі күнге Алтай керейлерінде сақталған дейді(25). Асқар Татанайұлы: «Шақабай Қосыкенің шаңырағында Ордың қара ағашынан істелген табалдырық, маңдайшамыз деген мұраларды 1978 жылы өз көзіммен көрдім дейді.(26)

1741-жылы Септен ноян бастаған жоңғар әскерлері Абылайды тұтқынға алады(27)

1742-жылы генерал Павлуцкидің мәлімдеуі бойынша қазақ арасына барған Аққұс деген башқұрт тыңшыны қазақ арасына жіберген, ол адам қыпшақ жане керей болыстарынада барып қайытқан» (28)деседе бұнда осы екі рудың нақ қай жерде отырғаны айтылмаған, деседе олармен іргелес арғындардың Тобыл мен Обаған өзендері бойында жүргендігі айтылады.

1742-жылы тамыз айында Әбілқайыр ханмен бірге Орынборға барып ант берген мыңнан аса қазақ ел ағаларының қатарында керейден мынадай кісілердің аттары аталады: Құттыбай би, Саламат би, Сасықбай батыр, Жарас би, Кішкентай батыр, Қаңбақ батыр, Үсен батыр, Көрпеш батыр, Жапа батыр, Еңкілдес батыр, Алшынбай батыр, Боқай батыр, Адырғай батыр, Өмір батыр, Бекберді батыр,  Сырымбет батыр, Асан батыр, Тәттіқұжа батыр, Алдоңғар батыр, Амалдық батыр.  Ат керей Әлімбет би, Уақ керей Ақбота батыр, Абақ керей Байсейт батыр, абақ керей Қожаберген батыр, тағы Қуат батыр, Жаңабай батыр, Алтынбай байлар ант берген(29)

Бұл деректе Байсейт батыр абақ керей жастабан руынан, ал Қожаберген батыр абақ керей шыбарайғыр руынан, бұл деректер керейдің Орға барғанын тіптіде дәлелдей түседі.

Қазақ ел ағаларының, Әбілқайыр ханның Ресей бодандығына ауыз жүзінде ант беруінің үлкен себептері болды: біріншіден , қазақтар Түркістан бастаған 25 қаладан айырылып сауда-айырбас жасау үлкен мәселеге айналды. Екінші, Ресей бодандығына ауыз жүзінде кірсе нағыз бодан Еділ қалмағы мен башқұрттардың шабуылын азайтуға болатын еді.

Сонымен бір уақытта яғни 1742-жылдың тамыз айында орта жүз қазақтары жоңғардың Қалдан Серен қоңтайжысына бағынуға келіскен(30)

Сол кездері керей тайпасы кіші жүз ханы Әбілқайырдың ұлы Ералы сұлтанның билігінде болғаны айтылады. « 1743- жылы 30- тамызда Әбілманбет ханға барып қайытқан Иван Лапин мен Мәнсүр Аксаков керей тайпасын билейтін Ералы сұлтанның ауылына барады» Олар тағы олардан Абылай сұлтанның жоңғар тұтқынынан босап келгінін, қасында жоңғардың 30 адамы бар екенін естиді.

1743-жылғы келісімнен кейін орта жүз хандары қайтадан Сыр бойы қалаларына жоңғарлар атынан билік жүргізген сыңайлы үйткені 1749- жылы Неплюевтің кіші жүздің Нұрәлі ханымен жүргізген келіссөздерінде Жәнібек тарханның : «Абылай сұлтанның қол астындағы ел негізінен арғындар, ел ағасы мен (Шақшақ Жәнібек батыр), Барақ сұлтан, орта жүз жеті руға бөлінеді, Барақ сұлтан Әбілқайырды өлтірген соң кіші жүзден қауіптеніп Түркістан мен Ташкент арасын жәйлап жүр(31)

Қалдан Серен өте көреген саясаткер тұлға болатын, оның қазақтармен бітісіп , келісімге келуінің аржағында күшейіп келе жатқан Ресей империясы мен арада қазақ хандығын қалқан ретінде ұстағысы келгені анық. Терістік Алтай мен Сібірде онсызда жоңғар шегарасына Ресей үлкен қауып болатын. 1745- жылы Қалдан Серен өлген соң орынына Суан Доржы отырды, оны Лама Доржы өлтірді, Лама Доржыға қарсы Даушы мен Әмірсана қазақ хандығына қашты.

1751-жылы күзде жоңғар хандығындағы тақ таласында жеңілген Әмірсана мен Дауашы қазақ арасына қашып келіп паналайды. Қазақтар Ұлытауда жиын өткізіп бұл нояндарды жоңғарларға бермеу туралы шешім қабылдады, оларды тапсырып беруден бас тартқандықтан Лама Доржы қазақтарға қарсы әскер аттандырады. Осы жолы «Садыр бастаған 3000 адамдық жоңғар әскерлері Ұлытау мен Кішітаудағы уақтарды, одан кейін Жыланды бойындағы наймандар мен керейлерді шауып 3000 қазақты айдап әкеткен. Тұтқындар арасында уақ Баян батыр мен ақ найман Ажыбек батыр бар екен. Қазақтар дүрлігіп бет-бетімен бытырай қашқан. Бұған өзін кінәлі санаған Дауашы өзінің 200 жігітін ертіп соңдарынан қуған, оларға абақ керей Қожаберген батыр, Қошқарбай батыр , Досымбет батыр, Өмір батыр бірге аттанған, олар қуып жетіп біраз адамды өлтіріп мал мен тұтқындарды қайтарып алған, әрі жоңғар шегі болған Баянтау(Бауанауыл) ға жетіп ерулеген. Көп кешікпей жоңғарлар 30000 әскер аттандырған, қазақтар ауа көшті тек Дауашы мен Әмірсананы паналатып отырған абақ керейлер Ертіс пен Есіл бойында қыстап қалды» (32)

1751-1756 жылдары қазақтар жоңғарлардың берекесіздігінен пайдаланып олармен соғыста үздіксіз жеңістерге жетіп бұрын жоңғарлар басып алған қазақ жерлерін қайтарып ала бастайды. 1753-жылы жоңғардың Намик Доржы бастаған Жаңа әмірші Дауашыға наразы болып 10000 үйлік елімен Сарысуға қарай кетікенде Еділ қалмақтарына қосылмақ(33) Бұл онсызда құлдырап бара жатқан жоңғарлардың әскери күшін тіптіде әлсіретеді.

1754-жылы Дауашыдан жеңілген Әмірсана қытайға бағынатынын білдірді, деседе қытайды билеген манчжур патшасы оған сенген жоқ, оны өз мақсатына пайдалану үшін 1755- жылы 10000 ойрат-қытай(шүршіт) әскерін бастап Жоңғарияға аттанды, Жоңғар хандығы талқандалды. 1754- жылы Абылай, Батма Серендер 10000 қол бастап Боратала қатарлы жерлердегі жоңғар малшыларын шауып , малдарын алып кетті(34)

«Моңғолдардың шығу тегі тарихы» ында былай делінген: «Дауашының кезінде жоңғар Дорот Шелен Ноян мен Чорос Баланлинчин Ноян қазақ әскерлерін Дауашыға шабуыл жасауға бастап барған. Қазақтар Алтын ғибадатхана мен Күміс ғибадатхананы қиратты»- дейді. Тот моңғол жазуымен жазылғанм «Жоңғарлардың қысқаша тарихы» ыда 1753 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейін Дауашы мен Әмірсанаға шабуыл жасау үшін үш рет әскер жібергені, бірақ барлық әрекеттер сәтсіз аяқталғаны жазылған. Әмірсана Дауашыға қарсы шабуыл жасауды шешті, бірақ оның күштері жеткіліксіз болды. Желтоқсанда Әмірсана ағасы Банжурды сол жақ қазақ ханы Абылай ханына көмек сұрап жіберді. Абылай хан Әмірсананы нығайту үшін 5000 қазақ сарбазын 400 ат және 700 түйемен жіберді. Бұл қазақ сарбаздары солтүстік-батыстан Ілеге шабуыл жасап, Алтын шатыр ғибадатханасын (Гүрза ғибадатханасы) және Күміс шатыр ғибадатханасын (Хайнук ғибадатханасы) өртеп, Еркетенг, Букус және Балдамуттың үш отогын жойды.(35) 1755- жылы 6 наурызда  қазақ әскерлері Іле өңіріне басып кіріп тараншылардың бидәйі мен жүгерісін тонап кеткен.(36)

10-науырда Цинь империясының жеделхаттарында былай делінген:

«Қазақтардың қарулы күші недауыр мығым. Оның үстіне олардың қолы Дауашыға ұрымтал жерде тұр. Сол үшін Дауашыны қазақтар тұтқындағаннан Әмірсананың немесе Сарылдың тұтқындағаны әбзал… осылайша тез арада шешуші жеңіске қол жеткізіңдер…»(37) Бұл деректер Цинь империясының жоңғарларды қазақтар бізден бұрын жаулап алама деген күдігімен қатар жоңғар сынды мемлекетті бөлісіп алатын қазақ сынды бәсекелестің шыққанына разы болмаған көңіл-күйлері байқалады. Олар қазақтардың жоңғар териториясының қомақты бөлігін иелеп кетуін қаламаған.

1755-жылы сәуірде қазақ әскерлері Дауашыны жеңді(38)

1755- жылы мамырда Абылай сұлтан 10000 әскермен жоңғар жеріне соғысуға кетті(153- номерлі құжатта)

Қытай императоры Абылайға былай деп хат жазды: «Жоңғарлар ежелден қазақтарға өш еді, қытай патшасы оларды тыныштандырған соң жарлық түсіріп жоңғарлардың қазақтарға шабуыл жасауына тиім салды. Ал сенің қазақтарыңның ел болу болмауы өз еркінде, бірақ шегараны тыныш сақтауларың керек. Өз беттеріңмен шегарадан өтіп келіп жоңғарларды тонауларыңа болмайды. Егер осы жарлыққа бағынбасаңдар қалың қол жіберіп шабуыл жасаймыз, өкініп қалып жүрмеңдер». «Қазыр жоңғар жері тыныштандырылды, олардың бәрі бізге бағынышты. Оған дейін сендерге тиісіп келгені тиылды. Егер сендер бізге ел болғыларың келсе еселеген мейір-ыхыласпен сыи – сияпатқа бөленесіңдер. Егер өзднрің өз алдарыңа ел болып тұрғыларың келсе шегараны тыныш сақтап тұруларың керек. Шабуыл жасап бізді әуіре -сарсаңға салмаңыздар»(39)(40)

Бұдан Цинь үкіметінің жоңғарлар бұрын иелеген територия қазыр бізге тән, ол жерлерге кірулеріңе болмайды деген емеурінін байқауға болады. 1755-жылы қыркүйекте: «Мен Банди 1755- жылы шілдеде Абылайға бардым. Әмірсана , Банжур мен арқылы Абылайға патша өзі 90000 әскермен жане оған қосылған 100000 ойрат әскерімен осылай үлкен жорық жасап жоңғар жерін тыныштандырдым»- дейді (41)

Жалпы Цинь империясында 800 мыңнан аса тұрақты армия болған. Жоңғарды жоюға 100 мың айналасында әскери күш жұмсалған. Егер Цинь қазақты жаулап алса оған әскери шығынмен қоса ол жерлерді ұстап тұру үшінде үлкен шығын керек еді. Жоңғар жорығы үшінде қазынадан орасан зор қаражат жұмсалған, онан ары соғысу сол кезде Циньдіктер үшін тиімсіз болды, онан тыс олар қазақтардың жалпы жағыдайы мен күш -қуаты туралы түсініктеріде болмады.

Жоңғар мемлекетіне қарасты керейт тайпасы

1750 жылдарда жоңғар мемлекетінде көшпенді жұрттың саны 600 мыңнан асқан. Оның бір бөлігін қырғыз, төлеңгіт сияқты түркі халықтары құраған. Сол қатарда керей, дулат сияқты қазақ рулары немесе ортақ ру- тайпалар болды. Жоңғарияда: «Керейт екі зайсан, 6000 түтін, бір отог. Абақас, қадан бір зайсан, бір отог, 4000 түтін. Дулаттар бір зайсан, 4000 түтін, бір отог»(42).  Бұндағы абақас моңғолша абақтар деген сөз, абақ керейлермен тегі бір болуы мүмкін. Жоғарыда айтқанымыздай Моғолстан керейттерінің бір тобы, дулаттардың бір тобы ойраттарға қосылып кеткен немесе бұлар жоңғар қоластындағы қазақ тайпалары болуыда мүмкін. Осы саны сол дәірде қазақпен шамалас немесе азырақ жоңғар көшпенділерін 1756 жылы Цинь үкіметі геноцидке ұшыратып , жаппай қырып-жойды.

«Жүздеген мың үй шаруашылығының оннан төртеуі шешектен қайтыс болды, оннан екісі Ресей мен Қазаққа қашып кетті, ал оннан үшеуі ақырында әскер қолынан қаза тапты. Сыйлық ретінде берілген тұтқын  әйелдер мен балалардан басқа, бағынған және сол арнайы жерге қоныстанған бірнеше мың ойрат үй шаруашылығы ғана қалды, және олар гарнизондарға бөлінді. Айналада мыңдаған шақырым жерде бірде-бір ойрат киіз үйі қалған жоқ.»(43). 600 мың халықтың 20% қазаққа қосылса бұл аз сан емес, әрине оның бәрі моңғол тілді халық емес. Ойраттың бір тобының қазаққа қашқанын құжаттарда дәлелдейді.

Цинь императорының 1757 жылы 1 қыркүйектегі жарлығында:

«... Меніңше сіздерге артықша заң-ереже қолдану қажетсіз, бізден тым шалғай тұрғандықтарыңыз үшін,  сіздерді халқа моңғолдарымен тең қоюға болмайды, сіз хан атанған болсаңыз оны мойындаймын...қарақшы Әмірсана жерімізге келсе дереу ұстап тапсырамын депсіз, мен сөзіңізге кәміл сенемін... Жоңғарлар иелеген жерлердің барлығы біздің иелігіміз. Сондықтан сіз өз еліңіздің топырағын қорғаңыз. Армиямыз жеңісті жорық жасағаннан бері ойраттардың біраз бөлегі сөзің иелігіңізге қашып барған көрінеді.» (44)

Осы геноцидтен кейін Әмірсана қазақ арасына қашып келіп паналайды, 6000 үй керей мен 4000 үй дулат осы кезде қайта қазаққа қосылуы мүмкін, себебі абақ керей ол кезде 2500 түтін ғана шағын ел еді, оның кейін саны өзінен бес есе мол ашамайлы керейден асып кетуінің бір себебі осында жатса керек, сондай-ақ дулаттыңда ұлы жүздегі саны көп елге айналуы осыған қатысты болуы мүмкін.

Шүршіт – қазақ соғысы

Жоңғарды геноцидке ұшыратқан соң Цинь үкіметі Әмірсананың қазақ арасына қашып барғанын сылтауратып 20000 нан аса әскермен қазақ даласына баса-көктеп кіреді. Осылайша шүршіт-қазақ соғысы басталады. Осылайша қазақ хандығы 13 миллион шаршы км жері, 200 миллион халқы, миллион әскері бар империямен бетпе-бет келеді. Керей тайпасы өзге қазақтармен бірге осы соғыста белсенділік танытады, керей Қожаберген батыр Әмірсананы қорғауына алып жанында ұстағаны себепті осы соғысқа қатысты мәліметтерде аты ең көп аталған қазақтың бірі болады.

1756 жылы 1 наурыз. «Соңғы жылдары жоңғарларды бүлік жәйлап, бір-бірімен қырқысуы арқылы ойрат жұрты торғайдай тозып , ел болудан қалған еді. Мен аспан астының әміршісі ретінде бұған қол қусырып қарап отыра алмай, тәңір атынан жаза жорығын жасап Ілені бейбіт күйге келтірдім. Осы тұста опасыз қарақшы Әмірсана бүлік шығарып әбден әлінен асты. Сондықтан генерал әмбандарыма оны қуғындауды бұйырдым. Қазыр Әмірсананың қазақ еліне барып паналағанында дау жоқ. Қылмысы басынан асқан қарақшы қайда қашып барсада бәрібір ұстап жазалаймыз… Бұл қарақшының арамза, сұрқиялығы өзіңізгеде мәлім болса керек. Оны әсте қанат астына алушы болмаңыз, егер оны қанат астыңызға алсаңыз ұлыстарыңызға пайдасы емес тек кесірі ғана тиеді… Бір адам деп жауды көбейтіп алмаңыз, оның үстіне қалың қолымыз іргеңізде тұр. Егер қашқынды ұстау үшін еліңізге басып кірер болса еліңіз береке таба алама? Оның арты орыны толмас өкініш деген сөз» (45)

Осылайша қазақ даласына 20000 шүршіт әскері басып кіріп соғыс бастады, қазақ қарулы күштері жер жағыдайын жеттік білуіне байланысты бытырап партизандық ұрыс жасады. «...11-күні(1756- жылы қыркүйек) қарсыластарымызды қуалап Нұра деген жерге келдік, екі мың қарақшы қазақты кездестірдік, жанкешті ұрыста 340 ын өлтіріп, онын тірідей ұстадық, Әмірсананың зайсандарының бірі Жаннабур қолға түсті, қызметкеріңіз Дардаңа қинап сұрады, біздің Қожаберген мен Әмірсана бастаған әскерлермен соғысқанымыз мәлім болды.(46)(47)

1756-жылы 27 қыркүйек. «Даржа бейсілер қазақтардан мыңдай адам Баянтаудан батысқа беталды деп мәлімдеді. Оларды бастап жүрген Абылайдың өзі. Әмірсана мен Қожабергендер мыңдықтың бірін алып үлкен қосынды іздеп батысқа кеткен. (48)

Осы соғыста қазақтардың жеңілмеуіне Ресейде мүдделі болады, үйткені Цинь қазақтарды басып алса Ресейдің оңтүстік шегарасына қатер төнер еді,  олар : « Егер қазақтар осы моңғолдарға төтеп бере алмаса «орыстар бізді далаға тастап кетті» - деп өкпелеуі мүмкін. Олар жаудың бетін қайтара алмаса Нұралы бастаған кіші жүз қарсы тұратын болып шешілді, сондадабеті қайытпаса башқұрттарды салу керек(49)

Цинь әскері орта жүзге басып кіргенін естіген кіші жүзбен ұлы жүзде көмекке келеді, деректерде Наурызбай батырдың Абылай, Қабанбай, Қожабергендермен қатар соғыста жүргені туралы мәліметтер бар. Кіші жүз арнайы әскерлер жібереді, осылайша үш жүздің әскері бір майданнан табылып жауды жеңіп шығады. «Орта жүз моңғол әскерлерін жеңіп бетін қайтарып тастады, соған байланысты енді қазақтар орыс бекіністері мен қамалдарына шабуыл жасайма ? деген қауып бар.(50)

1757-жылы, 19 қыркүйек... Қарауыл ұлысында естігені бойынша , Абылай сұлтан қытайлармен татуласыпты... Ертіс бойында қытайдың 80 мың әскері тұрса керек. ...Нұралының М. Тевкелевке айтуынша қытай әскері орта жүзге шабуылдауда... былтыр күзде Нұралы сұлтан әскер алып орта жүзге көмекке барған, қытайлармен соғысып бетін қайтарған.(51) 1756-жыл Әмірсана қытай әскерінен қашып келеді, оған кей қазақтар пана бермеуді ұсынғанда Абылай: «Әмірсана басына күн туып жан сауғалап келіп отыр, бұтаға қорғалаған торғайда аман қалады, оны ұстап берсек жөн болмас»- депті. (52)

1756-жылы, 12 тамыз. Батысты тыныштандырушы генерал Цереннің қазақиармен шәйқас немесе Әмірсананы тұтқындау жөніндегі мәлімдемесінде: «Қазіргі таңда Қожаберген сияқтылар қарақшы Әмірсананың алдауы мен араздастыруынан шыға алмай бізге қарсы келді, деседе ойсырай жеңілді...»(53)

1756-жылы, 12 тамыз. «Әмірсана 4 айда уақ-керей тайпасы Қожабергеннің жеріне жеткен. Ол туралы Абылайға айтқанда ол: Әмірсана сонда тұра берсін, үлкен елдің армиясы келген соң мен өзім әскер бастап жорыққа аттанамын, сонда бас қосып ақылдасайық, оған дейін осында тұра берсін»- деген. (54)

25 қазан. «Мені Абылай Балықты деген жерде тонап әкетіп, Гурбон-Торғай деген жердегі уақ-керей Жадақ есімді адамға бердіп жұмыс істетіп қойды... Қазақтың Қожаберген, Қабанбай сынды екі басшысы 500 әскері Серкіс қарауыл бекеті мен Айхас сынды 4 қарауыл бекетін тонап,  Қасұлақ деп аталатын жерде ұлы армияға шабуыл жасаған. Қабанбай, Қара барақтар мың әскермен Есіл өзенінде ұлы армияға шабуыл жасаған. Әмірсаналар жеңіліп түйеге артқан зеңбіректерін, қазан-ошақтарын, туларын, киз үйлерін тастап Гурбан- торғайға шегінген» (55)

27 қыркүйек. «Мыңнан аса қарақшы шықты... біз жаудың 570 тен аса адамын өлтіріп, 11 ін қолға түсірдік... Нұраға жеткенде 2000 қарақшыға кезігіп қалып олармен соғыс жүргіздік, 340 адамын өлтіріп 10 адамын тұтқындадық.(56) «Осы күні әскер бастап шыққан Абылайдың өзі, Әмірсана мен Қожаберген 1000 әскер бастап батыс жаққа армиямызды іздеп кетті.»(57) « Естуімізше аспан елінің елшісі маусым айында Қожабергенге барған. Сонда Қожабергенде Абылайға адам жіберген екен.»(58)

26 тамыз. «Қожаберген мен Қара барақ өздері келіп былай деді: Егер Әмірсана біздің елде болса оны дереу тұтқындап әкелеміз, егер өзге елде болса онда осы алған сенім хатты көрсетеміз» (59) «Қазақ Қожаберген мен Барақ шын ниеттерімен келіп ұлы Еженге бағынып оның албатұы болды.  Олар өз құзырындағы тайпаларды бастап Әмірсананы қудалап жүр.»(60)

27 тамыздағы құжатта: «Қожаберген мен Барақ батырдың  Байтайлақ деген Қожабергеннің ұлын елшілікке жібергенін, онан өзініңде келіп Цинь армиясына келіп қонақ болып асқа бата бергенін айтады. Қожаберген: Мен 10000 түтінді басқарамын, Барақ 20000 түтінді басқарады. Абылай ұлы Еженге хат жібергенімен өзі келмеді... цин жағы: біз 60000 әскермен осында келдік, жоңғарлардың өлтіруге тиістісін өлтіріп, жиюға тистісін жиып алдық дейді. Қожаберген: Жоңғар елі түгел қырылды, Әмірсана тірі болғанымен не бітіре алады?»(61) Қожабергеннің қоластындағы елінің саны қалайша 2500 үйден 10000 үйге артқанын ескерсек , жоңғарға қараған керейлердің қосылуымен көбейген деуге болатын сияқты.

19 қыркүйек. « Қожаберген 60 тан аса адамын ертіп цинь әскерінің лагеріне келген. Ол өзі қалдық, қашқын жоңғарларды аластап жүріп Цинь армиясына кез болып жаңсақтықтан қақтығысқанын айтады. Әрі Әмірсананы ұстауға көмектесетінін айтады.(62)

17 қазан. «Қожаберген мен Қара Барақ Абылай мен Қабанбайдан кейінгі іс басқарушы адамдар. Олар менің қамқорлығыма бөленемін деп өз еріктерімен бағыныпты... оларға екі топ молон мен екі топ торқа силадым»(63) Бір жылдан астам уақыт соғыста қазақ әскерлері мың -мыңнан бөлек отриядтарға бөлініп жер қолайлығынан пайдаланып көп жерлерде шағын ұрыстар жасайды.

1758-жылы мамыр. «Қожаберген мың әскерді бастап Ертіс пен Аярық өзені арасын шолып шықты»(65)

Ертістен шығысқа көш

Шүршіт пен арадағы соғыста жеңіске жетіп басымдық алған қазақтар ендігі жерде жоңғардан босаған жерді иелеп қалу үшін шығысқа көше бастайды, көште керей, найман, уақ рулары алда болып , наймандар Тарбағатайды бетке алса, керей- уақтар Алтайды бетке алып жылжиды.  «1757-жылы 30 қыркүйек шығысқа көшкен ел мен әскердің жәйін сұраған татар Мұратов арқылы білгенде : «Біз Абылай сұлтанның әскеріміз, басшымыз Қожаберген батыр, мың түтін Ертісті жоғары бойлап көшіп барамыз, бұл жерде екі күн тұрамыз. Онан ары Рсморік  бекінісіне жане онан ары Құлсары батырдың әскеріне қосыламыз, оның 10000 әскері бар, Ертістің жоғары ағысында тұр». (66)

Керей елі Доғалаң тауын аз жыл мекендеді(Қарқаралының оңтүстік шығысында). Доғалаң тауынан көшкен соң Жәнібек батырдың бастауында Шыңғыс тауынан өтіп Қалба тауын негіз етіп, Қызылсу, Шар өзендерінің аңғарына тиянақтайды. (67) Қазақтарды соғысып ала алмаған соң Цинь үкіметі қазақ хандығын өзінің батыс терістік шегарасында Ресеймен арадағы қалқан яғни буфер зона, белдеулік мемлекет ретінде ұстауды жөн көреді.

1757-жыл, 31 қыркүйек. «Әскеріміз жоңғарды тыныштандырғаннан кейін Абылай хан өз ризалығыңмен бізге қарадың ... Патшамыз сендердің жерлерің шалғай, моңғолдың халқа руларымен салыстыруға болмайды- дейді. Сен өзің бұрыннан хан екенсің, патшамыз хандығыңды бекітті. Бұрынғы салт- дәстүрлеріңізбен бола беріңіздер, алым- салық төлеу- төлемеуде өз еріктеріңізде.  Олар(қазақтар) ел болды, біз қабыл алдық дегеніміз- оларды жалпы жанамалай барлау ғана. Бейне бір Вьетнам, Тайланд сияқты»(68)

1757-жыл ,2 қазан қазақ тұтқынынан қашқан қалмақ Бансүн Ширин тергеуде «Абылайдың әскері қайда? Қожабергеннің әскері қайда? Деген сұрақтарға білмеймін -деп жауап берді.(69) Қазақ тайпаларының шығысқа көшуі қазақ жерін кеңітуді басты мақсат еткендіктен араға елшілер аттандырып екі ел ара қатынастарды реттеу үшін Абылай хан Цинь астанасы Пекинге елшілерін аттандырады. 1757- жылы17 қазан. Абылайдың елшілері Қанжығалы , Өміртай, Төлен, Еренші, Әбілпейіздің елшісі Танаш, Бекенайлар хат әкелді әрі патшамен дидарласып сәлемдесті. (70) Осы елшіліктегі ең басты түйіннің бірі- бұрын жоңғарлар басып алған , қазыр Цинь иелеп тұрған ежелгі қазақ жерлерін қазақтарға қайтару  болса, енді бірі шегара аймақтарда сауда жасау болған сияқты. Деседе жер мәселесіне келгенде Цинь жағы бас тартады.

1757-жылы, 16 қараша. Абылай мен Әбілпейіздің елшілеріне Цинь патшасы былай деген:

«Елшілеріңіздің ежелгі қонысымыз еді деп сұраған Тарбағатайға келсек, ол жер енді ғана тынышталды.  Қазырше иен жатыр, сығандық жасамай-ақ бере салар едім, оған сіздер бізге жаңа ғана қарап еңбек сіңіріп үлгермедіңіздер. Сондықтан ол жерді сиға беру мемлекетіміздің тәртібіне үйлеспейді.» (71)

Жоңғарлар жойылғаннан кейін Зайсан маңын нор ұраңқайлары, Шіңгілге дейінгі аумақта алтай ұраңқайлары(Қазіргі алтай ұлты) мекендеді.

Сауда

Екі ел дипломатиялық қатынас орнатқаннан кейін өзге шетелдерге «есікті жабық ұстау» саясатын қолданып келген Цинь үкіметі қазақтарға қарата шегарада сауда пункиттерін құруға мақұл болады. Осыдан соң Орта жүздің шығыс бөлігі мен ұлы жүздің шығыс бөлігі Цинь мен сауда жасайтын болды.

1757-жыл, 15 желтоқсан. «Абылай Үрімжіде жылқы саудасын жасау талабын білдірді... келер жылы жармеңкеде жылқы саудасы ғана жасалады. Егер қазақтар түйе, қой, жылқы айдап әкеп жатса оны да алайық, қосынымызға оларда қажет. Үрімжінің беті ашық , жері кең. Ал Тұрпан шегараға мініп тұр, әрі салынған қамбаларыда бар. Қазақтар ұйғырлармен аралас- құралас бола берсе бас ауру тауып алуымыз мүмкін.(72) Аякөз Айтаңсық деген жерде 1757 жылғы маусым айының басында Қоймаңырақ, Қозымаңырақ жане жиынкөл деген үш жерде тұратын 60 мың қытаймен келісім жасап,  Еренқабырға деген жерде біздің Орынбордағыдай сауда орталығын ашуға келісім жасасты. Байымов командасының Бектемір бастаған башқұрттары Жобалай деген қазақтың 340 жылқысын ұрлап кетіпті.(73)

Жобалай Байсейтұлы(1730-1818) , керейдің жастабан руынан.

Сонымен қатар Цинь үкіметі қазақ елін барлауға арнайы жансыздар жіберіп қазақтардың жан-санын, рулық құрамын, тарихы мен хандарының шежіресі жөнінде мәліметтер жинай бастайды.

1758-жылы санақ:

Ашамайлы керейдің 10000 түтіні Тұрсынбай батырдың билігінде;

Құрсары керейдің 2000 түтіні Итқара батырдың иелігінде;

Абақ керейдің 1000 түтіні Қожаберген батырдың билігінде;

Ителі керейдің 1000 түтіні Жантөре батырдың билігінде;

Абақ керейдің 500 түтіні Нияз батырдың билігінде

Бұл деректе керейлер 14500 түтін болып 60-70 мың адамға жуық болған. Жалпы орта жүз 700 мыңның айналасында деп көрсетілген.(74)

Осы дәуірде қазақ ордасын айнала қамал-бекіністермен қоршап келе жатқан Ресейге де сес ретінде қазақ руларын солардың бекіністеріне жақын маңға көшіртеді. Екі- жақ ара дау-жаңжалдарда болып тұрады. Қожаберген бастаған қазақтар 1757- жылы қазіргі Ақмола облысының шығысы, Қарағандының шығыс солтүстігінен көшіп Павлодар жеріне барады.

1758-жыл. Кіші керей болысының Қожабергенге қарайтын ұлысы , оның қарауында Болпақ, Ханғали Кереку бекінісінде тұтқында болған алты адамды қабылдап алды. Бұлар шегара бекінісінің ішіне рұхсатсыз мал баққан Құдайберді Сағындық, Талал Ырысбай, Төлен Сағындық, Баймырза Аламан, жане алтай болысының азаматы Керейбай Кәріжанов, керей болысының қазағы Қонысбай.(75)

1758-жыл, 29 наурыз . К. Л. Фаурендорфқа майор Қондыров жазған құжатта орыс бекінісінің жеріне қазақтардың малы түскені үшін олардың иелерін тұтқынға алғаны туралы айтады. Тұтқындағылар Қожаберген батырға қарайтын адамдар екен... Қонысбай айтты енді төрт күнде босатпасаңдар бекіністі шабамыз, кісілерді алып кетеміз- деді. (76) 1758 жыл 21 шілде. Цинь үкіметі Жоңғарияны алған соң Үрімжі, Іле, Тарбағатай сынды үш жерде алдымен бекіністер мен қалашықтар сала бастайды. Жоңғариядан қайытқан қазақтар мен қалмақтардың айтуына қарағанда қытай боғда ханы жоңғарлардан қалған бос жерлерге қала тұрғызбақ. Қытайларды әкеп қоныстандырып салық алмақ, шегара аймағында 180 мың әскері бар(77)

1757-1758 жылдары Қашқарияны билеген қожа әулеттері Циньге қарсы көтеріліске шығады, Қашқар бегі Кенже сарт қазақтардан көмек алу үшін Абылайға қызын ұзатады, Абылайда оған қыз береді. Қазіргі таңда біз Қашқар өлкесіне жорық жасап жатырмыз, ол жерге жорық жасйтынымызды олар сезіп қойып дайындық жасап үлгерді.(78) Жоңғарлар жойылғанымен жан сақтап қалған аз санды қалдық күштер әліде бар еді, қазақ батырлары Жоңғарияға кіріп осы міндетті атқарады.

1758-жылы 29 тамыз. Жоңғар әскерлерінің қалдығы Ертіс бойында тасаланып жүрген, орыстар оларға егер бізге бағынбасаңдар қытай жағына хабарласамыз деген. Абылай  30 мың әскермен бұлардың ізіне түскен. Қытай генералы Агүй Қожаберген батырға кездесіп сол жерде Букучағанды іздеп жүрген Науанның қазақтар арасында екенін білдім. Қожабергеннің інісі Жаубасар мені Букучаған тұрған Байбарақтың үйіне апарып онымен кезіктірді. (79)

1758-жылы Абылай жоңғардың қалдық күштерін талқандау жорығына аттанадыда Цинь шегарасына кіреді. Қытайдың шегара жасақтарына ұшырасып қалған. Абылай оларға жағыдайды түсіндіріп хат жазады хатта : Нұралы хан, Ералы сұлтан, рулардан атығай Құлсары, Құлеке батырларды, найман Қабанбай батырды, қанжығалы Қошқарбай батырды, керейден Қожаберген батырды қосып жазып жібереді(80)

Осы жылы Қабанбай батыр Үрімжіге 300 жылқы апарып саудалайды. Қабанбай туралы былай айтады: Қабанбай қазақтың орта жүзінің Қожаберген сынды 4-5 адамының ішінде мәртебесі биіктеуі... осылайша  Абылай мен Қожабергенге силыққа берілген торғыннан Қабанбайғада бөліп берген соң Қабанбай риза болды.(81) Қожабергеннің 15 ұлынан тараған ұрпағы мөшермен 30 мың адамнан асқан, олар бәйбіше, байбура, қанымбике, дүзік сияқты төрт руға айналған. Қожабергенмен замандай Қазыбек Сәменбетұлыныңда аты осы кездердегі құжаттарда аталады.

1759-жылы 11 тамыз. «Қожабергеннің інісі Қазыбек, Өмір батыр қатарлы 260 тан аса адам , жалпы саны 2600 ден аса жылқы айдап келіп , сауда жасасақ деп тілек білдірді...Қазыбек пен Өмір батыр қатарлылар  Үрімжіге қарай аттанып кетті.»(82) Қазыбектің ұрпақтарының саны 50 мыңнан асып қазыбек руын қалыптастырған. Қожабергеннің Байтайлақ, Жандәулет, Қалыбай, Ертісбай атты ұлдарыныңда аттары деректерде аталады, Қалыбай әкесінің орынында қол бастап Жоңғарияны сүзіп шығады.

1759-жылы 11 тамыз. «Жоңғарлар әліде баршылық, олардың арасында қуыс-қуысқа тығылып жүрген қарақшыларда бар.  Мен Барақ Қалыбай батырмен бірге 1000 әскер бастап қыркүйектен бері жаудың ізіне түсіп Тарбағатай, Ертіс, Зайсан, Шаған оба, Ұлыңгір сияқты жерлерге тінту жүргіздік. Қалданның 100 ден аса адамын, 50 ден аса түйесін қолға түсірдік. Манастан осылай оралған біз Іле, Бұратала, Көксу, Қаратал, Барлық, Жәйір , Орқашарға дейін қашып жүрген 10 нан астам қарақшыны ұстадық»(83) Жоңғардың қоластында болған Алтай ұраңқайлары мен ұраңқайлар ол кезде Шығыс Қазақстанның Алтай бетінде жасайтын. Ендігі жерде олармен арадағы мал барымтасыда толастамайды.

1760-жылы Көкжал Барақ батыр ұраңқайлардың малын бұлап кетеді. (84) Цинь адамдары сияқты қазақтарда, орыстарда арнайы адамдарын жіберіп циньдіктердің жоңғариядағы әрекеттерін бақылап отырған. Осы жылы цинь империясының Іледе қалалар салып жатқаны туралы айтылады(85) Цинь үкіметі қазақтардың Тарбағатайға кіруіне шектеу салғаны сияқты , Ресейде дәл соған ұқсас өздері қамал салып алған жерге қазақтардың қоныстануын қаламаған.

1760-жылы мамыр айында генерал майор Веймаринның Құлсары батырға жазған хатында Қошқарбай батыр тұтқындаған адамдарды босатуды сұраған, Құлеке ол адамдарды табу үшін қыпшақ, керей, найман, арғын, уақ-керей болыстарына бару керек деген. Тағы ол Құлекеден сіздердің адамдарыңыз Ертіс бойынан өтіп жәйлап отырғаны қалай деп сұраған(86)

1758-1761 жылдар аралығында абақ керейлер Павлодардағы Ертіс бойын жәйлаған. Ол маңда 10 мыңнан аса қазақ әскері тұрған, қытайға емес Ресейге қарсы сес көрсеткені байқалады. 1760- жылы 19 мамырда Құлсары батырға барып қайытқан тыңшы  Сафар Сәлиевтің айтуынша : Найман Көкжал Барақ батыр қытайға қарасты ұраңқайларды шауып тұтқын әкелген. Қытай шегарасына жақын жерде Абылай бастаған 2000, Қабанбай бастаған 2000, Қожаберген мен Қошқарбай бастаған 2000, көкжарлы Барақ бастаған 2000 әскер тұр.(87)

1760-жылы Ресей патшасы Елизабеа атынан Сұлтанмұхаммед сұлтанға жазған хатта: Өскемен бекінісі маңындағы уақ-керей болысының Тоғылы батыр, Қалабай жане Қара батыр, Битей ақсақал, Құлсары батырдың ұлы Андағұл, уақ-керейдің ақсақалы Тілепберген, оның ұлы Ерден, қыпшақ  ақсақалы Бостан, қазақ Сайман туралы мағлұматтар бар. Барымтаға алынған жылқылар, тапталған шабындық пен жайылым дауы туралы да айтылады.(88)

1761-жылғы 17 наурыз. Сауда жасауға(қытайлармен) екі топ қазақ келді, Құралбай қатарлы 13 қазақ Қожабергенге қарасты екен, 90 нан аса жылқы әкеліпті. Ал Матан бастаған 90 нан аса қазақ Абылайдың адамдары екен, олар 700 ден аса жылқы әкеліпті, оларды Үрімжіге Башең бастап әкетті.(89)

Шығысқа көшкен қазақтар қатарында ашамайлы керейлердіңде болғаны туралы деректер бар. Деседе олар ол жақта көп тұрақтап тұрмаған. Атығай- қарауылдарда бір мезет шығысқа барған, себебі осы мезгілді Павлодарға қарай ірге кеңіту саясатын Абылай өзі бастап кіріскені байқалады.

1761-жылы 3 шілдеде Абылайға барып қайытқан Годеревтің өз бастығы Роденге жазған хатында: Абылай сұлтанға барған соң аталған екі хатты Байжігіт батыр арқылы 23 маусым күні Құлсары мен Құлекеге беріп жібердім. Керей руының ел ағасы Тұрсынбай батырға барар жолда қазақтар мені тоқтатып: « Ресей әскері қытайлармен соғысып жатқан жоқпа?»- деп сұрады. Мен оларға : «Біздің қытайлықтармен соғысатын еш себебіміз жоқ» -деп жауап қайтардым. Олар: «Семей бекінісінің жоғарғы Сібір шегара шебіне таяу жерде 32 мың қытай әскері Ресей әскерлерімен соғысып қалыпты, соғыстың басында қытайлар, соңында орыстар жеңіп оларды қуып салыпты»- деді. Бұндай хабарды Семей бекінісінің қарсы бетін жәйлайтын керей руының қазақтарынан Тұрсынбай батырға келгендер жеткізіпті.(90)

1761-жылы абақ керейлер тағыда шығысқа қарай көшіп Өскемен маңына барады.

1761-жылы Абылай сұлтанға Сібір шебінің бастығы Вемаринның хатынан: Ертіс бойындағы сіздің ұлысыңыздың қазақтары, Өскемен бекінісінен жоғарырақ жердегі ел ағасы Қожабергеннен мынадай негізсіз хабар алыпты: « Қытайдың тоғыз мыңдай әскері Ресей жағынан келіп , Нор Зайсан көлі тұсынан Ертістен өтіп Қожабергенге жолығыпты. Қытайлар Ресей бекіністеріне елшыі жіберіп қазақтарға бірігіп шабуыл жасамақ».- деген қауесет тараған.(91)

Осы жылы Қожаберген батыр әскерлерімен Зайсан көлінің маңына дейін барлау жүргізіп барады. Шамасы 1751-1781 жылдары қазақ ордасында әр үйдің азаматтарының бәрі аттан түспеген тәрізді, жоңғар әлсірегенде күш алған қазақтар ер азаматтар ат үстынде жорықпен күн кешкен даңықты дәуір болғанын Шоқан «Абылай хан» атты мақаласында мақтанышпен тілге алады.

1761-жылы қараша. «Біз Қожабергеннің адамдарымыз, армияларыңыздың осында екенін біліп мән- жәйді сұрағалы келгенбіз. Қожаберген қазыр Шорға жерінің батысындағы Ұлысыту жерінде тұрады.»(92) Шорға Зайсан көлінің оңтүстігіндегі жер.

Абақ керей көшін бастаған екі батыр, қарт батыр-Қожаберген, жас батыр- Жәнібек. Жоғарыдағы деректе 500 үй абақ керейді Нияз батыр басқарады деген. Ал Қожаберген бастаған 1000 үй мен олар бөлек көшіп жүрген сияқты, Жәнібек осы көшті басқарса керек. Екі топқада 1756 жылғы қырғында қосылған қаншама ел бар екенінде ескеру керек.

Ер Жәнібек батыр туралы деректе нағашысы Қазыбек бидің үйінен дәм татып онан кейін көшеді. Көшудің алдында Шыңғыстау мен Бақанас, Көксала деген жерлерді мекендеген екен.(93) Демек бұл реткі Қалбатауға бағытталған көш солтүстікке бағытталған. Бұл көш 1764 жылдан кейін болса керек, Қазыбек би 1765 жылы қайтыс болған, Жәнібек 1764 жылы қырғыз жорығында көзге түскен.

1763-жылы11 қыркүйекте Абылай сұлтанның Фон. Фрауендорфқа жазған хатынан:

«Біздің уақ болысының Дербісәлі батыры мен уақ Елеукен дегендерде ұранқайлықтар бар. Демек Дербісәліні ұстасаңдар қолға түспесе керей болысынан Тұрсынбайды, Ұмярды ұстаңдар. Барлық тұтқындарыңызды қайтарып береді. Бұлардың бәрі Семей, Өскемен бекінісінің маңын жәйлайды. (94)

1758-жылдан бастап негізгі сауда Цинь мен болғаны байқалады.

1764-жылы 25 ақпан. «Абылайға, Қожабергенге, Қарабараққа қарасты  Тұйғын қатарлы 110 нан астам қазақтар саудаласуға келді.700 ден аса жылқы әкеліпті, 523 жылқыны айырбастап алдық. (95)

27-қыркүйек. Қожабергенге қарасты Жанұзақ қатарлы 100 ден аса қазақтар саудаға келіпті. Олар 200 ден аса жылқы, 12 сиыр, 2000 нан аса қой әкеліпті.(96)

1764-жылы 24 қазан.  Абылай сұлтан туралы башқұрт Шүкірдің жазбасы. «Қытайға қараған қырғыздар Іледегі қазақтарға үш мәрте шабуыл  жасаған, ауылдарын тонап-талап кеткен. Қырғыздар көп қазақты тұтқынға алған. Осыған байланысты Әбілманбет хан Абылайға бұйрық беріп жар салып әскер жинап жорыққа дайындалған.(97)

1765-жыл маусым айы. Әбілпейіз уаңның хаты. «... қырғыздар жарлыққа бағынбай бізді екі рет шапты, бір шапқанда 70 адамды, енді бір шапқанда 500 адамды олжа етіп алып кетті. Ал малдың саны есепсіз» (98) Шоқан Уәлиханов жазып алған «Абылай» атты жырдада қырғыз Садыр мен Есенқұлдың Түркістанда сартты алғанын, қоңыратпен семіз найманды шапқанын айтады. Жауғаш Арқадағы Абылайға арыз айта келеді, Абылай үш жүзден қол жияды, әсіресе керей мен уақтан көбірек жиыпты.(99)

Ер Жәнібек батыр жырында 18 жасында қырғыз Садырмен жекпе-жекке шыққаны айтылады, бұл соғыс жоңғарлармен арадағы соғыстан кейін қырғызбен арада болған алғашқы соғыс еді. Жәнібектің 18 жасында тұңғыш жекпе-жегіде осы қырғыздың Садыр баласымен болады.(100) Абылайдың елуден асқан кезі, жырда Абылай 40 тан асқан адам деп көрсетіледі. Осы жорықта Жәнібек көзге түседі, Абылай ханнан ақ ту алады. Ол кезде Абылайдың ақылшыларының бірі Тіленші деп көрсетілген(101) , оның әкесі Бекболат 1714 жылы туған, онда Бекболат елуде , Тіленші отыздар шамасында болады. Асқар Татанай дерегі бойынша Жәнібек Қазыбек бидің қызынан туған жиені. Бұл деректер Жәнібек 1746 жылы туылған, оған сол кезде елудің ортасына келген Шақшақ Жәнібек ат қойған, 1751 жылғы Ламадоржының шапқыны кезінде әкесі соғыста қаза тапқан, үйткені 5-ұрпағы Ыбырай 1927 жылдары үлкен адам, бір ұрпақты 30 жылдан деп есептегенде, бесінші атасы 18-ғасырдың 40 ыншы , елуінші жылдарына барады.

Ата мекен Алтайға көшу идеиясы

Бұрынғы қазақтарда жазба тарих болмағанымен ауызша жеткен шежіре мен ата-бабаларының әңгңмелері мен аңыздары ұрпаққа жетіп отырған. 1580 жылдары Алтайдан ауғаны рас болса, онда арада 5-6 ұрпақ аунады, жетінші атасы жатқан жерді ұмытуы мүмкін емес. Керейден шыққан Шақантай батыр 1706 жылы Сауыр тауында дүниеге келген делінеді. 1699 жылы Серен Дондоп Тәуке ханға жорық жасаған екен, Жәнібектің атасы Сарымен туысқан 13 ағайындының қырылғаны осы уақытқа сай келетін сияқты. Демек 1720 жылдардада Алтайда болып шапқыншылықта ауып кеткендер болғаны байқалады. Абылай ханның саясаты бойынша Жоңғар иелеген қазақ жерін қайтарып алу керек, осыған байланысты ендігі жерде абақ керейлерге Алтайға қайту туралы идиологиялық үгіттер жүргізілгені байқалады.

1766-жылы 29 сәуір. Қытай жеріне рұхсатсыз кіріп мал жәйған қазақтарды жазалау жөнінде. «Қазақтардың 500 түтіні Зайсан көліне қарай өтіп , қуаласақта кетпеген соң , Қожабергенді үш күн ұстап отырдық. Оған сөгіс айтып 392 жылқы айып төлеттік. Қазақтар қашып көше жөнелгенде 325 жылқысы қалып қойыпты. (102)

Жылжи көшкен керейлер 1765- жылы Зайсан көліне барып тұрақтайды, бұл Қожаберген батырдың көші, ал Жәнібек бастаған ел Қалба тауына, онан шығыста Көкпектіге жетеді. 1765-жылы 22 қараша. « Біз Зайсан көлінің маңында тұратын 500 түтін қазақты қуып жібермек болып едік, олар жылжымай қойды... Біздің Қожаберген батырымыз 1000 әскер даярлап осында қоныстанған, сендердің аз әскерлеріңнен кім қорқады» деді. Бастап келген әскерлеріміз арқылы қазақтарды қууға шамамыз жетпей-ақ қойды»(103) Осы кездегі мәліметтерде қазіргі күнде саны 30 мыңнан асқан Базарқұл руының атасы-Базарқұлдыңда аты аталады. «Бүгін қазақ Базарқұлдан түскен арызда айтылуынша  бері өткендер қарсылық жасамапты, ал Удай Қожабергенді ұстап оның малын тартып алған.» (104)

1766-жылы 21 мамыр. «... Ертіс өзенінен өткен шақта көкжарақ керей(Жәнтекейдің бұрынғы атауы)  тайпасының Барақ батыры мен Базарқұл есімді адамына кезігіп қалдық»(105). Бұндағы Барақ жәнтекейдің Шүйыншалысының баласы. Оның Ханкелді, Тайлақ деген ұлдарынан екі ру қалыптасқан, олардың көбі Баянөлгейде тұрады. Осы мезгілдерде құжаттарда абақ керейдің тағыбір әйгілі батыры- Шақабай батыр аталады. Шақабай Жәнібек батырға ұстаз болған, кейін аты жәнтекейге ұран болған адам.

1766-жылы 9 мамыр мен маусым арасы. «Зайсан көлінің жағалауына жетіп 400-500 түтін қазақтар тұратындығын байқадым. Оларды қумақ болып едік шу шығарды, оларды бастап жүрген екі адамға яғни Шақабай мен Қожабергенге былай дедік: Біздің қарауыл бекетіміз Қатұнқарағайға дейін кеңейтіліп құрылуда,  сендердің бұл жерлерге қоныстануларыңа болмайды, дереу Қатұнқарағайдан ары шығып кетіңдер- дедік. Олар:

«Бізде ұлы Еженнің қызметіндегі адамдармыз, бұл жерге біз қыстау үшін келіп қоныстанғанбыз , көшіп баратын жеріміз жоқ» деген.(106) Шақабай батыр 1688 жылы туылған, осы жылы 78 жасқа келген екен.

Осылайша Қожаберген мен Шақабай бастаған қазақтар 1765 жылдан бастап Зайсан маңын мекен ете бастайды. Шақабайдың ұрпақтары өсіп қазыргі күнде 10000 түтіннен, 50000 адамнан асқан. Олар Алтай, Санжы, Үрімжі, Құмыл аймақтарында, Қазақстан, Түркия, Еуропа елдерінде тұрады. Тәтіқара жыраудың айтуынша керей Жабай батырда мықты батырлардың бірі ретінде айтады.(107) Жабай батыр ұрпақтары көнсадақ руының негізін құрайды. Манчжурлер қазақтарға қатты сенбеген. 1864 жылға дейін қазақтарды толыққанды Цинь империясының азаматтары ретінде қабылдамаған.

1767-жылы 26 қыркүйек. «Уақ- керей тайпасының адамдары Қожаберген мен Қазыбектің  ұлдары Жандәулет, Бекмырза келіп екі ат тарту етті. Олардан шаруаларын сұрағанда еш шаруасы жоқ екенін тек әкелерінің екеуін әмбанға амандасуға жібергенін айтты. Біз екі атты алып Қожаберген мен Қазыбекке тарту ретінде бір топ торқа мен екі топ мақпал бердік.»(108)

«Абақ керей шежіресі» атты кітапта жәнтекей Қазыбектің жеті ұлының бірі- Бекмырза деп көрсетілген. «1767 жылы  тамыз айында Цинь үкіметі  Абылай ханға: Қазақтар Іле қатарлы жерлерге келіп мал бағуына болады»- деп ұқтырады»(109)

Қазақтардың бұл көшінде найман рулары Тарбағатай жаққа, керейлер Алтай жаққа, Албан-суандар Іле жаққа көшкен, оларды кері көшіруге қанша тырысқанымен бізде боданыңбыз деп қасарысып көшпей қойған соң Цинь олардың көшіп келіп мекендеуіне амалсыз рұхсат берген.

1767-жылы 20 қазан. «Қоқан бегі Ерденбектің ініңіз Ескендірді, оның 4 бірдей ұлын өлтіргенін,, әйелі мен өзге балаларын ұстап кеткенін, сонан оған қарай аттаныс жасадыңыздарда бірталай адамын өлтірдіңіздер. Ерден Бішкек қамалына бекініп алдыртпады деп 20 мың әскер жане зеңбірек сұрапсыз, бұнңыз орынсыз.»(110) Қоқан ғана емес қырғыздарда қазақтарды осы жылдары қатты шабады, сол үшін Абылай 1768 жылы тағыда қырғызға аттанады. Бұл жорықта Қабанбай Әтеке жырықты алады. Бұл жорық 1770 жылға дейін созылған, қырғыздарға үлкен апат әкелген соғыс ретінде- «Жәйіл қырғыны» атымен белгілі. «Қабанбай» жырындада Жәнібектің осы жорықтағы ерліктері баяндалады.

Құрбанғалы Халиди өзінің «Тараурих хамса» еңбегінде:

«Абылай хан кезінде батыр , сардар болғандар: Қара керей Қабанбай, Алтыбай батыр, Ақтанберді батыр, матай Шөңкей батыр, керей Жәнібек батыр, бура Ақбантай батыр, қанжығалы Бөгенбай батыр, басентин Малайсары батыр...» (111)

Осы жорықтан соң қоқан уақытша әлсіреп Ташкентті қазақтар қайта иелейді.

1768 жыл23-28 наурыз. 1768 жылы 23 наурыз, керей руының ел ағасы Құдаймендіге қарайтын қазақ Барақ Тұраев Троицк бекінісіне келіп Абылай сұлтанның Ташкент жағымен татуласқанын айытқан. 28 наурызда Абылайға қараған керей руының қазағы Сағындық Мәмбетов мынаны хабарлады: «Абылай  қытай Боғда ханына 11 адам жіберіп , Ходжент билеушісі Ерден бекпен соғысу үшін әскер сұрапты... Алайда керейлер мен Дәуіт сұлтанға қарасты ұлыстар қытайға бағынғысы келмей қарсылық білдіруде. Абылай былтыр Ташкентке жорық жасады, Ташкенттіктер қарсы тұра алмай сұраған салығын берді. Қазыр Ташкент Абылайдың жане қазақтардың билігінде.(112)

Қазақтарға қоныстануға рұхсат беру

1769-жылы 17 сәуір.  Абылайдың ұлы Уәли сұлтанның Пекинге сапары туралы Қытай патшасының жарлығынан:

«... Ойрат, қазақ бәрі менің қарашам. Бағынғандарға қоныс берілуі тиіс»...(113)

Осыдан соң абақ керей көші ақырындап шығысқа жылжи береді. 1770 жылдары Алтайдың Қытайға қараған бетіне өтеді.

Керей көші Қалба, Маңырақ, Зайсан көлі маңына келіп ірге тебеді. Бреі жағы Ұлыңгір көліне дейін келіп мекендейді.(114)

Керей Алтайға келген соң ондағы алтай-телеңгіттер, дөрбіттер, ұраңқайлармен қақтығысбай қалған жоқ. «Ер Жәнібек» жырында Алтайға келгеннен кейін Кеген моңғолы келіп шабады, елге тізе батырып салық салады, кейінің малын шауып алады. Бұны естіген Жәнібек Қабанбай батырға кісі салып, екі батыр қол бастап олармен соғысып Алтайдан Қобдаға асырады.(115)

Бұл соғыс 1770 жылдан бұрын болған, үйткені Қабанбай 1770 жылдардан кейін қайтыс болған. 1771 жылы Еділ қалмақтарын Ұбаш бастап 33 мың үй, 170 мыңнан аса адам шығысқа үдере көшеді, Абылай бастаған 50 мың қазақ әскері мен соғысып көбі жолда қырғын табады. 1771 жылы мамыр айы. Торғауыттар Ілеге келіп бағынды 40000-50000 дай адамы ғана қалған. Осы мезгілде Есағасы (Байымбет) ақсақал өз жерлерінде жұт болатынын сезіп Сауырға келіп мал отарлатады, ол кезде торғауыттарда жаңа қоныстанып жатыр екен(116).

Есағасы мал мен жердің жәйіна қанық дана адам болған екен, жұт болатынын алдын-ала ауып жатқан қоңыр аңдардың беталысынан сезедіде, осы аңдарға ілесіп Сауыр тауына келгенде аңдар жәйлап қалады, Есағасы қарт бұл жерге жұт жүрмейтінін сезеді. Ауылының бар жылқысын осында ікелдіреді, ал қалған елдің жылқысының дені жұттан қырылады, Есағасы 500 ту бие айдатып елге таратады, ел бие сүтіне қайың сауғанда шыққан суын қосып ішіп аман қалады.(117)

1771-жылы Абылай хан үш жүздің ұлы ханы болып сайланады, керейлер ханның ең негізгі қолдаушылары болады. Әбілқайыр мен Әбілманбет қайтыс болғаннан кейін, қазақтың үш жүзі – ұлы жүз, орта жүз, кіші жүздің хандары мен сұлтандары, Ташкент пен Түркістанның үлкен- кішісі тілек қосып , 1771 жылы Түркістан қаласында, біздің мұсылман жұртының әулиесі Қожа Ахымет Ясауи зиратында өз дәстүріміз бойынша, құран ұстап, қол жәйіп мені үш алаштың ханы етіп , ақ киізге салып көтерді.(118)

«Абылай сұлтан хандық лауазымды Еділ қалмақтарын қуғаннан кейін алғанын, ұш жүздің хан-сұлтандары мен ел ағалары, керей, Ташкент, Түркістанның игі -жақсыларының қолдауымен басқа барлық хандардың үстінен қарайтын хан болып сайланғанын айтты»(119)

Осыдан кейінде қырғызбен ара тыныш болмайды, мал барымтасы күшейеді. 1771 жылы 10 қараша. Әбілпейіздің хаты. «Қырғыздар келіп елдің шетінен сиыр табынын барымталап алып кетті. Абылай, Әбілпейіз болып кектеніп қырғызға аттанбақ болдық(120)

1772-жылы 2 қыркүйекте Абылай хан :

«Өз тарапымыздан қыпшақ, жағалбайлы, қанжығалы, сарыжетім- шақшақ, керей, қарауыл, уақ болыстарына жане басқаларына хабар таратып бұдан былай Ресей жағына аяқ баспауын, адамы мен малына тиіспеуін қатты ескертіп қойдық»- деген. (121)

Қонысқа рұхсат туралы

1773-жылы 11 желтоқсан. Қытай патшасының шегарадағы әскери қызметшілерге жарлығынан.

«Абылай қазақ жеріндегі торғауыттарға торғауыт жеріндегі қазақтарды айырбастау туралы тілек білдіріпті. Бұлай істеу қажетсіз, Торғауыттар Еділден бері қарай ауғанда қазақтар олардың көп адамын тұтқындап алып қалған.(122)(123)

1773-жыл 26 қаңтар. Қазақ тұтқынында болған Еділ қалмағы Дерегардың айтқанынан:

«... Балқаш көлінен өткенде атымыздың аяғы сынып қазақтардың қолына түстік, мені сибан керей болысының қазағы Қожаназар Сәттібай иеленді.(124)

1774-жылы 8 наурыз. Орыс сұлтанның А. Д. Скалонға жазған хаты.

« Кім қайдан Ресейден айдап әкелген малдар мен тұтқындар болса қайтарсын...Атап айтқанда: 1)Қаракерей найман еліне Әбілпейіз сұлтанға; 2) Көкжарлы елінің елағасы Барақ батырға 3) керейдің ел ағасы Ұмая батырға...»(125)

Абақ керей шығысқа көшсе Ақмола маңындағы ашамайлы керейлер Рсесй шегарасы болған Петропавл, Қостанай жаққа бөлініп көшеді. 1774 жылғы 23 сәуір. Абылай ханға қарайтын уақ-керейдің қазағы Темірбай Өтешевтің Петр ағзам бекінісіне келіп айтқандары. «Жоғалған заттардың ішінде тұлып, кездік, қанжар, кіреуке-сауыт, тымақ, ер- тұрманымен Тұрсынбай деген қазақтікі еді. Аталған Тұрсынбайдың қазасы кісіден келген, анық кім өлтіргенін білмеймін. Преснов редутынан қырға қарай қой-ешкісін  жәйіп жүргенде Тұрсынбайды белгісіз біреу атып кетіпті.(126)

1775-жыл 12шілде. Әбілпейіздің хаты.

« Өз атамның тағында отырғанымда қырғыз мал барымталады, оған Ханқожа төре, Барақ батыр 4000 әскермен барған екен, қырғыздар: «ел боламын, ақ үйлі аманат беремін»- деп алдап жеті күн қондырып қайта бұлап кетіпті. Қайта келіп шапырашты деген елді олжа етіп алып кетіпті. Онан кейін Абылай ханмен екі түмен(20000) кісі барып 4000 кісісін алдық. (127)

1775-жылдары Абылай 20 мың қолмен келсе, Абылайдың 20 мың әскері болған деп «қызыл қырғыз тарихы» атты кітаптың авторы- Білек Солтоновта жазады.

1778-жыл наурыз айы. Әбілпейіздің хаты. «Былтыр қырғыз алты ауыл қазақты шауып кетті, елуін тұтқындап малдарын түгел барымталап кетті.» (128). Осы кезде қоқандықтар тағы құтырынып Ташкентті қайта басып алады. Осыдан соң Абылай тағыда қырғыз бен қоқанға аттанады.

1778-жыл. Құлыбек батырдың Абылай хан жайында айтқандарынан.

«Абылай хан Кіші Бұхара төңірегіндегі қалаларда тұратын тау қырғыздарына аттанбақ ниетпен, өзінің ежелгі мекені Көкшетаудан алысқа қарай көшіп кетпек болған. Ресей қазақ еліне шабуыл жасамақ деп ел дүрліктірген. Алайда Ресей империясына шын берілген Байжігіт Сайтан,  Бекболат пен Кенжебай сияқты атығай-қарауыл, керей, қақсал,  жане қаракесек руларының ел ағалары ел тыныштығын бұзбай, Абылайға ермей қалған. Тағы Абылайдың артынан кісі жіберіп Көкшетауға көшіп келсін, егер қайытпайтын болса , Ресей шегарасына жақын жүрген қазақтарға бұдан былай оның билігі жүрмейді- деп сәлем айтқан. (129)

Абылайдың Көкшетаудан Түркістанға келуінің басты себебі болса -Қоқанның, қырғыздың қазақтың оңтүстік шегарасына қаупы, тынымсыз шапқыншылықтары деуге болады.

Таратып шежіре қып жазған хатым,

Керейдің он екі абақ атап атын.

Екі жүз отыз жыл боп қалған екен,

Алтайда шығарғалы қазақ атын. (130) Ақын бұл өлеңін 1909 жылы жазған. Бұдан Алтайға келген жыл 1770 жыл екенін көруге болады.

Жастабан атасының арқада қалуы

Шақантай батыр бастаған жастабан елінен 200 үй көшпей Шұбартауда қалады. Батырдың 22 ұлы, 30 қызы болған, ұрпағы өсіп рулы елге айналады. Кейін осы Шұбартау керейі екі болыс елге айналады.

Абақ керейдің Алтай бетіне алғашқы қоныстануы мыынадай болыпты:

Қарақас Байқан батыр, жәнтекей Барлыбай батыр, шеруші Шұбаш батыр, молқы Ештаған батыр бастаған қарақас, молқы, шеруші, жәнтекейдің шүйіншалы аталары Ертістен өтіп Алтайдың батыс қапталына өтіп ,Нарын, Күршім , Қалжыр өзендерінің сағасын, Марқакөлді мекендеді. Зайсанның батысындағы Ертістің осы өткелі «қарақас өткелі» атанып келеді. Ал Қотырақ Базарқұлұлы бастаған жәнтекейдің көбі , меркіт, ителі, шыбарайғыр т. б рулары Ертістен өтпей Қалбадан тартып Зәйсан өңірі, Көкпекті, Кендірлік, Кішкенетау, Маңырақ, Сауыр-Сайқан қатарлы жерлерге орнықты.(131)

Бұл шамасы 1760-1770 жылдардағы қоныстану, бұған қарағанда 1770 -1780 жылдары абақ керейдің дені әліде Қазақстанның шығысында , Қытаймен шегара аумақтарда болғанын көруге болады.

1778-1781 жылдары Абылай қоқан мен қырғыз мәселесін шешу үшін жорыққа тағы аттанады.

1779-жылы 13 тамыз. Абылай ханның Орынбор губернаторы И. Рейнедорфқа хаты.

«Менің қоластыма ұлы жүз бен кіші жүзде қарайды, ұлы жүз Түркістан мен Ташкенттің маңында. Сол аймақта менің қарауымдағы қазақтармен соғысып, тынышын алып, қысым жасап жүрген қырғыздар бар. Олар қарулы қолмен қазақ ауылдарын шауып , әйелдер мен балаларды тартып әкетіп отырады. (132)

1781-жылы қаңтар. Абылай Түркістан мен Ташкент арасындағы қырғыздарды бағындыру үшін көмекке орыс әскерін сұраған. Ол тілегі жүзеге аспаған соң өз ойын жүзеге асырмаққа кірісті.(133) Абылай ұлы жүздің Болат ханымен бірігіп тау қырғыздарын шапқан, алғашқы екі ретте еңсере алмай, үшінші рет қалың қолмен тұтқиылдан тиіп жеңген(134)

1781-жылы Абылай Ташкентті бағындырып қайтқан жолында қайтыс болады, Ташкенттіктер улаған деген қауесет бар, бірақ анық емес. Абылай кеткеннен кейін қазақтың хандығы біртіндеп әлсірей бастайды.

1784-жылы абақ керей төре іздейді , Тауасар би бастаған 17 адам Әбілманбет ханның ұлы Әбілпейіз ұрпақтарынан Көгедайды таңдайды   (135) Көгедайды 1785- жылы Қалба тауында төре етіп сайлайды (136) Деседе 1737 жылдарыда абақ керейді Әбілманбет басқарғанын жоғарыда көрдік, сондықтан Көгедайдан бұрын керейді төре билемеген деген теріс пікір.

Он екі абақтың қалыптасуы

1758 жылғы Цинь дерегінде абақ керей, ителі керей деген атауларды ғана көреміз, ал 12 абақ керей аталу 1780 жылдардан кейін орныққанын көруге болады. Көгедайды 1785 жылы төре етіп көтергенде 12 абақтан 12 мықты жігіт оны көтеріп Қалбатаудың биігіне шыққан дейді, бұған қарағанда 12 абақ атауы мен құрлымы осы кезден бастап қалыптаса бастаған сияқты.

Жәнібек жырының тағы бір нұсқасында:

Жәнібек жеті жұлдыз- жетіқарақшы, темір қазық, ақбозат, көкбозат,  екі арқан, қарақшы сынды он екі жұлдызға сай ата санын он екіге тұрақтандырады.(137) 12 жыл мүшелімде жауға шаптым, 12 зор шәйқасқа түстім. 12 ай, деп ырымдаған.

«Көгедай 1790 жылы  18 жасында Қобда арқылы Пекинге барып Цянлун патшамен кезігіп өзін, абақ керей елін, мекен- жерін таныстырып гүң шенін алады. Патша 12 абақ керейді, Алтайдың күн бетінен Зайсан көлі жағасына дейінгі жерін даңсаға алып, жылына патшаға 81 ат салық беріп тұратын етеді. Бұл салық «Сарноқтаның салығы» атанып 1861 жылға дейін жалғасады.(138) Цянлун патшаға Тоғыз тарту тартады, бұл көне түркінің тоғызды қасиетті сан деп қарайтын ырымына байланысты .

Асқар Татанайұлының дерегі бойынша Көгедайды Пекинге аттандырған жер-Көкпекті, оған керейден Барлыбай, Шұбаш, Жанторы, Байқан қатарлы беделді адамдар еріп барған(139) Бұдан 1770 жылдары абақ керей Алтайдың Қытайға қараған жағына өткенімен әліде едауыр тобы Шығыс Қазақстанның Зайсан, Көкпекті, Катонқарағай жақта отырғанын білуге болады, бұл жағыдай 1883 жылы екі империя шегара келісімін жасағанға дейін жалғасты.

1760 жылдардың соңына ала(1770-1780) көш жалғасты шығысқа ілгерілеп қазіргі Қытайға қарасты Алтай бетіне өте бастайды. Алдымен Марқакөлден ары Қаба, Алқабек, Білезік, Сауыр(Қазіргі Жеменей), Бурылтоғайға дейін мал отарлатады. Бұл өңірлер негізі иен жатады екен. 1770 жылдардан бастап молқы, қарақас, шеруші, жәнтекейдің шүйіншалы рулары Алқабек, Білезік, Қаба, Буыршынн өзендерін сағалай орналасты, онан ары жылжып Қыран өзенінің құйғаны Көксу, Балбағайға(Қазіргі Алтай қаласына қарасты жерлер) жетті. (140) Көшты бастағандар ендігі жерде Қотырақ ұлы Базарқұл, Байқан, Ештаған, Шұбаш қатарлы жас батырлар болады. Шерушы Шұбаш батыр 1790 жылдары Марқакөлде 800 үймен жайлаған екен. Шерушінің жане бір жас батыры Жантұяқ ауылымен Қалутанға барып жәйләп, қыста Сауырды қыстаған, 80 нен асып қайтыс болып сүйегі Жеменейдің Тосты деген жеріне қойылған екен.

1788-жылы Көгедай сұлтан Тарбағатай әмбанына Көшімбай атты елшісін жіберген.(141)

Жәнібек батыр 1798 жылы қайтыс болған, сүйегі Қалбатауда жерленген (142) Үйткені осы жырды жазған Ыбырай Ботай ұлы Жәнібек батырдың 5- ұрпағы, сондықтан сенімдірек деп қарауға болады. Бұл жырды 1927 жылы жазған екен. Ақыт қажы Жәнібек батыр 80 жастан асқан дейді ол бойынша 1836 жылдары қайтыс болған болады. Деседе ауыз әдебиетте түрлі нұсқалар, нақты тарихи числа болмағандықтан түбегейлі шындық ретінде қабылдау қиын.

Абақ керей көшіп барған жерлерде ол кездері Цинь империясы әкімшілік құрлымдар құрып, қалалар тұрғызып үлгерген еді, бұлда болса 1757-1767 жылдар арасында қазақтарды кері қуғанына басты себептердің бірі. Ол жерлерге орнығып қамалдар салып , салық жүйесі мен біраз имигранттарын көшіріп болған соң барып қазақтарға есік ашқан тәрізді. Абақ керей мекендеген жерлердің Алтай тауы Улиястай генаралына қарайтын Қобда әкімшілік аймағы болса, Зайсан-Сауыр жағы Тарбағатай әмбанына қарады, Тарбағатай әмбанын Іле генералы басқаратын.

Қобда көмекші уәзірі Цин әулеті кезінде Моңғолияның Қобда аймағының басқарушысы болған. Цяньлун императорының билігінің 26-шы жылында (1761) тағайындалған ол Қобда қаласында қызмет еткен. Олар Улиастай генералына бағынған, керейлер мекендеген Ертістің солтүстік жағы болған Алтайдың көп жері осы Қобдаға қарады. Алтай ұраңқайлары(Алтай ұлты) мен Алтай нор ұраңқайлары Улиастай генералының қоластындағы Қобда ақылшы әмбысна қарайтын. (143)

Улиастай генералының қарамағындағы әскери аймаққа Сыртқы Моңғолияның Түшет хандығы, Шешен хандығы, Сайн Ноян хандығы және Засагту хандығы, сондай-ақ Танну Урианхай мен Ховд кірді. Бұл аумақ шамамен қазіргі Моңғолияның көп бөлігіне (Даригангия жайылымы сияқты аймақтарды қоспағанда); Ресейдегі бүкіл Тува және Алтай республикаларына, Алтай өлкесінің оңтүстік-шығыс бөлігіне, Хакасия Республикасының оңтүстік бөлігіне және Кемерово облысының оңтүстік бөлігіне; Қытайдың Шыңжаңдағы Алтай аймағының солтүстік бөлігіне; және Қазақстандағы Шығыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінің бір бұрышына сәйкес келеді. Цзяцин билігі кезіндегі *Да Цин И Тонг Чжи* (Цин әулетінің кешенді хабаршысы) басылымының қайта қаралған нұсқасында Улиастай генералының қарамағындағы аймақ Улиастай қолбасшылығы деп анықталған. (144)(145)

1755-жылы, Цяньлун императорының билік құрған 20-шы жылында, Цин әулеті Жоңғар хандығын жаулап алды, ал Тарбағатай аймағы оның аумағына қосылды. Керейлер осы Тарбағатайдың Зайсан көлі маңына көшіп барды.

Тарбағатай үлкен жақтан Іле генералына бағынды. 1762 жылы Ілеге әскери қолбасы қойылды, Миң Рүй тұңғыш генерал еді. Онан кейін Агүй 1767-1768 генерал болды. 1768 жылы Еліту, Онан кейін Иұңгүй(1769) болып  жыл сайын алмасып отырған. Кейін келе Шыңжаңда жалпы 40000 нан аса Цинь әскері тұрды.  Қосын негізінен манчжур, моңғол, дағұр, сібелерден құралды, жасыл тулылар хан яғни қытайдан құралсада олар негізі егіншілікпен айналысты. 1764-1765 жылдары 8 мыңнан астам сібе әскері жөткеп әкелінген, тағы Бұраталаға чахар моңғолдары әкелінген.  Олар көбінде шегара қорғауға, қазақ пен моңғол ара жәйілім дауларын шешуге жауапты болған. (146)

Сонымен бірге Цинь үкіметі Қашқариядан 1760 жылдардан бастап ұйғырларды Ілеге көшіре бастады. 1768 жылы олардың саны 40 мыңнан асып кеткен. (147)

1764-жылы, Цяньлун императорының билік құрған 29-шы жылында, үлкен уәзір Чоледо Жасыл тулы армиясының әскерлерін бұрынғы Торғұт жайылымы Ярда, Чжаофэн қаласы (қазіргі Үржар, Қазақстан) деп аталатын қаланы салуға басқарды. Сол жылы Тарбағатайдың үлкен уәзірі тағайындалып, Чжаофэн қаласына орналастырылды. 1766 жылы, Цяньлун императорының билік құрған 31-ші жылында, Ярдың суық климатына байланысты, сол кездегі үлкен уәзірі Агуй Ярдан батысқа қарай 200 ли жердегі Чухучуда (қазіргі Шәуешек қаласы) қала салуды өтінді. Цяньлун императоры қалаға Суйцзин қаласы атауын берді, ал Тарбағатайдың үлкен уәзірі Суйцзин қаласына көшірілді. Осыдан кейін Суйцзин қаласы Тарбағатай қаласы немесе жай ғана Шәуешек қаласы деп те аталды. Тарбағатайдың үлкен уәзірінің қарамағындағы аймақ Тарбағатай деп аталды. Оның аумағы шығыста Байшанға (Бәйтік тауы), солтүстігінде Улунгур өзеніне (Улунгур өзені), Бурылтоғайға (Улунгур көлі) және Қобдамен шектесетін Ертіс өзеніне, батысында Балқаш көліне, оңтүстік-батысында Ілемен шектесетін Лебуш өзеніне және оңтүстігінде Гурбантүнгүт(Құбының құмы) шөліне дейін созылып жатыр.(148)

Көгедай 1800 жылы Тарбағатай әмбанына тағыда елші жіберген.

1788-жылы Ханқожаның хаты.

«Үлкен Хыбы әмбанға Көгедай інімнен хат жібердім» (149)

1818-жыл. Көгедайдың хаты. 13 маусым

«... Біздің жазған хаттың ішіндегі жеріміз тар, жәйілісіміз жоқ дегеннің жауабына тілегендерің жөн болмады дегенді қғындым. Менің айытқаным: Былтыр қар көп жауып , мал қырылып, жұртымыз келіп қарауылдың ішіне қонамыз дегенде мен кірмеңдер ұлық генерал, Хыб әмбандардан қоныс сұрайын деген едім...» (150)

Бұл хатан Цинге қарасты жерді жәйлап отырғанымен керейлер қазақ ордасынан қол үзбегенін, керісінше оларды Цинь үкіметі өз бұқарасы ретінде танымағанын, вассал ретінде қарап шегара аймақта тұруына жол қойғанын көруге болады.

1820 жылғы деректегі абақ керей рулары мыналар болған:

Жастабан, жәдік, шыбарайғыр, шеруші, ашамайлы керей, абақ керей, көнсадақ, ителі, молқы, көкшығыш керей, сибан керей, қарақас, меркіт, тоқымбет керей.(151) Бұлардың ішінде көкшығыс керей мен абақ керей кейінгі жәнтекейлер, 1820 жылдардағы Ізқұттыбатыр жәнтекейдің 6- ұрпағы, 1820 жылдардан кейін жеті атаға толған соң жәнтекей атасы , онан кейін жәнтекей руына айналған. Ал сарбас руы кейін жастабан руынан бөлініп шығады, оған тағы құлтайболат қосылып 12 ру болады, сарбастан бұрын 12 рудың біріне сибаннан тарайтын шимойындар кірген. Жәнтекейдің ұрын- Шақабай, жәдіктің ұраны-Жанат, шерушінің ұраны- Байтайлақ, қарақастың ұраны- Қаптағай, молқының ұраны- Машан, ителінің ұраны- Бұқарбай, шыбарайғырдың ұраны- Қожаберген, жастабан мен сарбастың ұраны- Сартоқай, меркіттің ұраны- Құлсары, көнсадақтың ұраны- Жабай болған. Ал шығыстағы ашамайлы керей көбі кейін солтүстікке, Омбыға ауған, ақымбет керейлер қазіргі Аманқарағай ауданына қоныстанып қалған.

1823-жылы 3 наурыз. Іле ганаралына жазған хат. Көгедайдың інілері Мәмен, Жабағы, балалары Ажы, жанғазылардың хаты. Тоқтакөшектің інісі Құлеке 17 кісімен келіп 50 жылқыны бұлап кеткен соң, Көгедай гүң қуалап барғанда оның бас-аяғына ұрғаны үшін , өзінің бар шағында менің өшімді алып бергейсіз деп өтінген еді. Көгедай осы зардаптан өлді...» (152)

Көгедайдың өліміне себепкер Қамбар төре болған, үйткені Көгедай 1790- жылы Цинь императорынан сұлтан шенін алған соң Ханқожаның  ордасына салық төлеттірмеді, оған оның ұрпақтары наразы болған.(153) Бұл деректер 1820 жылдарға дейін керейлер әкімшілік жақтан Тарбағатай уәзіріне қарағанын білуге болады.

«Шыңжаң туралы қысқаша шолу» атты кітапта: «Елүн өзені таудан шығып солтүстікке қарай 50 шақырым ағып барып көлдің (Зайсан көлі) оңтүстік шығыс бұрышына құяды. Оның шығыс жағалауы қазақ гүңі Көгедайдың қыстауы... Бөкүн өзенінің батысы Көгедайдың жайлауы, Көгедай қазақтың оңтүстік бөлігінің уаңы (ханы) Әбілпейіздің алтыншы ұлы, оған Цяньлұн патша гүң атағын берген» делінген.(154)

Сурет: 1760-1860 жылдардағы шығыстағы қазақ руларының орналасу картасы (Дүйсенәлі Әбіләшімұлының ФБ парақшасынан).

Өр Алтайды алу

1822-жылы Ресей империясы орта жүзде хандық билікті жойды.

Орта жүзде 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы Михаил Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдың жарлығымен бекітілген «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» күшіне енді. Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты мақсаттарының бірі Орта жүздегі хан билігін біржолата жою болатын. «Жарғы» өзінің мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарын іс жүзінде Ресей империясына қосып алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтіп Орта жүздегі әкімшілік, сот және аумақтық басқару жүйесі түбірімен өзгертілді. Ендігі жерде Көгедай ордасы қазақ хандығына емес ресми түрде Цинь империясына қарасты ел болып өзгереді.

Жоғарыда деректерден Көгедайға берілген жер Ұлыңгір көліне дейінгі жерлер яғни қазыргі Алтай аймағының батыс бес ауданының жерлері екенін көруге болады. Деседе мал мен санның өсуіне байланысты ел ары өтіп Ертіс  пен Бұлғын өзенінің басына барады. Ер Жәнібек батыр елдің соңында қалып Қалба тауында қайтыс болып сонда жерленеді.

«Арқалық батыр» жырында Арқалық Ажы төре ордасынан шығысты бетке алып Нарынқара(Жеменей жерінде), Шірікши (Алтай қаласына қарасты ауыл аты), Қыран бойына аялдайды, Бурылтоғайдан өткен соң ұраңқай жеріне асықтық дейді(155)

19 ғасырдың басына келгенде елдің алды Өр Алтайға жетеді, 1822 жылы қазіргі Көктоғайдың Қу Ертіс, Ақдала, Сарбастау деген жерлеріне барады. Саны басым қазақтар моңғолдарды ығыстыра береді. Ақыры олардың арызы Қобдаға , онан Пекинге жетеді. «Қазақтар Цянлунь заманынан қазірге дейін ұраңқай жеріне көп рет келген еді. Қазыр 2000 нан аса түтіні көшірілді, тек Ізқұтты бастаған 600 ден артық үй көшпей отыр. Бұны Тарбағатай әмбісі адам жіберіп  қудалауы керек»(156)

Ақыры 1836 жылы Цинь үкіметінің шешімімен 3000 нан астам дөрбіт қосыны Қабақшы батырдың бастауында керейлерге шабуыл жасайды. Бұл ел есінде «Беген шабылған Қарасеңгір», «Сайын Ноян шапқан» деген аттармен қалған. Есағасының ұлы Беген асқан бай адам болған екен, ол Ізқұтты, Иман сынды туыс батыр інілерін алға салып дөрбіт-ұраңқайларға есе бермеген адам екен. Осы жылы қыз ұзату тойына дайындалып, алтындаған үй тіктіріп, тең- тең етіп жасаулар жасатып жатқанда қалың жау тұтқиыл кеп тиеді. Қазақтар қапылыста қарсылық көрсетседе дөрбіттер мол олжамен қоса 30 отау қыз-жігітті олжалап кетеді. (Абылайдың қырғыздардан аманатқа әкеткені сияқты болса керек, өйткені Қобдадағы дөрбіт ханының шені Ажы сұлтаннан жоғары, әскер ұстайтын ұқыққа ие еді)(157)

«Цинь үкіметі ұраңқай моңғолдарының талабына сай дөрбіттің оң қол, сол қолынан 2000 әскерін Шылындоржыға беріп қазақтарды ол жерден қуып шығару керек деп бұйырады(158)

«Ізқұтты тіптіде көп қазақ малшыларын жинап 1839 жылы көктемде қайта көшіп келді. Бұл рет олар қуғыншыларға қатты қарсылық көрсетті, көш бастап келген Ізқұтты, Иман. Қуанбай моңғол әскерлерінің қолына түсті. Осы тұста Жарқынбай, Өтеміс, Құлыбек деген адамдар мыңан аса түтінді бастап келіп Бұлғын өзенінің Ұланғұс деген жеріне қоныстанып , қууға келген әскерлермен қақтығысып екі адамды шауып өлтірді, қуғыншыларды айдап шығып қоныстанып қалды»(159)

1830 жылдардың ортасында аға сұлтан Құнанбай Алтайдағы абақ керейлерге барып қайтқан сапарын еске алғанда:

«Қытайға қараған абақ керей баласы 15000 түтіннен асып, дәулеті шалқып, елі өсіп, кегін жоқтар ері туып, дауын сөйлер биі туып, бақ қонған елге айналған екен. Түбі біздің қазақтың бір тиянағы солар болар!»-депті. (160)

Медицина дамымаған жаугершілік заманда халық санынң өсуі баяу болады, 70 жылда 2500 түтіннен 15-16 мың түтінге көбею қиын. Сондықтан абақ керейдің көбеюіне жоңғарға қарасты керейлердің үлесі үлкен болған деген пікір шындыққа жанасады.

Ал Ресей империясына қарап қалған ашамайлы керейлердің саны туралы 1803 жылы манадай мәліметтер бар екен:

«Жетіру, уақ-керейлер үш бөлік, сегіз  мың түтін, Есіл бойы мен Жәйілма көлін жәйлайды. Ертіс аңғарына қыстайды. Досымбек, Өмір, Байымбет деген басшы билері бар. Петропавл, Омбы сияқты бекністермен сауда жасайды.

Керей руының екі атасы, 1000 шаңырақ жазда үй мен Тоғызақ өзендеріне көшеді. Берхоураск, Степной бекінісі маңына қыстайды. Тұңғаш жане Бекбауұлы Бекболат деген бастықтары бар, саудасы сол төңіректе.(161)

Керей руының 4 тармағы, 4000 дай түтін жазда Есілдің шығыс жағалауын жәйлайды. Қыстаулары Песногорокое, Звериноголов бекіністерінің маңы мен Обаған өзендерінің сыртындағы дала. Балық би, Дайын деген ел ағалары бар. Естекұлы Үрістем сұлтанға қарайды,  Тройцкке мал апарады. (162) Бұл сан 10000 түтін шамасында, алайда бұдан 40 жыл бұрын 12000 түтін болғаны белгілі, бұдан санақтың жан-жақтылы еместігін, сондай-ақ өзгеде себептер бар екенін білуге болады.

Түйін:

Орта жүз керей руларының шығысқа жане солтүстікке көшуі- Қазақ хандығының соңғы өрлеу дәуіріндегі териториялық кеңеюдің нәтижесі. Ешқандайда рулық қақтығыстардың салдары емес. Осы қатарда шығысқа керей ғана емес наймандар, албан-суанндар мен біраз уақтардыда жатқызуға болады. Егер іргелі ру кіші руды көшірген болса сол кездегі ең іргелі рудың бірі наймандардың көшін немен түсіндіруге болады?  Абылай хан бас болған 1751-1781 жылдар қазақ ордасының соңғы өрлеу дәуірі! Оны 1381-1395 жылдардағы Алтын Орда ханы Тоқтамыстың заманымен ұқсатуға болады. Қазақтардың ірге кеңейтуі төрт бағытта бірдей жүрілді, солтүстікпен батыста сол кездері Ресей өз жері санап бекініс салып үлгерген жерлерге барды. Жоңғар хандығының жойылуы ежелгі жерлерді қайта иелеп алуға үлкен орай тудырды, Цинь мен болған соғыстағы жеңістен соң тіптіде сеніммен алға ілгерілеген. Кейінгі жерде қазақ хандығына бәсекелес бола алатын елдер қалмады, сондықтан қырғыз, түркімен, өзбек, башқұртты жасқап Тәуекел хан кезіндегі територияға қайта ие болды. Ал қазақтардың өрісін кеңейтуі 1930 жылдарға дейін жалғасты, үйткені жоңғар жойылғаннан кейін халық саны қаурыт өсе бастап 1917 жылы 5,5 миллионға жеткен еді.

 Әдебиеттер:

  1. https://ctext.org/wiki.pl?if=gb&chapter=442898&remap=gb#%E6%B0%8F%E6%97%8F%E8%92%99%E5%8F%A4%E4%B8%83%E5%8D%81%E4%BA%8C%E7%A7%8D
  2. Шараф Ад-Дин Әли Язид. Зафарнама.199-бет. Ғылым баспасы. Нұрсұлтан. 2021
  3. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарихи рашиди. 74- бет. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 2015
  4. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарихи рашиди. 105 бет. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 2015
  5. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарихи рашиди. 113 бет. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 2015
  6. Құрбанғали. Тауарих хамса. 58- бет. Алматы . Қазақстан баспасы. 1992
  7. Миллер Г. Ф. Глава первая. События древнейших времён до русского владычества // История Сибири — М.-Л.: АН СССР, 1937. — Т. 1. — С. 189–194.
  8. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%B8%D0%BB%D0%B8%D0%BF%D0%BF_%D0%98%D0%BE%D0%B3%D0%B0%D0%BD%D0%BD_%D1%84%D0%BE%D0%BD_%D0%A1%D1%82%D1%80%D0%B0%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%B3
  9. Тарих адамзат ақыл-ойының қазынасы. 5- том. 480-482 беттер. Астана : Фолиант , 2005. – Ресей тарихының философиясы
  10. Хойт С. К. Кереиты в этногенезе народов Евразии: историография проблемы. Элиста, 2008. 82 с. Дата обращения: 3 февраля 2018. Архивировано 28 февраля 2020 года.
  11. Очир А. Монгольские этнонимы: вопросы происхождения и этнического состава монгольских народов / д.и.н. Э. П. Бакаева, д.и.н. К. В. Орлова. — Элиста: КИГИ РАН, 2016. — 286 с. — ISBN 978-5-903833-93-1.
  12. Темиргалиев Р. Тамга. История казахских племён.. — Алматы: Meloman Publishing, 2023. 626
  13. ИКРИ_3, 2005, p. 302.
  14. Габжалилов, 2011, p. 182—185.
  15. Темиргалиев Р. Тамга. История казахских племён.. — Алматы: Meloman Publishing, 2023. 626-630
  16. Габжалилов, 2011, p. 192—201.
  17. Тамга, 2023, p. 631.
  18. Габжалилов, 2011, p. 219.
  19.    Шыңжаң тарихы материалдары. 13- том. 6-7 бет. Шыңжаң халық баспасы. 1984. Үрімжі
  20. Ақыт шығармалары. 376- бет. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 1994
  21. Бабалар сөзі . 87- том. Тарихи аңыздар. 86 бет. Фолиант баспасы. 2012
  22. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 133 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  23. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 211бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  24. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 180 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  25. Абақ керей. Қадыс Жәнәбілұлы, Қоңырқан Жусанбайұлы. 32-33 беттер. Іле халық баспасы. Күйтүн. 2008
  26. Асқар Татанай.Тарихи дерек, келелі кеңес. 51 бет. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 1989
  27. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 215 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  28. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 227 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  29. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 237-238 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  30. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 242 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  31. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 416 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  32. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том.  437-441 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  33. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том.  445 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  34. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том.  446 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  35. 李文彬,伊犁固尔扎庙的兴衰,佛缘网站,2011-12-7. [2014-05-05].
  36. Цинь әулеті сарай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 4 бет. Іле халық баспасы. Күйтүн. 2009
  37. Цинь әулеті сарай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер.5 бет. Іле халық баспасы. Күйтүн. 2009
  38. Цинь әулеті сарай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 450 бет. Іле халық баспасы. Күйтүн. 2009
  39. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 454 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  40. Цинь әулеті сарай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 8 бет. Іле халық баспасы. Күйтүн. 2009
  41. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 457 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  42. Қалмақ тарихы. Жоңғарды тыныштандырудың жалпы жобасы. 57 бет
  43. Вэй Юаньның «Қасиетті соғыстар туралы жазбалары», 4-том
  44. Цинь әулеті сарай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 30-31 бет. Іле халық баспасы. Күйтүн. 2009
  45. Цинь әулеті сарай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер.15 бет. Іле халық баспасы. Күйтүн. 2009
  46. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 480-481 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  47. Цинь әулеті сарай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 20 бет. Іле халық баспасы. Күйтүн. 2009
  48. Цинь әулеті сарай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 18-19 бет. Іле халық баспасы. Күйтүн. 2009
  49. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 487 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  50. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 488 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  51. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том.  488 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  52. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 477 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  53. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 115- бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  54. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 120- бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  55. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 128-129 бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  56. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 130- бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  57. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 143- бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  58. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 143- бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  59. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 146 бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  60. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 148- бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  61. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 164-165 бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  62. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 175-176 бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  63. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 185- бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  64. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 185- бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  65. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 187- бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  66. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 504 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  67. Абақ керей. 38 бет. Қадыс Жәнәбілұлы. Қоңырқан Жусанбайұлы. Іле халық баспасы. Күйтүн. 2008
  68. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 505 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  69. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 509 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  70. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 513 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  71. Цинь әулеті сарай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 36 бет. Іле халық баспасы. Күйтүн. 2009
  72. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 518 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  73. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 520 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  74. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 529 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  75. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 533 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  76. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 534 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  77. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 550 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  78. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 550 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  79. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 563 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  80. Қазақтың ханы Абылай (құжаттар жинағы). 1- том. 564 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  81. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том. 16 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  82. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 225- бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  83. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 221-222 бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  84. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том. 77 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  85. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том. 78 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  86. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том. 91-92 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  87. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том. 92 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  88. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том. 93 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  89. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том. 141 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  90. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том. 148-149 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  91. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том. 154-155 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  92. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 256- бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  93. Асқар Татанай. Тарихи дерек, келелі келес. 41 бет . Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 1989
  94. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том. 191-192 беттер бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  95. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 314- бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  96. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 319- бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  97. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том. 205 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  98. Дүйсенәлі Әбіләшім. Жүңго бірінші тарихи мұрағатында сақталған қазақша құжаттар. 107- бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2016
  99. Шоқан Уәлиханов шығармалары. 1- том. 224-226 беттер. Алматы : Толағай групп , 2010. – Мәдени мұра.
  100. Ақыт шығармалары. 1- том. 643-645. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 1994
  101. Ақыт шығармалары. 1- том. 651. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 1994
  102. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том. 230 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  103. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 326- бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  104. Цинь әулеті сарай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 88 бет. Іле халық баспасы. Күйтүн. 2009
  105. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 367- бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  106. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 383 -384 беттер).
  107. Алдаспан. Мұхтар Мағауин. 96 бет. Ата мұра. Алматы. 2006
  108. Қожаберген батыр. Бақыт Еженқанұлы. 418- бет. Арыс баспасы. Алматы. 2017
  109. Шыңжаң қазақтарының көші-қон тарихы. 71 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
  110. Цинь сарай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 92 бет. Іле халық баспасы. Күйтүн. 2009
  111. Құрбанғали Халиди. Тауарих хамса. 105 бет. Қазақстан. Алматы. 1992
  112. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том. 239 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  113. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том. 245 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  114. Қазақ шежірелері. 1- том. Іле халық баспасы. 451 бет
  115. Ақыт шығармалары. 1- том. 379-380 беттер. 1994. Үрімжі
  116. Тарихи дерек, келелі кеңес. Асқар Татанайұлы. 46-50 бет. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 1989
  117. Тарихи дерек, келелі кеңес. Асқар Татанайұлы. 46-50 бет. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 1989
  118. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том. 274 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  119. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том. 361 бет. Алматы : Ел-шежіре, 2011
  120. Дүйсенәлі Әбіләшім. Жүңго бірінші тарихи мұрағатында сақталған қазақша құжаттар. 118- бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2016
  121. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том . Алматы : Ел-шежіре, 2011
  122. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том . 304 бет.  Алматы : Ел-шежіре, 2011
  123. Цинь әулеті сарай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 101 бет. Іле халық баспасы. Күйтүн. 2009
  124. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том . 354 бет.  Алматы : Ел-шежіре, 2011
  125. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том . 305 бет.  Алматы : Ел-шежіре, 2011
  126. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том . 309 бет.  Алматы : Ел-шежіре, 2011
  127. Дүйсенәлі Әбіләшім. Жүңго бірінші тарихи мұрағатында сақталған қазақша құжаттар. 132- бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2016
  128. Дүйсенәлі Әбіләшім. Жүңго бірінші тарихи мұрағатында сақталған қазақша құжаттар. 144- бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2016
  129. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том . 377 бет.  Алматы : Ел-шежіре, 2011
  130. Ақыт шығармалары. 1- том. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 1994
  131. Абақ керей. Қадыс Жәнәбілұлы. Қоңырқан Жусанбайұлы. 44-45 беттер. Іле халық баспасы. Күйтүн. 2008
  132. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том . 383 бет.  Алматы : Ел-шежіре, 2011
  133. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том . 394 бет.  Алматы : Ел-шежіре, 2011
  134. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том . 395 бет.  Алматы : Ел-шежіре, 2011
  135. Тарихи дерек, келелі кеңес. Асқар Татанайұлы.  83-84 бет. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 1989
  136. Тарихи дерек, келелі кеңес. Асқар Татанайұлы. 83 бет. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 1989
  137. Бабалар сөзі. 27- том. Тарихи жырлар. 133 бет. Фолиант баспасы. 2012
  138. Қазақ шежірелері. 1- том. 457 бет. Іле халық баспасы. Күйтүн
  139. Тарихи дерек, келелі кеңес. Асқар Татанайұлы. 84-85 бет. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 1989
  140. Абақ керей. Қадыс Жәнәбілұлы. Қоңырқан Жусанбайұлы. 46. беттер. Іле халық баспасы. Күйтүн. 2008
  141. Дүйсенәлі Әбіләшімұлы. Жұңго бірінші тарихи мұрағатында сақталған қазақша құжаттар. 68 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2016
  142. Бабалар сөзі. Тарихи жырлар. 27- том. 138 бет
  143. Шыңжаңның жергілікті тарихы. 364- бет. Шыңжаң университеті баспасы. Үрімжі. 1997
  144. 嘉庆重修《大清一统志》
  145. 《乌里雅苏台志略》,《中国方志丛书》塞北地方第三十九号,成文出版社1968年影印抄本
  146. Шыңжаңның жергілікті тарихы. 356-363 беттер. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 1991
  147. Шыңжаңның жергілікті тарихы. 374 бет. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 1991
  148. 《清史稿》 ,中华书局点校本
  149. Дүйсенәлі Әбіләшім. Жұңго бірінші тарихи мұрағатында сақталған қазақша құжаттар. 183 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2016
  150. Дүйсенәлі Әбіләшім. Жұңго бірінші тарихи мұрағатында сақталған қазақша құжаттар. 212 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2016
  151. Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. 1-том. 314-316 беттер. Алматы : Дайк-пресс , 2005.
  152. Дүйсенәлі Әбіләшім. Жұңго бірінші тарихи мұрағатында сақталған қазақша құжаттар. 214 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2016
  153. Асқар Татанай. Тарихи дерек, келелі кеңес. 30 бет. Шыңжаң халық баспасы. 1996. Үрімжі
  154. Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. 240- бет. 1-том. Алматы. Дайк-Пресс. 2005
  155. Бабалар сөзі. 61 том. Тарихи жырлар. 239 бет. Фолиант. Астана
  156. Қазақ тарихынан зерттеулер. Нәбижан Мқхаметханұлы. 169 бет
  157. Асқар Татанай. Тарихи дерек, келелі кеңес. 89-91 бет. Шыңжаң халық баспасы. 1996. Үрімжі
  158. Нәбижан Мұхаметхан. Қазақ тарихынан зерттеулер. 170 бет
  159. Нәбижан Мұхаметхан. Қазақ тарихынан зерттеулер. 170-171 бет
  160. Асқар Татанай. Тарихи дерек, келелі кеңес. 98 бет. Шыңжаң халық баспасы. 1996. Үрімжі
  161. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том . 418 бет.  Алматы : Ел-шежіре, 2011
  162. Қазақтың ханы Абылай. (құжаттар жинағы). 2- том . 419 бет.  Алматы : Ел-шежіре, 2011

Ерзат Кәрібай

Abai.kz

0 пікір