Сейсенбі, 19 Мамыр 2026
Жаңалықтар 220 0 пікір 19 Мамыр, 2026 сағат 14:16

«Жасыл ел» жасақтарының XXII маусымы басталды

Сурет: шара ұйымдастырушыларынан алынды.

Алматы облысында республикалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымының салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен келген белсенді жастар, мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Маусымның ашылуы аясында қатысушылар 100-ден астам көшет отырғызып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды насихаттайтын экологиялық акцияға атсалысты.

Биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысына 34 мыңнан астам адамды тарту жоспарланып отыр. Жоба дәстүрлі түрде жастарды еңбекке баулуға, экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға үндейді.

Жастар еңбек жасақтарына жұмысқа орналасу бойынша ақпаратты әрбір өңірде орналасқан жастар ресурстық орталықтарынан білуге болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2903
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 2005