Бейсенбі, 21 Мамыр 2026
Дін 132 0 пікір 21 Мамыр, 2026 сағат 14:10

ҚМДБ: Құрбан айтты дәстүрімізге сай атап өтеміз!

Суреттер: muftyat.kz сайтынан алынды.

Елорда да өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі барша жамағатты ұлттық киімдерімізді киіп, айт мерекесін дәстүрімізге сай ұлттық нақыштармен өткізуге, игі бастамаларымызға белсенді түрде атсалысуға шақырды.

«Жыл басында еліміздегі барша дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамамда қос ұлық мейрамдарымыз – Құрбан айт пен Ораза айтты дәстүрімізге сай қоғамдық деңгейде атап өту қажеттігін жеткіздім. Алла қаласа, айт күндері «Құрбан айт – ұлық мереке» тақырыбында республикалық деңгейде игі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Облыстық, қалалық және аудандық мешіттердің ауласында киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен арнайы сайыстар ұйымдастырылады. Жер-жерде мәдени-рухани кештер өткізіледі. Осы ретте еліміздегі барша жамағатты ұлттық киімдерімізді киіп, айт мерекесін дәстүрімізге сай ұлттық нақыштармен өткізуге, игі бастамаларымызға белсенді түрде атсалысуға шақырамын» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

27 мамыр – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынамыз. Айт құтты болсын, ағайын!

ЕЛІМІЗ БОЙЫНША АЙТ НАМАЗЫНЫҢ КЕСТЕСІ

Сурет: muftyat.kz сайтынан алынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2998
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 2100