Вице-министрдің мемлекеттік тілді білмеуі – әділетсіздік!
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса депутаттардың мемлекеттік сұрақтарына орыс тілінде жауап берген ҚР Әділет вице-министрі Ботагоз Жакселековаға қатаң ескерту жасады.
- Мен ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Шаймарданқызы қарындасыма ағалық ескерту айтпақшымын.
Сіз Әділет вице-министрі ретінде Қазақстанда Мемлекеттік тіл Қазақ тілі екенін білмейсіз бе?!. Мемлекеттік тілде сұрақ қойған депутаттардың барлығына мемлекеттік тілде емес - орыс тілінде жауап бердіңіз! Тіпті, Мәжіліс депутаты Екатерина Смоляковның мемлекеттік тілдегі сұрағына да мемлекеттік тілде жауап бере алмадыңыз?!
Келесіде парламентке келгенде Мемлекеттік тілді үйреніп келіңіз, немесе Әділет минисрлігінде қазақша білетін адам бар шығар, мемлекеттік тілді білетін өкілді жіберсін!
Әділет вице-министрінің мемлекеттік тілді білмеуі – әділетсіздік, - деді Қазыбек Иса.
Abai.kz