Жұма, 12 Маусым 2026
Жаңалықтар 140 0 пікір 12 Маусым, 2026 сағат 13:36

6 қалада жаңа көмір энергия көздері салынады

Сурет: Информ сайтынан алынды.

Алдағы жылдары Екібастұз, Курчатов, Жезқазған, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жаңа көмір энергия көздерін салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстан көмір өнеркәсібінің VII форумында мәлім етті.

— Екібастұз, Курчатов, Жезқазған, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жаңа көмір энергия көздерін салу жоспарланып отыр. Бұл жобалар электр энергиясына артып келе жатқан сұранысты өтеу және Біртұтас электр энергетикалық жүйенің сенімділігін арттыру үшін қажет, — деді министр.

Оның айтуынша, электр энергиясын тұтыну көлемінің артуы, өнеркәсіп пен цифрлық экономиканың дамуы, сондай-ақ энергияны көп қажет ететін жаңа жобалардың іске асырылуы сенімді базалық қуат көздеріне деген қажеттілікті арттырып отыр.

Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасын бекітті.

Министрдің сөзінше, құжат жаңа энергетикалық нысандар салуды, қолданыстағы қуат көздерін жаңғыртуды, кеңейтуді және жаңартуды көздейді. Сонымен қатар ұлттық жоба аясында көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларын тұрақты отынмен қамтамасыз ету тетіктерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Ерлан Ақкенженов көмір өнеркәсібі еліміз экономикасының негізгі салаларының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, сала мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуіне және мыңдаған азаматтың жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беріп отыр.

Сондай-ақ қазіргі жағдайда көмір саласының алдында өндіріс тиімділігін арттыру, инновациялық технологияларды енгізу, өндірістік процестерді цифрландыру, экологиялық көрсеткіштерді жақсарту және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету міндеті тұрғанын айтты.

Abai.kz

0 пікір