Бейсенбі, 18 Маусым 2026
310 0 пікір 18 Маусым, 2026 сағат 19:35

Журналистер күні қарсаңында «Ақ жол» партиясы белгілі спорт комментаторы Аманкелді Сейітханды еске түсіруге арналған дәстүрлі бильярд турнирін өткізді

Сурет: "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметінен алынды

Журналистер күніне орай Астана қаласында «Ақ жол» партиясы белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске түсіруге арналған дәстүрлі бильярд турнирін өткізді.

Сурет: "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметінен алынды

Сурет: "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметінен алынды

Шараға «Ақ жол» демпартиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, партия Ұлттық кеңесінің хатшысы Арман Сқабылұлы қатысты. Тартысты додада БАҚ өкілдері, белгілі журналистер шеберліктерін ортаға салды.
Турнирде ақпарат, мәдениет, әдебиет саласының майталмандарынан құралған сегіз команда бақ сынады.

Сурет: "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметінен алынды

Жарысқа қазақ журналистикасының ардагері Қайнар Олжай төрелік етті. Ойын барысында аңыз комментатордың әріптестері Аманкелді Сейтхан туралы естеліктер айтты.

Сурет: "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметінен алынды

Тартысты ойын нәтижесінде «Ұлттық арна» командасы жүлделі үшінші орынға ие болды. Екінші орын «Нұрсая» командасына бұйырды. Ал, бас жүлдені «Айқын» командасы қанжығасына байлап, жарыстың жеңімпазы атанды.

Abai.kz

0 пікір