Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 893 0 пікір 30 Маусым, 2026 сағат 12:00

Үлкен Алматы өзеніне шомылуға тыйым салынды

Сурет: GOV.KZ сайтынан алынды.

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Үлкен Алматы өзеніне шомылмауға шақырды. Ведомство өкілдері өзен арнасының кейбір учаскелерінде шомылуға ресми түрде тыйым салынғанын және оның адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін еске салды.

Мұндай үндеуге әлеуметтік желілерде аптап ыстықтан қорғану үшін өзенге түсіп жатқан тұрғындардың видеоларының таралуы себеп болған.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылғы 7 тамыздағы қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес, Үлкен Алматы өзенінің жекелеген учаскелерінде шомылуға тыйым салынған.

Экология басқармасы Үлкен Алматы өзенінің ағысы қатты әрі суы өте салқын тау өзені екенін атап өтті. Бұл ерекшеліктер адамдардың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді.

Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына белгіленген шектеулерді сақтап, тек арнайы жабдықталған әрі қауіпсіз шомылу орындарын таңдауға кеңес берілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1338
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2911
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 990
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 923