Сейсенбі, 14 Шілде 2026
Жаңалықтар 168 0 пікір 14 Шілде, 2026 сағат 14:01

Ұшақта полицейді тілдеген әйел сотталды

Сурет: qazradio.fm сайтынан алынды.

Астана тұрғыны әуе кемесінің бортында полиция қызметкерін тілдегені үшін қылмыстық жауапқа тартылды.

Осы жылдың наурыз айында мас күйде болған жолаушы әйел полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қызметтік міндеттерін атқарып жүрген билік өкілін көпшілік алдында қорлаған.

Көлік прокуратурасы мемлекеттік айыптауды қолдаған іс бойынша сот әйелді кінәлі деп танып, оған айыппұл салды.

Прокуратура ескертеді: билік өкілін қорлағаны және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін жауаптылық көзделген. Үкім заңды күшіне енді.

Abai.kz

0 пікір