Партиялар халыққа нені түсіндіруі қажет?
Партияларға халықшыл, мемлекетшіл, білімділік тұрғыда көзге түсіп, лидерлік пен батылдық танытып жүрген азаматтарды өз тізіміне енгізу - әрине, оның келісімімен - түкке тұрмайтын тірлік қой...
Бірақ, біздегі партиялардың біреуі де ондай қадам түгілі ишара жасамады!
Себеп?
Партиялардың шын "мемлекетшілдігі" олардың лидерлеріне пропорционалды тәуелді.
Егер, партия жетекшісінің батылдығы болмаса, білімі аз болса, ұлттың және мемлекеттің болашағын алыстан болжай алмаса - онда "тізімді" партия мүшелерінің сьезге киіп келген киіміне қарап та жасай салу - әбден мүмкін нәрсе ғой!..
Сондықтан, партиялар не себептен халықтың ортасында рейтингі жоғары болған, барлық жағынан Әділетті Қазақстан қойған талаптарға жауап бере алатын бірқатар тұлғаларды "өз тізімдеріне" ендіре алмағандарын жұртқа тәппіштеп түсіндіріп берсе дұрыс болар еді!..
Сонымен бірге, Құрылтайға деп жасаған тізімдегі әрбір тұлғаға қатысты "Ол қандай критерийлер бойынша тізімге алынды?
Партия одан қандай үміт күтеді?" деген сұрақтарға жауап беріп, осы бастан онымен сайлаушыларын таныстыра бастаулары да керек!
Әбдірашит Бәкірұлы
Abai.kz