Сенбі, 8 Тамыз 2026
Жаңалықтар 1114 0 пікір 4 Тамыз, 2026 сағат 17:09

Қара теңізде қазақ мұнайына жол ашылды ма?

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Қазақстан мұнайын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Қара теңіздегі терминалынан экспортқа жөнелту қайта жанданды.

Дрон шабуылы қаупі барына қарамастан, кейінгі күндері терминалда төрт танкерге қазақ мұнайы тиелген, кемінде тағы үш танкер кезекте тұр деп жазды Bloomberg.

КҚК арқылы мұнай жөнелтудің қалпына келуі әлемдік мұнай нарығындағы ұсынысқа байланысты қысымды азайтуы мүмкін деп жазады басылым.

Қалыпты жағдайда консорциум инфрақұрылымы әлемдік нарыққа жеткізілетін мұнайдың шамамен 2 пайызын қамтамасыз етеді. Әйткенмен, Қара теңізде танкерлерге дрон шабуылдары қайталану қаупі сейілген жоқ. Сол себепті бірқатар кеме иелері КҚК терминалына кеме жібермей сақтық танытып отыр.

КҚК ресми Telegram-арнасында қазақстандық мұнайды тиеуді қайта бастағаны туралы ақпарат жариялаған жоқ. Кейінгі бір айда терминалға бет алған бірнеше танкер дрон шабуылына ұшыраған.

Abai.kz

0 пікір