Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 581 0 пікір 23 Тамыз, 2026 сағат 10:19

Қарағанды: Сайлау учаскелері жұмысын бастады...

Сурет: Ермағанбет Бөлекпаевтан алынды.

Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін біз Құрылтайдың — еліміздің бір палаталы парламентінің депутаттарын алғаш рет таңдап жатырмыз.

Біздің Президентіміз атап өткендей, бүгінде біз «Заң және тәртіп», мемлекеттік институттардың тиімділігі, азаматтардың еркіне құрмет және олардың заңды құқықтарын қорғау мызғымас қағидаттарға айналатын мемлекетті құрып жатырмыз.

Бүгінгі таңда біздің әрқайсымыз бұл үдеріске өз үлесімізді қоса аламыз. Ол үшін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасауымыз керек. Бұл күн жастарымыз үшін де маңызды. Сіздер болашақтарыңыз үшін дауыс беріп, азаматтық жауапкершілік таныта аласыздар.

Қарағанды облысында 639 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Олардың төртеуі алғаш рет өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмысын бастады. Екеуі Qarmet- те, қалғандары Балқаштағы Kazakhmys Smelting пен Нұра ауданындағы «Шұбаркөл көмір» - де ашылды. Бұл жұмысшыларға өндірістен шықпай-ақ өздерінің сайлау құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, облыста сайлауға қатысу әрбір тұрғын үшін қолжетімді және ыңғайлы болуы үшін барлық жағдайлар жасалған.

Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1423
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2995
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1069
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1001